1.Ғалымдар: Күміс- Николай Коперник – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисі.
Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия,философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді.
Диана - Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды.
Раушан- Галилео Галилей — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.
Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады.
Қызғалдақ - Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.
Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
Жанаргүл - Циолковский Константин Эдуардович — осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.
Айнамгөз - Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа,космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.
Айгерім - Королев Сергей Павлович – практикалық космонавтиканың негізін қалаушы, орыс ғалымы, конструктор, КСРО Ғылым Академиясының академигі (1958), 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1956, 1961). Одессадағы кәсіптік-құрылыс мектебін (1924).
Гүлназ -Мәскеу жоғары техникалық училищесін (1930) бітірген. 1927 жылдан планерде ұшумен айналысты, 1930 – 31 ж. КСРО орталық аэрогидродинамика институтында қызмет істеді. 1932 – 33 ж. Реактивтік қозғалысты зерттеу тобын басқарды. Оның басшылығымен түрлі ракеталар (оның ішінде дүние жүзіндегі тұңғыш континентаралық баллистикалық ракета), ұшқыш басқаратын ғарыштық кемелер (“Восток”, “Восход”), дүние жүзіндегі тұңғыш Жердің жасанды серіктері ұшырылды. Королев көптеген ғалымдар мен инженерлерді тәрбиелеп шығарды. Қазақстанда бірнеше рет болып, өзі жасаған ғарыш кемелерінің ұшу процесін бақылады.
Мұғалім сөзі: Ең алғаш ғарышқа үшқан кім деп ойлайсыңдар? (Лайка) -Дұрыс ең алғаш ғарышқа ұшқан үй жануары ит. Ол 1957 жылы 3 қарашада 06:30 мин біздің жеріміздегі Байқоңыр айлағынан «Спутник-2» кораблімен ұшқан. Сол кезде оған тек 2 жас шамасында болған. Лайканың қайтып жерге оралуы мүлде қаралмаған, бірақта әркім қайтып келуін күткен. Лайка старттан 5-7 сағаттан кейін стресс және температураның жоғарылауынан қайтып кеткен. Дайындаушылар бір жұма өмір сүреді деп есептеген. Москвада Әскери – медициналық институттың ауласында Лайканың құрметіне еркерткіш қойылған. - келесі ғарышкерлер туралы мағлұмат тыңдайық