Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік–экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда маңызды көрсеткіштер жиынтығы қолданылады.
Ел экономикасының типі;
Ел экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады.
Жиынтық өнімнің 2 түрі:
Жиынтық ішкі өнім Жиынтық ұлттық өнім (ЖІӨ) (ЖҰӨ) Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзі елдерінде үлкен алшақтық байқалады
Мағынаны тану кезең «Кубизм» әдісі. Оқушылар 6 топқа бірігеді. Әр топ кубикті ортаға тастайды.