Сабақтың түрі теория Мақсаты, міндеттер



Дата30.11.2022
өлшемі20,2 Kb.
#53940
түріСабақ


 Сабақ тақырыбы Баспа құрылғылары. Ақпаратты қашықтан таратудың техникалық құралдары
Модуль/пән атауы КМ 1. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс істеу кезінде еңбек заңнамасын және қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау
  Педагог
2022 жылғы "____" _________
1.Жалпы мәліметтер
Курс ІІ , топ
Сабақтың түрі теория
 2. Мақсаты, міндеттер
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану
 3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі______________________________________________
 4. Қажетті ресурстар
Е. И. Гребенюк, Н. А. Гребенюк Ақпараттандырудың техникалық құралдары


 5. Сабақтың барысы
Баспа құрылғылары.
Принтер – компьютердің шеткері құрылғысы, мəтінді немесе графиканы электрондық түрден баспа нысанын жасаусыз физикалық тасымалдауышқа көшіруге арналған баспа құрылғысы.
Көп функционалды құрылғылар кең таралған (КФҚ), олардың бір құрылғысында принтер, сканер, көшіру аппараты жəне телефакс біріктірілген.
Принтерлерді пайдалану шарты
Кез келген принтер өндірушінің нұсқаулықтарын ұстана отырып, дұрыс қолданылуы тиіс. Принтердің нұсқаулығында өндіруші принтерді орнату тəртібін, картридждерді ауыстыру тəртібін, шығыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарды сипаттап берген. Нұсқаулықты елемей принтерді пайдалану кепілдік шарттарын бұзады жəне сынып қалған жағдайда сервис орталығы кепілдік міндеттерін орындаудан бас тартуы мүмкін. Ағынды принтер ұзақ уақыт тұрып қалған кезде соплалары кеуіп қалуы мүмкін, одан кейін баспа сапасын жаңғырту қиынға соғады. Сондықтан баспа тиек кеуіп қалмас үшін, бір-екі аптада бір рет болсын кішігірім мəтінді немесе суретті басып шығарып отыру қажет. Баспа картридж жəне сия сауыт бөлінген, ағынды принтерлерде картридждің барлығын ауыстырмай-ақ сиясауыттарды ғана ауыстыруға болады. Бұл өте ыңғайлы жəне сиясауыт арзандау тұрады. Сия қорын дербес сиясауыт толтырумен толтыруға болады, алайда бұл рəсім ұқыптылық пен дəлдікті талап етеді, сондықтан оны тəжірибелі пайдаланушылар немесе сервис орталығының мамандары өткізуі тиіс.
В Əр ағынды принтердің мəзірінде арнайы техникалық қызмет көрсетудің опциялары бар. Осы опциялардың арқасында соплалардың ластанудан тазартуға, қағазды беретін аунақшалардан бояудың қалдықтарын тазалауға болады. Бұл опцияларды қажеттілігіне қарай қолдану ұсынылады.
Ағынды принтерлерде пайдаланылған сияларға арналған,
«памперс» деп аталатын, арнайы контейнер бар. Бұл «памперс» толғанда, «нөлдеу» бағдарламаның көмегімен босатуға болады. Бұл рəсімдерді сервис орталығында орындаған жөн, бұл жағдайдағы дербестік принтердің істен шығуына əкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, принтерді мерзімді профилактикалық тексеріп отыру қажет. Қажет болғанда оны кір мен шаңнан тазалап, механикалық берілістерін маймен майлап отыру қажет. Сонымен бірге бөлмені уақытында жинап отыру қажет. Шаң жиі ағынды принтер жұмысында туындайтын, ақаулардың себебіне айналады. Шаң құрылғы механизмінің ішкі бөліктеріне жиналады, нəтижесінде қажалу деңгейі артады, желтеду нашарлайды. Бұл үшін арнайы ссұлықтарды (сыртын тазалау) жəне компрессор немесе шаңсорғышты (ішін тазалау) қолдануға болады. Құрылғыны тазалау үшін ерітінділерді ешқашан қолдануға болмайды.


Ақпаратты қашықтан таратудың техникалық құралдары
6. Бағалау, қорытындылау



  1. Желі дегеніміз не?

  2. Өнімдерді, электр қуатын, жылуды, суды беру желілерінің мысалда- рын келтіріңіз.

  3. Компьютерлік желілер қалай ұйымдастырылған?

  4. Интернет пен жергілікті желі арасындағы айырмашылық қандай? Желілердің негізгі топологиялық түрлері қандай?

  5. Ақпаратты желіден бір компьютерден екіншісіне қалай жібереді? Модем дегеніміз не?

  6. Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

  7. Ақпараттық технологиялардың ықтимал қосымшалары.

  8. Компьютерлер мен ақпараттық технологияларды басқа да пайдалануды ұсынамыз.



7. Үй тапсырмасы Баспа құрылғылары. Ақпаратты қашықтан таратудың техникалық құралдары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет