Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет271/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Шекара күзетін күшейту шаралары
БЖБ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.1.12 Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Сабақтың мақсаты



Мемлекттік шекараны күзету жағдайымен тансу

Бағалау критерииі

Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту жөнінде ұсыныстармен танысады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, көңіл- күй сұрау, түгендеу.
«Пазл» әдісі арқылы 2 топқа бөлу. Оқушылар сандықшадан кезекпен қиынды қағаз бойынша суреттерді құрастыра отырып, топтағы физикалық карталар және оның Қазақстандағы орындарын анықтайды.
«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болатын сұрақтар қойылады.
Қазақстанның географиялық орнын сипатта. — Сағаттық белдеулер дегеніміз не?
Уақыт айрмасы қалай анықталады? —
Меридианы туралы не білесің? —
Сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа тақырып пен оқу мақсатын ашамыз.
Ой толғау: Көрсетілген фото суреттер арқылы ой толғау
(География пәнінің зерттеу нысанын айқындауға жол көрсететін суреттерді көреді, жалпы тақырып жайлы ой қалыптасады)Тақырыпқа ену үшін «Блиц-сұрақ» әдісі » шабуыл әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді: -

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

дидактикалық материалдар.

Интерактивті тақ



Ортасы

Шекара әскерлерінің дай­ын­дығы бұл жұ­мыстың нәти­же­лілігінің ең бас­ты шарты деп айтуға болады. Бүгінгі таң­да біз оңтүстік және оңтүстік-батыс стра­тегиялық бағыттарының жұмысын жетіл­діру, осы бағыт әскерлерінің дайындығын шың­дай түсу тұрғысында кешенді шаралар жүргізудеміз. Соңғы кездегі шекара тәрті­бін бұзу оқиғалары заңсыз миграциямен тығыз байланысты болып отыр. Біз ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағына үшінші елдің азаматтары тарапынан заң­сыз миграцияны болдырмас үшін жыл сайын жасалатын «Нелегал» жедел профилактикалық бірлескен шараларына қатысамыз. Сон­дай-ақ, ТМД аума­ғына Ауған­стан жерінен террорлық топ­тар, қару-жарақ, есірткі заттарының өтуі мен заңсыз миграцияға жол бермеу үшін бірлескен шекаралық арнаулы операцияларға қатысып отырамыз. Мәсе­лен, нақ осы күндері ше­карашыла­рымыз «Көкнәр-2017» профилактикалық ша­ра­ларына қатысуда. 
Шекара құрылымдарының кәсіби дең­гейінің артуына қатты көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен үсті­міздегі жылы олар­дың әс­ке­ри дайындығын арттыру ша­ра­лары белгіленген. Соның ішін­де биыл ше­карашыларымыз ко­ман­далық-штаб­тық 4 әскери ойын­ға, сондай-ақ, штаб­тық жә­не Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бө­лімдерімен бірлес­кен жат­ты­ғу­ларға қатысты. Мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады, ше­­ка­ра­шылардың кәсіби дайын­ды­ғын үнемі жетілдіріп отыруды алдымызға басты міндет етіп қойғанбыз. Барлық құ­ры­­лым­дарымыз бойынша айт­қанда биыл 4600 шекарашы қатыстырылған 240 дайындық шаралары өткізілді. 320 шекарашы білім мен кәсіби шеберлікті жетілдіру курстарынан өтті.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда мем­лекеттік шекараның бар­лық периметрі бо­йынша опе­ративтік жағдай күрделене түсуде. Соған орай шекара күзетінің әс­ке­ри қызметтік дай­ын­дығы да үнемі арт­тырылу үстінде. Жаңа қатерлердің ал­дын алу мақсатымен осы бағыт­та­ғы құ­қықтық құжаттар да жетілдіріліп, шекара қызметінің жетілдіріле түсуіне заң­намалық негіз қаланды. Соның арқасында қосымша штаттық бірліктер ен­гі­зіліп, кадрлармен қамтамасыз ету­дің бірінші кезек­тегі проблема­лары шешілді. Атап айт­қанда, Қытай Халық Рес­публикасымен арадағы шека­раның өткізу бекеттері қай­та құрылды. Оңтүстік және оң­түс­тік-батыс бағытындағы зас­тавалардағы жауынгерлер са­ны талап етілетін деңгейге жет­кізілді. Сондай-ақ, әскери резе­рв­тер деп аталатын қосымша бө­лімшелер құ­рылды. Өткізу бекеттері де қосымша күштермен толықты. Әскери тәртіпті күшей­ту шаралары да үнемі назарда бо­лып, соның арқасында жауын­герлер арасындағы құқық бұзу­шы­лықтар мен түрлі жарақат алу­лар азайды. Әскерді қару-жа­рақпен, техникалармен және із­шіл иттермен қамтамасыз ету арттырылып, материалдық қам­та­масыз етудің басқа да өзекті мәсе­лелері шешілді. Сондай-ақ, тех­никалық бақылау бекеттеріне ста­ционарлық радиолокациялық стан­салар қайтадан орнатылды. Олар бұрынғы ескі емес, бәрі де жаңартылған техника­лар. Көптеген заставаларға ар­найы РЛС құрылғысы, дабыл кешендері мен бақы­лау құ­ралдары бар кешендер орнатыл­ды.
Шетелдік шекара қыз­мет­терімен ын­тымақ­тас­тық мә­селелері қалай ше­ші­луде? 
– Шекара қызметі алдымен Қазақстан Республикасының, сосын ынтымақтастық келі­сім­деріне сәйкес ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ұжым­дық қауіп­сіз­ді­гін қа­мтамасыз ету­ге қызмет етеді ғой. Мі­не, би­ыл мемлекет басшыларының ше­ші­­мімен құрылған ТМД елдері Ше­кара қыз­меті басшылары кеңе­сіне 25 жыл толды. Осы жыл­дар ішінде ынтымақтастық шарт­тары мүлтіксіз орындалып, ше­кара­ларды бірлесе қорғау ша­ралары жоспар бойынша жүр­гізіліп келеді. Шекара әске­р­лері коман­дашыларының кеңесі өзара тәжі­рибе алмасып, ортақ тәуекелдерді бағалау мен оларға қарсы әрекеттерді жоспарлау іс­те­рін жүргізуге тиімді алаң болып отыр. Өзара мүдделерімізді тоғыстыратын те­тік­тер­ді әзірлеу ісі де осы ұйымның көме­гі­мен жү­зеге асырылады. 
Жоғарыда аталған халық­ара­­лық ұйым­дар шеңберін­дегі ын­­тымақтастық шекара қыз­мет­терінің сыртқы қатерлерге қар­сы күш­терін біріктіруге, сон­дай-ақ, шекараларды күзету бо­й­ын­ша халықаралық келі­сім­дерді қабылдауға, өзара жедел ақпа­раттармен алмасуға мүм­кін­дік беріп отыр. Сондай-ақ, әс­кери-техникалық сая­сат пен ше­караға байланыс­ты көптеген мә­селелерді реттеу үшін ұйым­ның әрбір мүше мемлекеттерінде әріп­­­тес­тердің шекара ведом­ство­ларының өкіл­діктерін ашуға жағдай туғызылған. Осы ұйым­дарға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары заңсыз миграцияға, есірткі трафигіне, тауар контрабандасына және т.б. қарсы шекаралық бірлескен операцияларды көптен бері жүргізіп келеді. 


Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/156994-shekarashylar-otan-kuzetinde-shynhdalady
© egemen.kz

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет