Сабақтың түрі: Практикалық сабақ. Мақсаты міндеттері



бет4/4
Дата15.11.2022
өлшемі26,31 Kb.
#50382
түріСабақ
1   2   3   4
Қажетті ресурстар: . В. КИСЕЛЕВ И. Л. КИСЕЛЕВ «ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ» кітабы. Дербес компьютер, PowerPoint-та дайындалған презентация-слайдтар.
Сабақтың өту барысы:
1.Сабақтың басы(5-7 минут)
2. Сабақтың ортасы( 15-20 минут)
3. Сабақтың соңы (5-7 минут)
4.Сабақты бекіту (5 минут)
5. Қорытындылау (3 минут)
6.Бағалау. (2 минут)
7.Үйге тапсырма беру. (1минут)
I. Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«Тілек»  әдісі. Студенттер шеңбер бойымен тұрып бір – біріне өз тілектерін білдіреді. 
Мақсаты: тыңдау дағдыларын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру.
 Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап дәріс бойынша.
ІІ. Сабақтың ортасы
IPX/SPX стегі IPX/SPX стегі, 80-жылдардың басында Novell фирмасы өзінің Net Were операциялық жүйесіне арнап шығарған оригиналды стегі болып табылады. Стекке ат берген Internetwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда аз таралған Xerox фирмасының XNS хаттамасының тікелей адаптациясыболып табылады. Орнатылым саны бойынша IPX7SPX алда келе жатыр, және ол OC Net Were –нің орнатылым бойынша әлемдік масштапта 65% үлеспен алдыңғы орын алып келе жатқанына шартталған. Novell фирмасының хаттамалар әулиеті және олардың ISO/OSI сәйкес моделі 2.10- суретте көрсетілген. Novell желісінің физикалық және арналық деңгейлерінде, осы деңгейдің әйгілі хаттамалары (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары) қолданылады. Сурет 2.10- IPX/SPX хаттамаларының стегі. Novell стегінің желілік деңгейінде IPX хаттамасыжұмыс істейді, сонымен қатар RIP және NLSP(OSPF жәнеTCP/IP хаттамаларының аналогы) маршрутты ақпаратпен алмасу хаттамасы. IPX хаттамасы Novell желісіндегі пакеттерді, маршруттау және адрестеу сұрақтарымен айналысады. IPX маршрутты шешімі, оның басындағы адресті өрістерге негізделеді, сонымен қатар маршрутты ақпаратпен алмасу хаттамасынан түсетін, ақпараттарға негізделеді. Мысалы IPX, тағайындалған компьютерлерге немесе келесі маршрутизаторларға бағытталған, RIP немесе NLSP (Net Were Link State Protocol) хаттамаларымен жеткізілетін ақпараттарды қолданады. IPX хаттамасы хабарламалармен алмасудың дейтграммды әдісін қолданады, соның әсерінен есептеуіш ресурстарды үнемді қолданады. Сонымен, IPX хаттамасының адрес тапсырмасының үш функциясы орындалады, олар маршрутты орнату және дейтаграммалар жіберу. Novell стектерінде OSI моделінің көліктік деңгейіне байланысты, орнатылуы бар хабарламаларды тасымалдау жүзеге асырылады. Жоғарғы қолданбалы, көрсеткіштік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. NCP хаттамасы, Net Were серверлерінің жұмыс орталарының сыртымен өзара байлнысы болып табылады. Қолданбалы деңгейдің хаттамасы, OSI үлгісінің жоғарғы деңгейінің клиент-сервер архитектурасын жүзеге асырады. Осы хаттамалардың функциясының көмегімен жұмысшы станция серверге қосылуды іске асырады, дисководтың локальді әріптерін (сервер хаттамаларында) көрсетеді, сонымен қатар сервердің файлдық жүйесін қарастырады, жойылған файлдарды көшіреді, атрибуттарды ауыстырады және т.с.с., сонымен қатар сервер-принтерде жойылған баспаны жүзеге асырады. NCP хаттамасы Novell желісінің ерекше хаттамасы болып табылады., және басқа желілер қолданылмайды. SAP (Service Advertising Protocol)- сервер туралы жариялау хаттамасы – концептуалды жағынан RIP хаттамасына сәйкес келеді. RIP хаттамасы маршрутизаторларға маршрутты ақпараттармен алмасуға мүмкіндік бергеніне орай, SAP хаттамасы, желілік қондырғыларға желілік қызметтерде бар ақпараттармен алмасуға мүмкіндік береді. Серверлер және маршрутизаторлар SAP-ті, өздерінің қызмет көрсетуі мен желілік адрестерін жариялау үшін қолданылады. SAP желілілік қондырылғыларға дәл сол кезде желідеге қызметтер туралы мәліметтерді әрдайым өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Орындалуға жіберілген кезде серверлер SAP-ті қалған желілерде өзінің қызметі туралы жариялауға қолданды. Сервер жұмысы аяқталғаннан кейін, желіге өзінің жұмысы тоқтатылғаны туралы ақпарат береді. Novell желісіндегі Net Ware 3.X желілері, әр-бір минутта кең ескертетін SAP пакетін тасымалдайды. SAP пакеті айтарлықтай дәрежеде желіні ластайды, сондықтан ауқымды байланысқа кіретін маршрутизатарлардың негізгі тапсырмалары, SAP және RIPпакеттерінің трафиктерін фильтрлеу болып табылады.
Стек Net BIOS/SMB Microsoft және IBM фирмасы дербес компьютерге арналған желілік құралдармен жұмыс істейді, сондықтан NetBIOS/SMB протоколының стегі, олаардың бірлескен балалары болып табылады. Net BIOS құралы 1984 жылы, қолданбалы деңгейде SMB(Server Message Block) хаттамасының желілік қызметін жүзеге асыру үшін қолданған, IBM фирмасының PC Network желілік бағдарламасының IBM PC (BIOS) енгізу-шығару базалық жүйесінің стандартты функциясының кеңейтілімі ретінде пайда болды (2.11 сурет). NetBIOS хаттамасы ашық жүйенің өзара әрекеттесу үлгісінің үш деңгейінде жұмыс істейді, олар: желілік, транспорттық және сеанстық. NetBIOS, IPX және SPX хаттамаларына қарағанда, жоғарғы деңгейлі қызметті қамтамасыз ете алады, бірақ маршрутталуға қабілеті жоқ.Соның әсерінен NetBIOS желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS желілік, транспорттық және арналық деңгейге жатқызуға болатын көптеген пайдалы желілік функцияларға ие, бірақ оның көмегімен пакеттерді маршруттау мүмкін емес. Өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамаларында, желі деген ұғым енгізілмейді. Ол, под желілерге бөлінбеген, жергілікті желілерде NetBIOS хаттамасын қолдануды шектейді, және оны құрама желілерде қолдануды мүмкін емес етеді. NetBIOS дейтаграммды алмасуды және сол сияқты қосылуды орнату алмасуын қолдайды
SNA стегі. SNA (Systems Network Architecture) – бұл модель IBM мейнфреймдерінің базасында құрылған IBM желілері үшін жасалған және желінің барлық элементтері: компьютерлер, терминалдар, концетратерлармен, жүйелік және қосалқы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттерді стандарттайды. SNA протоколдары желілік протоколдарға арналған негізгі заманауи талаптарды қанағаттандырады, олар:маршрутизация қорларының болуы, қызмет көрсетудің түрлі деңгейлері, берілген мәліметтердің типінен тәуелсіздігі, басқа желілік архитектуралармен әрекеттесу мүмкіндігі жергілікті желілермен мейнфрейм желілерін біріктіру. Корпаративті желілер санының күрт көтерілуі желілерге қатысты сұрақтарды ең басты орынға қойып отырған соң, SNA стегі жақын арада кең тарайды. Бұл модель OSІ моделіне ұқсайды: олда аттас жеті бөлімнен тұрады: 1. Физикалық (Physcal layer) деңгей – физикалық қосылуды қамтамасыз етеді. 2. Мәліметтер басқару деңгейі (Data Link Control) мәліметтерді түйіндер арасында тасымалдайды. Бұл деңгейде мәліметтерді тасымалдау үшін SDLC протоколы қолданылады, бұл NDLC протоколының көптікасты болып табылатын OSI протокол стегінің мәліметтерді синхронды тасымалдау протоколы. (OSI моделінің орналасу деңгейіне сәйкес) 3. Маршрутты басқару (Path control) – мәлімет пакеттерін берілген қормен түйін арасында маршрутизациалайды. (OSI моделі желінің деңгейіне сәйкес) Бұл протоколдарда маршрутизацияның дейтграманың принципі қолданылады. Бағыт берудің екі әдісі қолданылады: виртуалды және белгілі. Белгілі бағытта әр түйінде осы бағыттардың суреттеуінен құрылатын кестесі құрылады. Виртуалды жол (логикалық байланыс) белгілі жолдың үстіндегі қосымша құрылымы болып табылады және жұпты көрсетеді – белгілі бағыт және тасымалдау приоритеті (ол қызмет көрсетудің сапасын анықтайды). Әр түрлі виртуалды жолдарға тек бір ғана белгілі бағыт сәйкес келеді. 4. Тасымалдауды басқару (Тransmission Control) – мәліметтермен алмасу жылдамдаған сәйкестендіреді (ОSI моделінің транспорттық деңгейіне сәйкес). 5. Мәліметтер ағынын басқару (Data Flow Control) мәлімет алмасуды синхронизациялайды (ОSI моделінің транспорттық деңгейіне сәйкес). 6. Көрсетілім қызметі (Presentation Services) мәліметтерді жояды (ОSI моделінің көрсетілім деңгейіне сәйкес). 7. Транзакция қызметі (Transaction Services) – құжат алмасуды және үлестірілген мәліметтер базасына қолжетімділікті басқару (ОSI моделінің сессиясының деңгейіне сәйкес). SNA желісінде өзара әрекеттесу логикалық құрылғылар арасында болады (Logical Unit). Логикалық құрылғылар соңғы қолданушыларды немесе қосымша бағдарламаларды көрсете алады бұл жағдайда олар IBM 3270 терминалымен көрсетіледі. Соңғы қолданушылар арасындағы байланыс LU - LU сеансы деп аталатын сәйкес логикалық құрылғыларға сәйкес арасындағы логикалық байланыс арқылы жүзеге асады
DECnet стегі.
Digital Equipment корпорациясы барлық физикалықтан қолданбалыға дейінгі қызмет көрсету деңгейлеріне өзіне қосатын өзіндік DECnet протоколдар стегін ұсынады. DECnet протоколдар стегінің бес фазасы (Phases) немесе нұсқаулары бар. Корпоративті желілердің кеңінен қолданылатыны Phase IV және Phase V. DECnet Phase IV стегі OSI модeлінің стандартына сәйкес келмейтін, өзіндік көп деңгейлі жолын қолданумен 1982 жылы Digital Equipment корпорациясымен жасалынып шығарылған. Төменгі деңгейде қолданылатын Ethernet типті протоколдарды ұсынып бұл стег негізінен, фирмалық жеке протоколдардан тұратын және тек VAX компьютерлерінде қолдануға бағытталған болатын. 1987 жылы Digital корпорациясы Phase V стегін Advantage Networks деп атады(стегтің алғашқы өнімі тек 1991 жылы шықты). Оны жариялағанда қолданушыларға көп протоколды желілерді құруға және оларды басқаруға көмекке ұмтылу ерекшеленген. Бұл стег ерекшелігі Phase IV жүзеге асқан жеке DECnet стегімен бірге, TCP/IP және OSI протокол стегтерін бір уақытта қолдануға мүмкіндік береді.
III.Сабақтың соңы.
Дәріс бойынша сұрақтар қарастыру
Бағалау.
1.Белсенділік танытқаны үшін
2.Маңызды пікір айтқаны үшін
3.Сұраққа жауап бергені үшін сұрақ қою арқылы және топтық жұмыс, жеке жұмыс нәтижесін қалыптастырушы бағалау.
Үйге тапсырма беру. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет