Тақырыбы: Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Күн жүйесіндегі планеталар туралы алған білімдерін саралап, біліктілігін арттыру. Өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Бірге жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру
Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлілігін дамыту, қорытынды жасай алуға қалыптастыру. Есте сақтау, елестету дағдыларын жетілдіру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, топтың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылардың 3 топқа бөліп, үй жұмысын ия – жоқ жауаптары арқылы тексеру)
І. Ғалымдар тобына сұрақтар 1. Күн жүйесіндегі планеталар 2 топқа бөлінеді ме? (ия)
2. Күнге өте жақын орналасқан планета Меркурий ме? (ия)
3. Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы -4000С па? (жоқ)
4. Жерге ұқсас планета Юпитер ме? (жоқ)
5. Шолпанның жоғарғы температурасы +5000С па? (ия)
ІІ. Ғарышкерлер тобына сұрақтар 1. Жердің серігі Ай ма? (ия)
2. Тіршілігі бар планета Жер ме? (ия)
3. Күн жүйесінде Марс 7 орында ма? (жоқ)
4. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобындағы планеталарға жата ма? (ия)
5. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун алып планеталарға жата ма? (ия)
ІІІ. Планеталар тобына сұрақтар 1. Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері ме? (ия)
2. Алып планеталар күнге жақын жатыр ма? (жоқ)
3. Марстың 2 серігі бар ма? (ия)
4. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған Коперник пе? (ия)
5. Күн жүйесінде 9 планета бар ма? (жоқ)
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 2-3 мин.
Бейнеролик қарау.
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Бұларды жер тобындағы планетар деп атайды.
Алдын ала берілген тапсырмалар:
-Оқушылар Меркурий туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?