Сабақтың түрі: теориялық сабақ. Мақсаты міндеттері



бет9/11
Дата15.11.2022
өлшемі128,72 Kb.
#50346
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ІІ. Сабақтың ортасы
 Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері
Есептеуіш желілердің арасында стандарттаудың өте маңызды бағыты коммуникациялық хаттамалардың стандартталуы болып табылады. Қазіргі кезде желілерде коммуникациялық хаттамалардың стектерінің үлкен саны қолданылады. Анағұрлым белгілі болып табылатын стектер: TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, DECnet, SNA және OSI. Осы стектердің SNA-дан басқасының барлығы, төменгі деңгейлерде – физикалық және каналдық, - жақсы стандартталған бірдей хаттамаларды Ethernet, Token Ring, FDDI қолданады және барлық желілерде бір аппаратураны қолдануға мүмкіндік беретін кейбір басқаларын да қолданады. Бірақ жоғарғы деңгейлерде барлық стектер өздерінің жеке хаттамаларымен жұмыс істейді. Бұл хаттамалар жиі OSI моделімен ұсынылатын деңгейлерге бөлшектеуге сай болмайды. Сонымен қатар, сеанстық және ұсынушылық деңгейлердің қызметтері қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкессіздік OSI моделінің бар және қолданыстағы стектерді жалпылау нәтижесінен пайда болғанымен байланысты.
TCP/IP стегі
TCP/IP стегі АҚШ-тың қорғаныс Министрлігінің бастамымен 20 жыл бұрын ARPAnet экспериментті желісін басқа желілермен байланысы үшін әртекті есептеу ортасына арналған жалпы хаттамалар жиыны ретінде өңделген болатын. Өз атауын атақты IP және TCP хаттамаларынан алған TCP/IP стегінің дамуына Беркли университеті көп үлес қосты, ол UNIX ОЖ-нің өзінің версиясында хаттамаларды жүзеге асырды. Бүгінгі күні осы стек бүкіләлемдік ақпараттық желісі Internet-те компьютерлердің байланысы үшін қолданылады, сонымен қатар корпоративті желілердің көбінде де қолданылады.
TCP/IP стегі төменгі деңгейде физикалық және каналдық деңгейлердің барлық белгілі стандарттарын қолдайды: локальдық желілер үшін —Ethernet, Token Ring, FDDI, ғаламдық үшін — аналогтық коммутацияланатын және SLIP, РРР-нің белгіленген желілерінде жұмыс істеу хаттамалары, Х.25 және ISDN аумақтық желілерінің хаттамалары.
Стектің оған атау берген негізгі хаттамалары IP және TCP хаттамалары болып табылады. Бұл хаттамалар OSI моделінің терминологиясында сәйкесінше желілік және транспорттық деңгейлерге жатады. IP пакеттің құрама желінің бойымен жылжуын қамтамасыз етеді, ал TCP оның жеткізілуінің сенімділігіне кепілдік береді.
Түрлі мемлекеттердің және мекемелердің желілерінде қолданудың көптеген жылдарында TCP/IP стегі қолданбалы деңгейдің хаттамаларының көбісін өзіне сіңірді. Оларға файлдарды жіберу хаттамасы FTP, терминалды эмуляциялау хаттамасы telnet, Internet желісінің электрондық поштасында қолданылатын пошталық хаттама SMTP, WWW қызметінің гипермәтіндік сервистері және т.б. сияқты белгілі хаттамалар жатады.
Бүгінгі күні TCP/IP стегі есептеуіш желілердің тасымалдаушы хаттамаларының ең көп таралған стектерінің бірі болып табылады. Шынымен де, Internet желісінің өзінде ғана 10 миллионға жуық компьютер біріктірілген, олар бір-бірімен TCP/IP хаттамалар стегінің көмегімен әрекеттеседі.
Internet таралғандығының өсуі коммуникациялық хаттамалар әлемінде де күштердің орналастырылуына әкелді, TCP/IP хаттамалары, олардың негізінде Internet құрылған, өткен күндердің сөзсіз көшбасшысы – Novell компаниясының IPX/SPX стегін тез арада ығыстыра бастады. Бүгінгі күні әлемде TCP/IP стегі орнатылған компьютерлердің жалпы саны IPX/SPX стегі жұмыс істетін компьютерлердің жалпы санымен салыстырылды, бұл локальдық желілердің әкімдерінің қолданбалы компьютерлерде қолданылатын хаттамаларға деген қатынасының күрт өзгеруін білдіреді, себебі осы компьютерлердің өзі әлемдік компьютерлік парктің басым көпшілігін құрайды, және де нақ осыларда NetWare файлдық серверлерге жетуге қажетті Novell компаниясының хаттамалары жұмыс істеген. TCP/IP стегінің желілердің кез келген түрінде нөмірі бірінші стек ретінде орнау процесі жалғасуда, және қазір кез келген өндірістік операциондық жүйе міндетті түрде осы стектің бағдарламалық жүзеге асырылуын өзінің жинағына қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет