ІІ. Сабақтың ортасы Жаңа сабақ.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында АҚ қатерлері мен инциденттеріне жедел ден қою үшін тығыз халықаралық ынтымақтастық қажет екені сөзсіз. «МТҚ» АҚ KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет етудің ұлттық қызметі Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерін/командаларын/топтарын (CERT/CSIRT) және киберқауіпсіздік бойынша әртүрлі альянстарды қамтамасыз ету саласында шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.
Бұдан өзге, «МТҚ» АҚ KZ-CERT:
Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерінің исламдық өзара іс-қимыл ұйымы – OIC-CERT толық мүшесі;
антифишинг бойынша жұмыс тобының – APWG мүшесі;
өзара прогреске арналған киберқауіпсіздік Альянсының ұйымдастыру комитетінің – CAMP мүшесі;
инциденттерге әрекет ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету топтары форумының – FIRST қатысушысы;
байланыс бойынша APCERT серіктесі (Азия-Тынық мұхиты компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі);
TF-CSIRT қауіпсіздік және инциденттерге әрекет ету қызметтерінің сенімді өкілі.
Қазіргі уақытта «МТҚ» АҚ шетелдік ұйымдармен 16-дан астам меморандум мен келісімдерге қол қойды.
Олардың ішінде: іс-шараны іске асыру шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 2020 жылы Индонезия Республикасының «ID-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен өзара түсіністік туралы меморандумға қайта қол қойды.
Сондай-ақ Израиль Мемлекетінің Ұлттық Кибердиректоратымен, Türkmenaragatnaşyk (Түркіменстан) агенттігі жанындағы Мемлекеттік киберқауіпсіздік қызметімен, Компьютерлік инциденттерге жедел әрекет ету тобымен – Грузия Әділет министрлігінің Деректер алмасу агенттігімен компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
III.Сабақтың соңы. 1. Ақпаратты қорғау мен қауіпсіздік көзқарасы жағынан қандай қажетті жағдайларға ие болады?
2. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары қандай есептерді шешуге бағытталады?
3. Компьютерлік желілердегі (КЖ) ақпаратты қорғау бойынша ұйымдастырушылық шаралар қандай аспектілерден тұрады?
Бағалау. 1.Белсенділік танытқаны үшін
2.Маңызды пікір айтқаны үшін
3.Сұраққа жауап бергені үшін сұрақ қою арқылы және топтық жұмыс, жеке жұмыс нәтижесін қалыптастырушы бағалау.