Күні:19.11.2021 Тақырыбы: «Дастархан көркі-нан»
Сабақтың түрі: топтық
Сабақтың өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегіні сахналау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты: Балалар астық өнімдері оның ішіндегі бидайдан нанның қалай дайындайтынын түсіндіре отырып, дастарханға жеткенше дейінгі адамдардың еңбек сіңіретінін, қолданылатын технологиялар, нанның түрлері, денсаулыққа пайдасын түсіндіру.
2. Коррекциялық мақсаты: Ақыл ой белсенділігін арттырып,өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, диологты сөйлеуге, сурет бойынша құрастырып, салыстыру арқылы үйрету.
3. Дамытушылық мақсаты: Қиялмен есте сақтау қабілеттерін, бақылағыштығын, шығармашылық, желілі-рольді ойында ой пікірін дамыту. Түстерді ажыратуға, иіс сезу дағдыларын, қол, ұсақ моторикасын дамыту.
4. Тәрбиелік мақсаты: Балаларды еңбекті сыйлай білуге, дастархан көркі – нанды қастерлеуге, құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық – педогогикалық дайындық.
Күнделікті сөздер: - Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Атап беріңдерші?
- Күз мезгілінен алдын қай мезгілімен қоштасамыз?
- Атап беріңдерші?
Өткен сабақты қайталау.
Балалар жаңа сабақ бастамас бұрын, өткен сабақты еске түсірейікші.
Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?
Құстарды не үшін досымыз деп айтамызмыз?
Қай құстар туралы әңгімелескен едік?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Дастархан көркі-нан» деп аталады. Нан өте қасиетті тағам, дастарханда барлық нәрсе болып, нан болмаса дастарханымыздың көркі болмайды, нан деп бірінші нанды іздейміз. Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін білетін боламыз.
Күз айының соңында диханшылар соқасы бар трактормен жерді жыртып , бидайдың тұқымын жерге себеді. Қысыммен қардан қалың көрпе жамылған бидай жасыл болып өніп шығады. Жаздай күннен нәр алып, күз айында сап-сары алтындай жайқалған алапқа айналады.
Егіс даласына комбайыншылар шығып, комбайындар егінді орып жинайды да, арнайы өңеші арқылы қауызынан тазалайды. Бидайды жүк машиналарына тиеп қырманға әкетеді. Қырманда бидайды тазалап диірменге жібереді. Диірменшілер бидайдан ұн тартады.Дайын ұнды наубайханаға жібереді, наубайханашы ұнды ашытып нан пісіріп дүкендерге жібереді. Дүкеншілерден нан біздің дастарханға келеді екен. Нанды қасиетті, қастерлі дегеніміз- қаншама адамдардың еңбегінің нәтижесінен, дастарханымыздың төрі-көркі –бұл нан екен!
Сергіту сәті. Қолымызды жаямыз,
Қамыр илейік (қолдарымыздың әрекеті)
Нанды жаямыз (қолдарымызбен көрсетеміз)
Ортасына гүл алайық (қолдарымызды саусақтармен шымшу)
Пісіруге қоямыз (қол әрекетімен)
Алақай нанның иісі
Бір қуанып қалайық (қолдарымызды шапалақтаймыз)
Балалар нанның қаншама түрі бар екенін білеміз бе?
Қазақ халқы ұннан неше түрлі нан пісірген: пешке салып, қазанда, табада, ошақта: тоқаш, қаттама, бөлке, бәліш, күлше, пәтір. Қанекей , иіскеп көрейік, қандай тәтті нан екен.
Адамдар наннан тек тамақ қана емес, денсаулықтары үшін де қасиеті бар деп пайдаланады.
Тұзсыз нан:бүйрегі ауыратындар мен қан қысымы жоғары адамдарға беріледі.
Кептірілген сұр нан: есте сақтау қабілетін артыратын, қан айналымын жақсартады.
Ашытқы қосылмаған нан және қатқан күлшелерден дайындалған талқан: аздап құмшекер салып, сүтке араластырып жейтін болсаңыз аш және тоқ ішектің жұмысын жақсартады.
Ал мынау бидайдан жасалған тағам: «қырық періште» деп аталады, жеті рет тойып жеген адам бір жыл ауырмай жүреді дейді.
6.Тақпақты жатқа айту Ей балалар, балалар
Бар қасиет нанда бар!
Тоқаш, бөлке көп болар,
Тәттіге жұрт тоқ болар,
7.«Қайынды құрастыру» Ой –өрісін дамыту ойыны. Ойынның шарты: балаларға қиылған нан түрлерінің суреттері беріледі.
Құрастырып тақтада тұрған суретпен салыстару.
Балалардың жас деңгейіне қарап, тіл дамыту ойынын да ойнайды
Ойын: Суретке қарап сөйлем құрастыру.
Ойынның шарты: Суретке қарап, ойланып, балаларға ат қойып, сөйлем құрастыру.
Нан жайында мақал-мәтелдер. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті
Еңбек түбі береке.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Нан болса ән болады.
Ас атасы-нан.
Нанның қадірін аш болғанда білерсін.
Тақпақ. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп ,
Торғайларға тастаңдар.
11.Қорытынды. - Балалар «Дастархан көркі - нан» не үшін қастерлі деп айтамыз?
- Нанды қалай қастерлейміз?
- Көктемде бидайдың түсі қандай болады, ал күзде ше?
12. Бағалау Сабақта белсенді қатысқан балаларды мадақтап, сосын барлығын марапаттаймыз.