Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.5.1.10 мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау
Сабақтың мақсаты
Мемлекетттің аумағы мен шекарасы туралы түсінік беру.
Бағалау критерииі
мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау жасайды
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Сабақты бастамас бұрын топқа бөліп алу
Сыныптағы бала санына қарай бөлу
Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады
Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды
Берілген суреттерді біріктіріп, мәтін құрастырады.
Өткен сабақты пысықтау: Ширату жаттығуы: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырту үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ қоямын. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын айқындаймын.
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
Ортасы
Негізгі ұғымдар:аумақ, шекара, мемлекеттік шекара, халықаралық өзен, халықаралық бұғаздар, аумақтық даулар. Халықаралық құқықтағы территория - нақты бір құқықтық режимдегі кеңістік - жер шарының бөлігі (құрлықтағы, судағы территориялар, жер қойнауы, әуе кеңістігі), ғарыш кеңістігі және аспан денелері.
Территорияның құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заңдармен және халықаралық құқықтың нормаларымен анықталады.
Территориялар құқықтық режиміне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
-мемлекеттік территория;
-аралас режимдегі территория;
-халықаралық режимдегі территория.
Мемлекеттік территорияны мыналар құрайды:
-құрғақтағы территория - белгілі бір мемлекеттің шекарасының шегінде орналасқан барлық құрғақтар мен аралдар;
-сулы территория (құрғақтағы территорияда орналасқан барлық сулар, жағаға тиіп жатқан теңіздер мен мұхит суларының бөлігі);
-әуедегі территория (құрғақтағы және судағы тарриторияның үстіндегі барлық әуе кеңістігі);
-жер қойнауы (құрғақтағы және судағы территорияның астындағы жер бөлігі).
Шартты мемлекеттік территория – мемлекеттік территорияның шегінен тыс жүрген теңіз, әуе кемелері, космос корабльдері, сондай-ақ халықаралық территорияның шегіндегі құбырлар және өзге де құрылыс және құрал-саймандар (бұрғылау қондырғылары, жасанды аралдар).
Мемлекеттік территорияның құқықтық режимі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарымен анықталады; ал халықаралық келісімшарттар ішкі сулардың және территориялық теңіздердің құқықтық мәртебесінің жекелеген аспектілерін қамтиды; мемлекеттік шекараның келісім бойынша өтуін белгілейді, шекаралық режим мәселелерін белгілейді.
Мемлекеттік территорияның шегінде мемлекет өзінің территориялық үстемдігін және ұлттық юрисдикциясын жүзеге асырады. Мемлекетке тиісті территорияны және ондағы пайдалы қазбаларды иеленуге, пайдалануға және қолдануға құқылы.
Қазіргі халықаралық құқық мемлекеттік территорияны күштеп өзгертуге тиым салды. Мемлекет территориясына қол сұғылмайды және әскери жаулап алу және басқа күштеу әрекеттерінің объектісі болып табылмайды.
Ешқандай күш пен күшті қолдану нәтижесінде алынған территориялық иеліктер немесе өзге де пайдалар танылмайды.
Мемлекеттің территориясы мынаның нәтижесінде өзгеруі мүмкін:
- мемлекеттің бөлінуі, бір мемлекет құрамынан территорияның бөлігі бөлініп шыққанда, екі немесе бірнеше мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде;
- ұлт-азаттық күрес және өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырғанда;
- тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік территориямен ауысу;
- агрессия үшін жауапкершілік шараларын қолдану;
- территорияға құқықты беру – цессия (қазіргі кезде қолданылмайды).
Мемлекеттің территориялық үстемдігінің шегі мемлекеттік шекарамен белгілейді.
Мемлекеттік шекара – бұл бір мемлекеттің территориясын 2-ші мемлекеттің территориясынан бөлетін халықаралық келісім шарттардың негізінде мемлекеттермен анықталған сызық.
«Мемлекеттік шекара туралы» 1993 жылы 13 қантардағы ҚР заңының 1 бабында былай делінген: «ҚР мемлекеттік шекарасы территорияның - ҚР құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуе кеңістігіндегі шегін анықтайтын сызық және осы сызықтан өтетін жазықтық».
ҚР мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 022км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша – 1 730км.; РФ – 6 023км.; Қытаймен – 1 718км.; Қырғыстанмен – 1 053км; Өзбекстанмен – 2 153км және Түркіменстанмен – 345км.
Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттік шекараны белгілеу 2 кезеңнен тұрады: делимитация және демаркация.