Сабақтың түрі: теориялық сабақ. Мақсаты міндеттері


Желіаралық өзара әрекеттестік деңгейі



бет10/11
Дата15.11.2022
өлшемі128,72 Kb.
#50346
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Желіаралық өзара әрекеттестік деңгейі
Бар архитектураның өзегі пакеттерді қосылуды орнатусыз тәртібінде, яғни дейтаграммалық тәсілмен жіберу концепциясын жүзеге асыратын желіаралық өзара әрекеттестік деңгейі болып табылады. Дәл осы деңгей берілген мезетте аса рационалды болып табылатын маршрутты қолдана отырып, пакеттердің желі бойынша орын ауыстыру мүмкіндігін қаматамасыз етеді. Бұл деңгейді сонымен бірге оның негізгі – мәліметтерді құрама желі арқылы жіберу функциясын көрсете отырып internet деңгейі деп те атайды.
Стектегі желілік деңгейдің (OSI моделінің терминдерінде) негізгі хаттамасы IP (Internet Protocol) хаттамасы болып табылады. Бұл хаттама басынан бастап локальді сияқты ғаламдық байланыстармен біріктірілген локальді желілердің үлкен санынан тұратын құрама желілерде пакеттерді жіберу хаттамасы ретінде жобаланды. Сондықтан IP хаттамасы ішінде ішкі жүйелердің бар екендігін рационалды түрде қолдана және төмен жылдамдықты байланыс желілердің өткізушілік қабілеттілігін үнемдеп шығындай отырып, топологиясы күрделі желілерде жақсы жұмыс істейді. IP хаттамасы дейтраграммалық хаттама болып табылғандықтан, ол пакеттердің тағайындалу түйініне жеткізілуіне кепілдік бермейді, бірақ бұны істеуге тырысады.
Желіаралық өзара әрекеттестік деңгейіне RIP (Routing Internet Protocol) пен OSPF (Open Shortest Path First) маршруттық ақпаратты жинау хаттамалары, сонымен бірге ICMP (Internet Control Message Protocol) хабарламалармен желіаралық басқаратын хаттамалар сияқты маршрутизация кестелерін құрумен және модификациялаумен байланысты барлық хаттамалар жатқызылады. Соңғы хаттама желі маршрутизаторлары мен пакеттің түйін-көзі арасындағы қателер туралы ақпаратпен аламасу үшін арналған. Арнайы пакеттердің көмегімен ICMP пакеттің жеткізілуі мүмкін еместігі туралы, жұмыс істеу уақыты немесе бөліктерден пакеттерді жинау ұзақтығы асып кеткендігі туралы, параметрлердің аномальді шамалары туралы, қайта жіберу маршруты мен қызмет көрсету типінің өзгерісі туралы, жүйенің күйі туралы және т.б. хабарлайды.
Негізгі деңгей
Желілік деңгейде қосылулар орнатылмайтындықтан, барлық пакеттер тағайындалу жеріне тұтас және бүтін жеткізілетініне немесе олар жіберілген ретте келетініне кепілдік жоқ. Бұл міндетті – екі ақырғы түйіндер арасында сенімді ақпараттық байланысты қамтамасыз етуді – TCP/IP стегінің транспорттық деп аталатын негізгі деңгейі шешеді.
Бұл деңгейде TCP (Trans­mission Control Protocol) жіберумен басқару хаттамасы мен UDP (User Datagram Protocol) пайдаланушылардың дейтаграммаларының хаттамасы жұмыс істейді. TCP хаттамасы логикалық қосылуларды орнатудың арқасында алшақталынған қолданбалы процестер арасында хабарламалардың сенімді жіберілуін қамтамасыз етеді. Бұл хаттама жіберуші-компьютер мен қабылдап алушы-компьютерде теңрангілі объектілерге мәліметтермен дуплексті тәртіпте алмасуды қолдауға мүмкіндік береді.
TCP хаттамасы компьютерлердің бірінде құрылған байт ағынын қатесіз құрама желіге кіретін кез келген басқа компьютерге жеткізуге мүмкіндік береді. 
TCP хаттамасы байт ағынын бөліктерге – сегменттерге бөліп, оларды төменде жатқан желіаралық өзара әрекеттесу деңгейіне жібереді. Осы сегменттер желіаралық өзара әрекеттесу деңгейінің құралдарымен тағайындалу пунктісіне жеткізілгеннен кейін, TCP хаттамасы қайтадан оларды үздіксіз байт ағынына жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет