«Арнайы білім пәндер»
бірлестік жетекшісі
________Қаражігіт Л.А.
«16»қыркүйек 2024ж.
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №2
Тыныс алу жүйесін физикалық тексеру әдістері. Тыныс алу жүйесі патологиясы бар науқастарды лабораторлы диагностикалық зерттеу маңызы. (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы:Ішкі аурулар негіздері
Педагог:Келжанова Ә.Қ
Күні:"16" қыркүйек 2024жыл
1)Жалпы мәліметтер
Курс:3курс,топтар:ЛБ-9-22
Сабақтың түрі: теориялық сабақ Сабақ мақсаты, міндеттері: Тыныс алу жүйесіне қатысатын ағзаларға жалпы шолу.Тыныс алу жүйесімен сырқаттанған науқастан анамнез жинау мен физикалық зерттеу ерекшеліктері.Обьективті тексергенде науқаста болатын өзгерістерді анықтау.Жалпы қан анализі,қақырық анализін талдау және қорытындыны интерпритациялау.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер жалпы қан анализі мен қақырық анализін талдап біледі..Аталған зерттеу әдістерін орындау техникасы мен локализациясын,физиологиялық жағдай мен өкпе ауруларындағы патологиялық өзгерістерді ажырата біледі.
Қажетті ресурстар:оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар
Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең: 5 мин Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин Жаңа тақырыпты бекіту: 35 мин Үй тапсырмасы: 5 мин Сабақ оқу/қорытындысын жасау 5 мин
Сабақ мақсаттары
Тыныс алу жүйесіне қатысатын ағзаларға жалпы шолу.Тыныс алу жүйесімен сырқаттанған науқастан анамнез жинау мен физикалық зерттеу ерекшеліктері.Обьективті тексергенде науқаста болатын өзгерістерді анықтау.Жалпы қан анализі,қақырық анализін талдау және қорытындыны интерпритациялау.