«Тоғызқұмалақ» ойыны
•
Жаңа сөздер
құмалақ - сухие овечьи катышки
қолданады - применяют
раскладывают - салады
қатысады - участвуют
ұяшық - ячейка
бірдей сан - парное число
қарсы жақ - противная сторона
Оқулықпен жұмыс
ІІІ деңгей
1. “Ханталапай” мәтінінен 3 етістікті тауып , жіктеп жазыңдар.
2. “Ханталапай” мәтінінен 5 сөйлем теріп жазып, баяндауыштарына сұрақ қойыңдар.
І топ
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.
Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
ІІ топ
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
ІІІ топ
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,
барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар
|
№9
|
№8
|
№7
|
№6
|
№5
|
№4
|
№3
|
№2
|
№1
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
Қостаушы қазаны (0)
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
Бастаушы қазаны (0)
|
отаулар
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
№7
|
№8
|
№9
|
|
Саақты бекіту
Оқушылар жаңа тақырып бойынша алған жаңа мәліметтері жайлы қорытынды шығарады.
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |