Сабақтың түрі: теориялық сабақ. Мақсаты міндеттері



бет4/4
Дата24.11.2022
өлшемі0,75 Mb.
#52368
түріСабақ
1   2   3   4
Қажетті ресурстар: А. .А. БУБНОВ, В.Н.ПРЖЕГОРЛИНСКИЙ, О.А. САВИНКИН «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» кітабы. Дербес компьютер, PowerPoint-та дайындалған презентация-слайдтар.
Сабақтың өту барысы:
1.Сабақтың басы(5-7 минут)
2. Сабақтың ортасы( 15-20 минут)
3. Сабақтың соңы (5-7 минут)
4.Сабақты бекіту (5 минут)
5. Қорытындылау (3 минут)
6.Бағалау. (2 минут)
7.Үйге тапсырма беру. (1минут)
I. Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«Тілек»  әдісі. Студенттер шеңбер бойымен тұрып бір – біріне өз тілектерін білдіреді. 
Мақсаты: тыңдау дағдыларын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру.
 Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап дәріс бойынша.
ІІ. Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ.
Шифрлеу əдістері
Шифрлеудің екі негізгі əдістерін ерекшелейді:
■ Симметриялық шифрлеу, басқаша жабық кілтпен шифрлеу;
■ Ассиметриялық шифрлеу, басқаша ашық кілтпен шифрлеу;
Құпия кілтпен шифрлеу
Симметриялық шифрлеу кезінде шифрлеу жəне дешифрлеу процесі қандайда бір құпия кілтті пайдаланады.
Симметриялық шифрлеу кезінде алгоритмнің екі типі қалыптастырылады :
■ Ағындық шифрлеу (бит бойынша)
■ Блокты шифрлеу (шифрлеу кезінде мəтін алдын ала блоктарға бөлінеді, көбінесе 64 биттен кем емес)
■ Құрама шифрлар

Шифрлерді құрудың келесі жалпы принциптерін ерекшелейді:
■ электронды кодтық кітап (қарапайым алмастыру режимі);
■ шифр блоктарын тізбектеу (кері байланыспен гаммалау режимі);
■ шифрмəтін бойынша кері байланыс;
■ шығару бойынша кері байланыс (гаммалау режимі).
Шифрлерді құрудың келесі жалпы принциптерін ерекшелейді:
■ электронды кодтық кітап (қарапайым алмастыру режимі);
■ шифр блоктарын тізбектеу (кері байланыспен гаммалау режимі);
■ шифрмəтін бойынша кері байланыс;
■ шығару бойынша кері байланыс (гаммалау режимі).
Құрастырма шифрлар. Бұл шифрдың негізінде, сенімді криптожүйе құрастыру үшін ауыстыру жəне орын алмастыру сияқты қарапайым шифрларды алма – кезек бірнеше рет қолдану идеясы жатыр. DES, AES жəне басқа көптеген алгоритмдер шифрдің осы түріне жатады.
Құрастырма шифрлар. Бұл шифрдың негізінде, сенімді криптожүйе құрастыру үшін ауыстыру жəне орын алмастыру сияқты қарапайым шифрларды алма – кезек бірнеше рет қолдану идеясы жатыр. DES, AES жəне басқа көптеген алгоритмдер шифрдің осы түріне жатады.

Синхрондық шифр. Синхрондық шифрда кілт тізбегі ақпарат ағынына байланыссыз. Хабар алушы жəне хабар жіберуші жағында кілт тізбегі генераторының жұмысы синхрондалған болу керек. Əйтпесе бір бит мəліметтің жоғалып кетуі қалған символдардың қате дешифрлануына əкеледі. ■ Өзіндік синхронданатын шифр. Шифрдің бұл түрінде ашық мəтін символдары алдыңғы n символға байланысты шифрланады. Ол алдыңғы n символ кілт тізбегінің жасалуына қатысады. Синхрондау режимі əр n шифрмəтін символынан кейін автоматты түрде орындалады.
Құрама шифрлар. Құрама шифр алгоритмінде блоктық жəне ағындық шифрлау тəсілдері бірге қолданылады. Практикада құрастырма шифр DES алгоритмінің əр түрлі режимдерінде пайдаланылады. Идеал шифр талабы. Клод Шеннон егер: •Біркелкі таралу заңдылығымен шын мəнінде кездейсоқ екілік тізбек болып табылатын кілт қолданса; •Кілт ұзындығы бастапқы хабардың ұзындығына тең болса; •Кілт бір ғана рет қолданса шифр абсолют сенімді болады деп дəлелдеді. Бұл үш талаптың бірден орындалуы əрине қиынға түседі
III.Сабақтың соңы.
1. Қандай программаны заңсыз көшіруден қорғалған деп есептеуге болады?
2. Программа жұмыс жасайтын компьютер, нақтырақ, программалық-аппаратты орта қандай спецификалық белгілерге ие болады?
3. Бір компьютерден басқаға тасылатын программаны көшіруден қалай қорғауға болады?
Бағалау.
1.Белсенділік танытқаны үшін
2.Маңызды пікір айтқаны үшін
3.Сұраққа жауап бергені үшін сұрақ қою арқылы және топтық жұмыс, жеке жұмыс нәтижесін қалыптастырушы бағалау.
Үйге тапсырма беру. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары олардың түрлері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет