Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: Музыка. Қазақтың киелі домбырасы. І.Жансүгіров «Күйші» поэмасы(үзінді)
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 7 Т2 (көкжиек баспасы)
|
Қатысушы
лар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Мұғалім: Асубаева Г.М 41 орта мектеп
|
3-тоқсан, 5-апта, 23-сабақ
|
Сабақтың тықырыбы: Қазақтың киелі домбырасы ( 2-сабақ)
|
|
Оқу мақсаты: 7.3.4.1 – мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.
|
|
Сабақ мақсаты: «Қазақтың киелі домбырасы» мәтінінің негізгі идеясын анықтап, көркемдегіш құралдарды табады.
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Айтылым.Жаңа сөздермен жұмыс.
1.Жұмбақты тыңдап, шешуін тауып көрейік
2.Домбыра аспабы туралы не білесіңдер?
|
Оқушылар тыңдайды,дәп
терлеріне жазады.
Жұмбақтың шешуін табады.Домбыра туралы өз түсініктерін айтады
|
Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды.
|
Слайд
Сурет
тер
|
Сабақтың
ортасы
|
Тыңдалым. Домбыра – бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі, құлағы, тиегі, шанағы болады. Аспап қоңыр үнді, құлаққа жағымды әрі жұмсақ. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау – әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ой – өрісі жоғарылап білімге, еңбек етуге деген құштарлығы арта түседі.
Домбыра – қазақтың болмысы, жан серігі. Елдің – асыл мұрасы, өткен ғасырдың куәсі. Осынау киелі аспап мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін, қайталанбас құндылығын ашқандай.
Жазылым.
1-тапсырма.Сөздерді сәйкестендіріп,сөйлем құрап жазу.
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз
Біздің ұлттық аспабымыз - ...
... – көңілдің ажары
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ - ...
Әнге әуес, ... құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
... сұлулығы – оның жеңілдігі мен табиғилығында.
Қазақтың киелі аспабы - ...
... атасы – Қорқыт.
3-тапсырма.
І. Жансүгіров «Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқып, көркемдегіш құралдарды тап
|
Домбыры туралы пікірлерін айтады,мәтін идеясын анықтайды
Сөздерді сәйкестендіреді, сөйлем құрап жазат.
Көркемдегіш сөздерді тауып,жазып алады.
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Есте сақта!
1 шілде – Ұлттық домбыра күні.
Қосымша тапсырма:
Ақпарат көздерінен «домбыра» туралы деректер жинап, өз ойыңды айтып көр.
|
Ақпарат көздерінен «домбыра» туралы деректер жинап, өз ойларын айтады.
Берілген мәтіннің мазмұнын түсіндім.
Мәтіннің идеясын анықтай алдым.
Көркемдегіш құралдарды таба алдым
|
.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |