Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданған
САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКАЯ КАРТА ЗАНЯТИЯ
с применением дистанционных образовательных технологий.
Сабақты өткізу күні /Дата проведения занятия: 31.03.2020 ж.
Оқытушының ТАӘ/ФИО преподавателя: Хабдина Н.Е.
Пәні / Дисциплина: Әлеуметтану және саясаттану негіздері
Топ/Группа: МК-31
Сабақтың № занятия (КТЖ бойынша / по КТП) : _15__
Сабақтың тақырыбы/Тема занятия: Әлеуметтану пәні және оқыту объектісі
Сабақтың мақсаты / Цель урока: Білім алушыларға әлеуметтану ғылымы туралы және оның объектісі туралы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін қеңейту.
Міндеттері /Задачи:
1. Әлеуметтану, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым ұғымдарын түсіне білу;
2. Терминдермен жұмыс жасап, оларды түсіндіруде нақты мысалдар келтіру;
3. Жалпылама сқрақтарға жауап беруді, тест сұрақтарымен жұмыс жасай білуді игеру;
Үй тапсырмасын тексеру /Проверка домашнего задания:
Терминмен жұмыс:
1. Халықаралық келісім -
2. Сыртқы саясат –
3. Интеграция -
4. Толеранттылық -
5. Конвенция -
6. Терроризм -
Жаңа тақырыпты түсіндіру /Объяснение новой темы:
«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857).
Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. Соның ішіндегі негізгілері:
1. Теориялық-танымдық қызметі.
2. Практикалық қызметі.
3. Идеологиялық қызметі.
Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жөніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады. Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.
Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір әлеуметтік-таптық қауымдастықтың құрамында, яғни, көбінесе қандай да болмасын бір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.
3. Тапсырма №1. Тест сұрақтарына жауап беру:
1. «Societas» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) адам
B) дүние
C) қоғам
D) жүйе
E) жеке адам
2. Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық:
А) әлеуметтік
B) саяси
C) тарихи
D) субъективтік
E) виртуальдық
3. Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді:
А) саясаттану
B) философия
C) мәдениеттану
D) тарих
E) химия
4. Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді?
А) Конт
B) Спенсер
C) Вебер
D) Маркс
E) Дюркгейм
5. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы әлеуметтік институттарға қатысты емес?
А) мемлекет
B) құқық
C) ғылым
D) отбасы
E) интернет
6. Әлеуметтанудың қай түрі әлеуметтік мәселелерді практикалық іс жүзінде шешуге бағытталады? А) теориялық
B) абстрактылық
C) қолданбалы
D) діндік
E) иллюзиялық бейне
7. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?
А) Дж.Мид
В) О.Конт
С) Г.Спенсер
D) Платон, Аристотель
Е) Т.Парсонс
8. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім?
А) Г.Спенсер
В) О.Конт
С) К.Маркс
D) В.Паерето
Е) Г.Зиммель
Достарыңызбен бөлісу: |