Сабақтың түрі: Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» шығармасына талдау (конференция сабақ) Сыныптар: 7 сынып Мақсаты



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі18,19 Kb.
#82600
түріСабақ
1   2   3
V. Танымдық ақпараттық кезең.(Барлық қатысушылармен қонақтар өз ойларын ортаға салады. Мектеп кітапханашысы балаларға өз ойымен бөліседі. )
Оқушылардың қорытынды сұхбаты.

  1. «Оқуға құштар ұлт» атты кітап оқу бойынша қандай мәселелер бар?

  2. Қазіргі уақытта оқырмандар туралы пікірің?

  3. Өзің әдеби кітап оқуға құштарсың ба?

  4. Әдеби кітап оқудың қандай тәрбиелік мәні бар?

VІ. Бекіту: Неге қол жеткіздім?
Әр оқушы конференция сабағы туралы өз ойларын, пікірлерін қысқаша айтып,сабақты бекітеді. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша оқушылардың тілдік қорын молайтуға; көркем шығарманың негізгі идеясын тану арқылы өз халқының тарихы мен тағдырын таныта алуға, әдеби кітап оқып құштар болуға, сол мүмкіндіктерін мол пайдалана алуға; ынтымақтастық жұмыс тұрғысынан оқуға қол жеткіздім дегендей өз ойларын білдіреді.

VІI. Рефлексиялық - бағалау кезеңі (пікір)
Оқушы өзі шығармашылығын қорғауына байланысты және белсене қатысқан тұлғаны бағалау, мадақтау болады. Қатысқан оқушылар әртүрлі номинациямен марапатталады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін стикерлер таратылады.
( Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу, ілу.)
Әр бала бір күн шапағын алады да өз тілегін білдіріп, тақтаға барып іледі, ең соңында күннің суреті шығады.
Қорытынды:
Мұғалім: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің көп.Осы сабақтан кейін әдеби кітап оқуға, әсіресе өз халқымыздың ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қызығушылықтарың артты.Кітап оқу- адамзаттың баға жетпес құндылығымен білімнің ең биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы екенін естен шығармайық.Отанымызды сүйе отырып, адал азамат болу үшін, халқымыздың ұлы тұлғаларының шығармаларын оқуға құштар болайық.
Ал құрметті қонақтар осымен конференция сабағымыз аяқталды.Аспанымызды бұлт торламай, күн жарқырап шығып тұрсын. Болашақтың кілті білімде, әсіресе әдеби кітап оқуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет