Сабақтың ортасы
|
Ғылымда сонымен қатар діннің көне наным нысандары бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шамандық (бақсылық).
Фетишизм. Алғашқы адамдар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды. Осылар фетиш (португал тілінде – ерекше қасиеті бар зат) болып табылады. Яғни фетишизм - адам құдірет күші бар, жаудан қорғайтын, емдейтін қасиеті бар деп сенетін әртүрлі дүние объектілерін қастерлеу. Фетишизм сарқыншақтары күрделі діндерде де кездеседі. Мысалы, христиан дінінде иконалар, шірімей сақталған мүрделер; исламда Меккедегі Қағбаның қара тасына табыну, әулиелер жатқан мазарларды қастерлеу және т.б., буддизмде Лхасадағы реликвиялар, субурган (қасиетті ступа, қасиетті ғимарат) табыну.
Тотемизм – ежелгі діндердің тағы бір түрі. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде тотем - оның тегі, туысы дегенді білдіреді. Адамдар топтары мен белгілі бір өсімдік, жануарлардың арасындағы туысқандық, құдіреттілік байланысы барына нанымды білдіреді. Тотемизмнің мәні туралы ғылымда әлі бірегей пікір қалыптаспаған. Тотемизм рулық құрылыспен тығыз байланысты.
Магия. Объективті шындық дуниеге магиялық әдіспен әсер етуге наным алғашқы адамдардың табиғаттың заңдарын білмеуінен, олардың табиғат алдындағы әлсіздігінен шыққан. Магияның әр түрлі әдістері бар, олардың сипаты белгілі бір мақсатқа бағытталғандығына байланысты. Оларды былайша бөлуге болады - өндірістік немесе кәсіптік магия (егін шығымдылығын арттыру немесе сәтті аңшылық болуын қамтамасыз ету үшін дуалау ғұрыптары, жаңбыр шақыру, еңбек құралдарын дуалау) емдеу магиясы ( дұға ету, аурудан арылту үшін дәрі-дәрмектер дайындап беру), зиянкестік магиясы ( жауларына көз тигізу, тіл тигізу ), әскери магия (жауынгерлердің ритуалды биі, каруларды дуалау), махаббат магиясы (басын айналдырып сиқырлау немесе теріс қаратып жіберу). Магиялық түсініктер және әрекеттер өміршең болып келеді, біздің еліміздің халықтарының тұрмысында әлі де орын алып отыр.
Анимизм алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болды. Анимистік наным алғашқы адамдарға тән бейнелеуден, қоршаған ортаны жандандыру талабынан шықты. Қиыр Шығысты зерттеуші В.К. Арсеньев «Дерсу Узала» атты кітабында Приморье өлкесінде жүріп, Жапон теңізі жағалауында болған мынадай оқиғаны суреттейді. Кенеттен әуеде теңіздің бетінен жоғарыда пароход, екі шхуна, таудың бейнесі көрініп, кейіннен тағы да әлдеқандай құрылыстың сүлделері көрінді. Біраз уақыт өткен соң осы көрініс сейіліп кеткен. Бұл осы өлкеде жиі кездесетін сағым болатын. Дерсу Узаланың пікірінше адамдардың, жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, тіпті өсімдіктер мен тастардың, жалпы барлық жансыз заттардың жаны – көлеңкесі ( ханя) бар, адамдар ұйықтағанда жан қыдырады, ал ханя шегіншектесе адамдар оянады. Адам ұйықтағанда жаны денені тастап шығып, қыдырып көп нәрсені көреді. Түс көруді ол осылайша түсіндіреді. Жансыз денелердің жаны да өз материясын тастап кете алады, ал денелер бұл кезде тыныштық күйде болады.
1-тапсырма
1.Мифтік сананың ерекшеліктері;
2.Фетишизм, тотемизм, анимизм, магия, шамандық;
3.Мифология мен табиғат байланысы
2-тапсвырма
. INSERT әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
«V» -бұл маған белгілі; «+»- бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұңғыш рет оқып отырмын; «?»-мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім; «!»-бұл өте қызықты, ол туралы сыныптастарыммен әңгімелесуім керек.
3-+тапсырма
Артықшылықтар мен кемшіліктер.
Тапсырма:
«Діннің артықшылығы мен кемшілігі»
Тапсырмада оқушылардан бір құбылысты басқасымен салыстыру және бірқатар идеялардың кемшіліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі.
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
Мектепте
|
|
Мешітте
|
|
Үйде
|
|
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|