«Тоғызқұмалақ » ойыны
Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ » ойыны
Мақсаты:
білімділік – ұлттық ойындар тақырыбына байланысты мағлұмат беру. Етістік ,оның түрлерін қайталау.
дамытушылық –оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін,ой-өрістерін дамыту, өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру .
тәрбиелілік – ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру, елін сүюге баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың жабдығы:
слайдтар арқылы, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дене тәрбиесі
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ережесі
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
2. Үй тапсырмасы
Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы әңгімелеу
“Сөз таптары” атты тайпалы ел болыпты. Ол тайпа өсіп - өнген іргелі үлкен ел екен. Ынтымақты, бірлігі мықты болған екен. Ел тоғыз патшалыққа бөлініпті. Соның бірі – Етістік. Ол елді Етістік атты хан басқарыпты. Ол ханның сегіз ұлы болыпты. Олар: Болымды, Болымсыз, Салт, Сабақты, Етіс, Есімше, Көсемше, Тұйық.
Ұлттық ойындар
Қазақ халқының тұрмысы,салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды.Олар ойынға мал сүйегін,қой құмалағын пайдаланды.
Мысалы,мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ».
Жаңа сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |