Сабақтың типі: Жаңа білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру


Математикалық іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі29,5 Kb.
#14899
түріСабақ
1   2   3   4
1.3. Математикалық іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер.

Математикалық іскерлігін қалыптастыру математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру, есептердің қайсыбір топтарына амалдар қолдану, шығарған есептердің көмегімен игерген әдіс-тәсілерге практикалық маңыз беру іскерліктері шыңдала түседі.



Сондықтан есеп шығаруда оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге принципін сақтай отырып, оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін сарқа пайдаланып, жаңа тақырыпқа байланысте есептердің жан-жақты түсіндірмесін беріп, тақтаға толық жазып шығарған дұрыс. Бұл іскерлікті тиянақты қалыптастыруға көмектеседі. Мәселен,



өрнегін ықшамдау үшін ең алдымен орындалатын амалдарды нөмірлеп немесе ықшамдау жоспарын жасаған дұрыс. Амалдарды нөмірлейік:

Мәселе есептерді шығару іскерлігін қалыптастыру едәуір қиындық туғызады. Себебі, оның құрамына есепті талдау, есептің моделін құру, теңдеу құру және т.б. амалдарды орындау іскерлігі енеді. Іскерлікті шыңдау үшін мынадай тапсырмаларды орындау керек.

1) Есепті талқылаңдар (нөмірі беріледі). Оның шарты мен қорытындысын айырыңдар.

2) Есептің қысқаша моделін жазыңдар.

3) Есептің моделі бойынша оның математикалық моделін (теңдеуін) құрыңдар және т.с.с.

Мұнда ескеретін жай, бір уақытта әр түрлі іскерлікті қалыптастыру қиын. Сондықтан бір іскерлікті толық шыңдар болғаннан кейін, басқасын көшу дұрыс.

Алгебра элементтері бар геометриялық есептерді келтірейік.

1-есеп. Радиусы -ке тең сфераға көлемі 8-ге тең параллелепипед іштей сызылған. Паралелипипедтің толық бетін табыңыз (23-сурет).

Шешуі: Паралелепипедтің жақтары іштей сызылған параллелограмм болғандықтан, олар тек тіктөртбұрыш болады. Яғни параллелепипед тік бұрышты болғаны. Сырттай сызылған сфераның центрі параллелепипедтің центрімен беттеседі және оның диаметрі параллелепипедтің бас диагоналына тең. Онда сандарының арифметикалық және геометриялық ортасының қасиетін пайдаланғанда:



Теңдік а=b=c болғанда ғана орындалады. Яғни, a = b = c = 4.

S = 6 = 24.

Жауабы: 24.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет