Қосымша есептер
Заттың құрамы мына төмендегі массалық үлес қатынасымен берілсе:
ω(Na) : ω(S): ω(O): ω(H2O)= 0,1430:0,0994:0,1987:0,5590 заттың молекулалық формуласын табыңдар.
Берілгені: 1- әдіс. x:y = 9/27: 8/16= 0,33:0,5;
m(Al) : m(О) = 9:8 x:y = 0,33/0,33:0,5/0,33 = 1: 1,5 = 2:3
Табу керек: AlxOy - ? Жауабы: Al2O3
2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?
Шешуі:
m (Fе,Zn) = 2,33 г
V(Н2) = 896 мл Қоспадағы m (Fе) ) = х г деп, ал m (Zn) = 2,33-х г
деп белгілейміз.
m (Fе,) -? m (Zn) -?
М(Fе) = 56 г/моль х V1 М(Zn) = 65 г/моль Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2
Vm = 22,4 л/моль 56 г 22,4 л
Пропорция құрып сутегінің көлемін анықтаймыз.
х ׃56 = V ׃ 22,4 ; V1 = 22,4·х /56 = 0,4х
Мырышпен қышқылдың арасындағы жүретін реакция теңдеуін жазып пропорция құрамыз:
22,3 г - х V2
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
65 г 22,4 л
2,33 г - х / 65 = V2 / 22,4 ; V2 =( 2,33 г – х) · 22,4 / 65
Бір белгісіз арқылы алгебралық теңдеуді құрып, оны шешеміз:
0,4 х + ( 2,33 – х) · 0,345 = 0,896
0,4 х + 0,804 – 0,345 х = 0,896
0,055 х = 0,092 ; х = 1,68
m (Zn) = 2,33 − 1,68 = 0,65 г
Жауабы: Қоспада 1,68 г Fе және 0,65 г Zn бар.
20 г МgО құрамында 94,5г НNО3 бар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады.
0,5моль 0,5моль
m( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О
m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль
m(Mg(NO3)2) -? ν ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль
ν (НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5моль
М( MgO)=40г/моль ν ( MgO)=0,5моль=ν (Mg(NO3)2) = 0,5моль
М(НNО3 )=63г/моль Осыдан:
М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = ν · М = 0,5моль·148 г/моль =74г
Жауабы: m(Mg(NO3)2) =74г
Кальций сульфатының 8,6 г кристалгидратын толық сусыздандырғанда 6,8г кальций сульфаты алынды. Кристалгидраттың формуласын есептендер.
Шешуі:
CaSO4 – тің 1 моліне сай келетін судың моль санын табу керек. Судың белгісіз моль санын n деп белгілеп, кристалгидраттың сусыздану теңдеуін жазамыз:
CaSO4 * nH2O → CaSO4 + nH2O
Берілген судың массасын табамыз:
m(H2O) = m(CaSO4 * nH2O) – m(CaSO4) = 8,6г – 6,8г = 1,8 г.
Заттардың мольдік қатынастарын табамыз:
M(CaSO4) = 136г/моль; М(H2O) =18г/моль;
ν(CaSO4): ν(H2O) = 6,8г/136г/моль : 1,8г/моль/18г/моль = 1:2
Жауабы: Кристалгидраттың формуласы: CaSO4 * 2H2O
Тест сұрақтары:
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы..?
Жемірілу
Жемірілуден қорғау
Металлургия
Металдық жылтыр
Жемірілуге төзімді металдарды ата..?
Mg, Zn, Al, Cr, Ni
Li, Na, K, Rb, Cs, Fr
Mg, Ca, Sr
Cu, Ag, Au, Pt
Химиялық жемірілу дегеніміз не?
Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.
Электролит ерітінділердің болуы
Бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүреді
Электролит ортада жүреді
Электрохимиялық жемірілудің жүруінің басты себебі..?
Электролит ерітінділердің болуы
Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.
Тотығу – тотықсыздану процесі
бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді
Металдардың жемірілуі жүретін жерлер..?
Оттегі және сулы атмосфера
Құрғақ жер
Қатты ортада
Топырықта
Жемірілудің түрлерін ата..?
Химиялық, электрохимиялық
Биохимиялық, электрохимиялық
Химиялық, биохимиялық
Химиялық, газдық
Тат дегеніміз..?
Құрамы тұрақсыз өзгеріп отыратын зат
Құрамы тұрақты өзгеріп отыратын зат
Құрамы тұрақты өзгермейтін зат
Құрамы тұрақсыз өзгермейтін зат
Электрохимиялық процесс..?
Электролит ортада электр тогы пайда болуы арқылы жүреді.
Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.
Тотығу – тотықсыздану процесі
бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді
Жемірілуден қорғану жолы..?
Қорғаныш қабаттармен қаптау
Сұйықтықтармен әрекеттестіру
Қышқыл, сілті ерітінділермен жанасуы
Қозғалтқыштың бөлшектерімен әрекеттесу
Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдарды қалай атайды..?
Бекзат металдар
Белсенді металдар
Белсенділігі орташа металдар
Сілтілік металдар
Достарыңызбен бөлісу: |