Қосымша 1. Бағалау: - Оқушылар терминдерді дұрыс нұсқасына қарап, тексеріп, өздерін бағалайды.
№3 тапсырма. Топтық жұмыс. Диктоглосс әдісі.
Оқушыларға тақырып бойынша оқу үшін қызықты материал, мәтінді диктоглосс әдісі арқылы оқылады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдапболған соң өздері сол мәтінді қайта құрастырады. Бұл жерде сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалімнің оқыған қызықты мәтінінтиянақты тыңдайды. Әр топ өздерінің мәтін бойынша есінде қалған мәліметтер арқылы оқылған мәтіннің түпнұсқасына жақын мәтін құрастырып шығады.
Бағалау: - Оқушылар құрастырған мәтіндерін мәтіннің дұрыс нұсқасы арқылы өзге топтарды тексеріп, бағалайды.
№4 тапсырма. Топтық жұмыс. АКТ пайдалана отырып. Қазақстанның 5 аймағы бойынша экологиялық ахуалын жоспар бойынша зерттеу(Оңтүстік Қазақстан, Солтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан)
Аймақ атауы:
Ауаның ластануы:
Судың ластануы:
Жердің ластануы:
Ластану қауіпі жоғары аймақтары мен қалалары:
Экологиялық мәселені шешуге бағытталған іс-шаралар:
Экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар:
Бағалау: - Оқушылар жоспар бойынша зерттеу жүргізіп, елші әдісі арқылы өзге топтармен пікір алмасып, бірін-бірі бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы.Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде және енжарлық танытқан оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді.
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады