Сабақтын тақырыбы: Қол инешаншымдары мен тігістері



бет5/5
Дата21.10.2023
өлшемі20,67 Kb.
#120269
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақтын тақырыбы Қол инешаншымдары мен тігістері. Сабақтын мақ-emirsaba.org

Постер қорғау:
I. Қайып түгу- постерге жұмыстың орындау реттіліген қорғау; Қайып тігу – киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданылады. бүрмелер мен қатпарлар біріктірілетін екі бөлшектің үстінде орналасады. Бөлшектің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріліп, қиылған шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі. Тігістің ені - сетінегіш матадан 1, 5 см, ал сетінемейтін матада 1см болады.
II.Көктеп тігу- постерге жапсырып жұмыстың орындау реттілігін қорғау; Ежелден келе жатқан орындалуы тым қарапайым, тұрмыста жиі қолданылатын "қазақы тігіс" осы көктеу тігісі. Көктеу дегеніміз – бұйымды уақытша біріктіріп тұратын тігіс. Көктеп тігу – бөлшектердің шетін біріктіруге және матаның шеті сетінеп сөгілмеуі үшін тігіледі. Көктеу іс аяқталғанда сөгіліп тасталады.
III.Жапсырып тігу- постерге жапсырып жұмыстың орындау реттілігін қорғау; Жапсырып тігу – орындау барысында ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді. Ашық қиықты жабыстыру. Киімнің төсемесін(прокладка) бір - біріне жалғастыруда қолданылады. ол үшін төсеменің екі шетін бір – біріне айқастырады да машинамен қайып тігеді. Айқаспа тігістің ені 0, 6 - 1 см, ал төсем шеті мен тігістің аралығы 0, 3 - 0, 5см. Жасырын қиықты жапсыру тігісі - фигуралы және тіке болып пішілген иінішті, жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Мұнда, бөлшектің жасырылатын (шетін) қиығын сәндік тігістің енінен 1 - 1, 5см артықтау алады да, оны екінші бөлшектің қиығының үстіне қайып орналастырады.


Сабақты бекіту. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өнері көптің ермегі көп».

Бағалау. Сабаққа белсеніп қатысқан білімгерлерді бағалау

Қорытынды. Білімгерлермен қатысып отырған қонақтарға тілек тілеу.

«Талаптарыңыз таудай биік, көңілдеріңіз қардай кіршіксіз аппақ, өмірлеріңіз жаздай жайдары болсын!
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет