Сабақтың зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?
Дата 27.11.2023 өлшемі 0,95 Mb. #128957 түрі Сабақ
Байланысты:
14.11.23 ж слайд 6с каз Сабақтың зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.2.1.2 – ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау; 6.3.1.4 – тарихи ұғымдарды қолданып , Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялау себептерін анықтайды. Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси , экономикалық-әлеуметтік, мәдени өзгерістерді талдайды. ТАЛҚЫЛАҢЫЗ Ислам діні Қазақстан аумағына қалай тарала бастады? Ислам дінінің кең таралуын қандай фактілер арқылы дәлелдей аламыз? Ислам діні қоғамға қандай өзгерістер алып келді деп ойлайсыз? 1-ТАПСЫРМА Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялау себептерін анықтап , негізгі және қосалқы себептерге топтастырыңыз. Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялау себептерін анықтайды. Дескрипторлар: Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаудың негізгі бір себебін анықтайды; Ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялауының қосалқы екі себебін талдайды. 2-ТАПСЫРМА Ислам дінінің әр салаға ықпалын (әкелген өзгерістерін) талдаңыз. Әр сала бойынша әкелген ең маңызды үш өзгерісін анықтап, пікіріңізді негіздеңіз. 1-топ. Мәдениет , білім, ғылым салаларындағы өзгерістер 2-топ. Қоғамдық құрылысы 3-топ. Саяси жүйе Әр топқа дайындыққа 10 мин, қорғауға 3 мин. БАҒАЛАУ Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени өзгерістерді талдайды. Дескрипторлар: Мәдениет, білім, ғылым салаларындағы үш өзгерісті анықтап , маңызын талдайды ; Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысындағы 3 өзгерісті атап, пікіріне дәлел келтіреді; Саяси жүйедегі үш өзгерісті анықтап, пікіріңізді негіздеңіз. СӘЙКЕСТЕНДІРІҢІЗ Билеушіден жерімен қоса қарапайым халықтан алым салық жинау үшін алынатын жер иеленудің бір түрі. Жерді иеленгені үшін ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Түпкілікті ихтаны заңды түрде иеленуші Отырықшы аудандарда шаруалардан алынатын салық түрі Отырықшы аудандарда шаруалардан алынатын салық түрі Дін иелеріне берілетін жер Өзін және отбасын қорғаны үшін жерден алынатын өнімнің бір бөлігін күштіге беру салығы
Достарыңызбен бөлісу: