Сабақтың түрі: теориялық сабақ. Мақсаты міндеттері



бет2/4
Дата24.11.2022
өлшемі0,75 Mb.
#52368
түріСабақ
1   2   3   4
I. Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«Тілек»  әдісі. Студенттер шеңбер бойымен тұрып бір – біріне өз тілектерін білдіреді. 
Мақсаты: тыңдау дағдыларын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру.
 Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап дәріс бойынша.
ІІ. Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ.
■ Шифрлеу – қауіпсіздіктің криптографиялық сервисін пайдалану.
■ Шифрлеу процедурасы– хабарламаның ашық мəтінін жабыққа түрлендіру.
■ Шифрлеудің қазіргі құралдары шифрлеудің белгілі алгоритмдерін қолданады. Түрленген хабарламаның жасырындылығын (конфиденциалдылығын) қамтамасыз ету үшін түрлендірудің арнайы параметрі – кілттер пайдаланылады.
Криптографиялық түрлендірулер қауіпсіздіктің келесі сервистерін қалыптастыру үшін қолданылады:
■ Шифрлеу (деректер конфиденциалдылығын қамтамасыз ету);
■ Бүтіндікті бақылау;
■ Аутентификация.
Ақпаратты криптографиялық қорғау жүйелері
■ Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының міндеті – ақпараттық объектілерді қандайда бір математикалық алгоритм көмегімен түрлендіру.
■ Ширфлеу процесі объект – ашық мəтін жəне объект – кілт енуші параметр ретінде пайдаланылады, ал түрлендіру нəтижесі – объект – шифрленген мəтін. Дешифрлеу кезінде кері процесс орындалады.
■ АЖ-де криптографиялық əдіске қандайда бір арнайы алгоритм сəйкес келеді. Берілген алгоритмді орындау кезінде əмбебап сандық мəні - кілт қолданылады.
■ Кілт мəні кері түрлендіруді орындауға жəне ашық хабарлама алуға мүмкіндік береді.
■ Криптографиялық жүйенің төзімділігі қолданылатын алгоритмдермен жəне кілттің құпиялық дəрежесімен анықталады.
Деректердің қорғаудың криптографиялық құралдары
■ Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары белсенді қолданылуда.
■ Криптографиялық əдістер мəні келесіден тұрады:
АҚ (ИБ) қауіптерін алдын-алуға арналған криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану
■ Деректердің жасырындылығын қамтамасыз ету. Криптографиядық алгоритмдерді пайдалану ақпараттың ұрлануын алдын алуға мүмкіндік береді. «Қаскүнемде» кілттің болмауы шифрленген ақпаратты ашуға мүмкіндік бермейді;
■ Деректердің бүтіндігін қамтамасыз ету. Симметриялық емес шифрлеу алгоритмдерін пайдалану ақпарат бүтіндігін бақылау əдістерін құруды мүмкін етеді.
■ Электронды цифрлік қолтаңба. Ақпараттан бас тарту мəселелерін шешуге мүмкіндік береді.
■ Аутентификацияны қамтамасыз ету. Криптографиялық əдістер аутентификацияның əр түрлі схемаларында қолданылады.
Криптожүйелерге қойылатын талаптар:
■ 1. Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
■ 2. Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны жəне оған сəйкес ашық мəтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
■ 3. Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс жəне қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
■ 4. Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне əсер етпеуі тиіс.
■ 5. Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне əкелуі тиіс.
■ 6. Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.
7. Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мəтінде толық жəне сенімді жасырылуы тиіс.
■ 8. Шифрленген мəтіннің ұзындығы бастапқы мəтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
■ 9. Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай жəне жеңіл орнатылатын тəуелділіктер болмауы керек.
■ 10. Мүмкін болатын жиындардың ішіндегі кез келген кілт ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
■ 11. Алгоритм программалық тəрізді аппараттық іске асуды жіберуі тиіс, бұл жағдайда кілт ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапалы төмендеуіне əкелмеуі керек.
Шифрлеу əдістері
Шифрлеудің екі негізгі əдістерін ерекшелейді:
■ Симметриялық шифрлеу, басқаша жабық кілтпен шифрлеу;
■ Ассиметриялық шифрлеу, басқаша ашық кілтпен шифрлеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет