sub(лат. «асты»)
|
hypo(грек. «асты»)
|
sub-lingualis-тіл асты
|
hypo-glossus glossa(грекше glossa-тіл)
|
sub-cutaneus-тері асты
|
hypo-dermicus(грекше derma-тері)
|
Осылайша, бір түбірден приставкалар мен жұрнақтар арқылы әр түрлі сөздер пайда болады. Сондықтан приставкалар мен жұрнақтар сөз тудырушы бөліктер болып табылады.
Сөзде негіз бен жалғау болады.
Әрбір өзгеретін сөзде жалғау болады. Жалғау сөздің өзгеретін бөлігі. Ол сөйлемде сөздерді байланыстыру үшін қызмет етеді.Жалғау-сөз өзгеретін бөлік: бір жалғау екіншісімен ауысса тек, сан, септік, жақтардың грамматикалық мәні өзгереді.Сонымен, латын зат есімдерінің және сын есімдерінің септелуі септік жалғаулардың өзгеруімен жасалады.
Мысалы:
Fossa profunda-терең шұңқыр(атау септік жекеше түрі фемининум тегі)
Fossae profundае-терең шұңқырлар(атау септік көпше түрі)
Nodus profundus-терең түйін(атау септік жекеше түрі маскулинум тегі)
Nodi profundi-терең түйіндер(атау септік көпше түрі)
Сөздің жалғауын алып тастағаннан кейінгі барлық қалған өзгермейтін бөлікті негіз дейді.Негізге түбір, приставка және жұрнақ кіреді.
Мысалы:cost-a, cost-ae (cost-негізі)
Muscul-us,muscul-I( muscul-негізі)
Intervertebral-is( intervertebral-негізі, is-жалғауы)
Сөздер екі түрге бөлінеді.
1.туынды
2.негізгі
Егер сөз дара, бір түбірлі және басқа түбірлерден пайда болмай бір түбірден ғана жасалса, ол негізгі сөз болады.
Мысалы:vertebra-омыртқа, costa-қабырға, musculus- бұлшық ет,os-сүйек.
Егер сөз басқадан жасалынса,оны туынды деп атайды.
Мысалы:costalis-қабырғалы
Intercostalis-қабырға арасында
Muscularis-бұлшық етті
Intramuscularis-бұлшық ет ішінде
Туынды сөздер арасында приставкалар мен жұрнақтар арқылы жасалған сөздерден басқа 2 немесе бірнеше негіз қосу арқылы жасалынған көптеген сөздер болады. Бұлар күрделі сөздер. Сөз құрамын кіретін құрауыштардың мағынасынан барлық туынды күрделі сөздің жалпы мағынасын шығаруға болады.
Мысалы:
hyperglycaemia: hyper+glyc +aemia- қан құрамындағы қанттың көбеюі
gastritis: gastr +it is- асқазанның қабынуы
endocardium- endo+card(ium)-жүректің ішкі қабаты
Көптеген медициналық және фармацефтикалық терминдерді жасайтын приставкалар, жұрнақтар, түбірлер грек және латын тілдерінен шығуы мүмкін. Латын мен грек тілдерінде бір мағындағы приставкалар мен түбірлер жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |