Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.ІІІ. Бақылау жұмысы І нұсқау Есепті шығар.
Бірінші дүкенге 24 қап картоп, екінші дүкенге 28 қап картоп әкелінд. Екінші дүкенге бірінші дүкенге қарағанда 160 кг артық картоп әкелінді. Әр дүкенге қанша килограмм картоп әкелінді?
Есепте.