ІІІ. Жаңа сабақ."Азот оксидтері." Азот оттекпен әрекеттесіп бірнеше оксидтер түзеді.
N2 O, NO, N2 O3 , NO2, N2 O5 Азот (I) оксиді N2 O – түссіз, әлсіз иісті, тәттілеу дәмі бар газ, суда нашар ериді. Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттеспейді. Медицинада «КӨҢІЛДІ ГАЗ» деген атпен белгілі. Ол жүйке жүйесіне әсер етеді, тітіркендіреді. N2 O қосылысы жеңіл операция жасағанда жансыздандыру үшін қолданылады. Азот (II) оксиді NO- түссіз суда еритін тұз түзбейтін оксид. Азот (III) оксиді N2 O3– қара көк түсті сұйықтық, төменгі температурада ыдырайды.N2 O3 = NO+ NO2 Сумен әрекеттесіп азотты қышқыл HNO2 түзеді. N2 O3 +H2O= 2HNO2 Азот (IV) оксиді NO2 — өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ. Буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады. 21,30С-та сұйылады, 9,30С-та түссіз кристалдық массаға айналады.
Практикалық жағынан маңыздылары азот (ΙΙ) және азот(ΙV) оксидтері болғандықтан біз оларға кеңірек тоқталамыз. Азот (II) оксиді NO Алынуы: N2+O2 = 2NO
4NH3 + 5O2 = 4NO+6 H2 O
3Cu+ 8HNO3 = 3Cu(NO3)2 +2NO +4H2O (сұйытылған)
Қалыпты жағдайда ауада жеңіл тотығады. 2NO+O2 =2NO2 газ
Азот (IV) оксиді NO2 Алынуы. NO2 +O2 =2NO2 газ
Cu+ 4HNO3 = Cu(NO3)2 +2NO2 +2H2O (концентратталған)
IV кезең. "Ой толғаныс кезеңі". Сергіту "Сандарды сөйлетейік " ойыны ойналады.
Ar(N) = 14
Реттік нөмірі – 7
1772 ж. азотты алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд ашқан жылы болып есептеледі.
Азоттын электрондық формуласы 1s22s22p3
Vкезең. "Білімді тиянақтау " Есептер шығару. Химиялық теңдеулер құру.
1тасырма Сұйытылған азот қышқылы 6,4 гр мыспен әрекеттескенде қанша литр (қ.ж.) азот ІІ газы бөлінеді?
2 – тапсырма. Мына айналымдарды жүзеге асырыңдар:
N=NH3= NH4 CL
3 – тапсырма. N=NO=NO2=HNO3 =KNO3 4 – тапсырма. 15г азот (ІІ) оксидін тотықтырғанда қанша грам азот (IV) оксиді түзіледі.
VI кезең. Сабақты қорытындылау. Химиялық диктант. HNO3 тотығу дәрежесін__+5___ көрсету.
Азоттың сутекпен қосылысы __аммиак________.
Азоттың тұздарың ___нитраттар________ деп атайды.
Азоттың оксидтерін жаз______________.
Азот IV (NO2) оксидінің құрамындағы азоттың массалық үлесі? ____30,4_______
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Азот оксидтерінің халықшаруашылығындағы, адам тұрмысындағы маңызы туралы мағлұматтар жинап келу.