Бағалаукритерийлері
|
Дескриптор
|
Есту мүшесінің құрылысын біледі
|
Есту мүшесінің құрылысымен танысады.
2. Бөлімдерін атап жазады
|
Интербелсенді тақтадағы жауабымен әр оқушы өзін тексереді. Дұрыс және жылдам орындаған оқушыларды «Қол шапалақтау» әдіспен арқылы бағалаймын.
№2 тапсырма. Топтық жұмыс. «Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі.
Естудің бұзылу себептері мен есту гигиенасы туралы дұрыс және дұрыс емесжазылған мынандай тұжырымдар беріледі. Оқушылар бұл тұжырымдарды талдайды.
Құлық шаң – тозаң мен зиянды микроптарды ішке өткізбейқорғаныштық қызмет атқарады.
Есту мүшесіне ішімдік әсер етпейді.
Құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді.
Шудың жоғары деңгейі есту қабілетін нашарлатады.
Естімейтін баланың сөйлеу тілі жылдам шығады.
Есту қызметі бұзылған балалардың көпшілігі сойлемейді немесе өте нашар сөйлейді.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Естудің бұзылу себептері мен есту гигиенасы туралы біледі.
|
Естудің бұзылу себептері мен есту гигиенасы туралы дұрыс тұжырымдарды таба алады.
|
Қ.Б. Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
№3 тапсырма. Жұптық жұмыс. «Тізбекте не түсіп қалған?» әдісі. Оқушыларға
есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтайтын тізбектен бірсөзтүсіпқалғантізбеккөрсетіледі,түсіп қалған сөздітауып сипаттама береді.
Дыбыс тербелісінің жолы:
Д ыбыс толқындары есту тесігі дабыл жарғағының тербелісі есту сүйекшесінің тербелісі сопақ терезе жарғағының тербелісі
и ірімдегі сүйықтықтың тербелісі есту рецепторларының тітіркенуі жүйке импульсінің пайда болуы.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтай отырып, құлақтың әрбір бөлігіне сипаттама береді
|
1.Тізбектегі түсіп қалған сөзді табады.
2.Түсіп қалған сөзге сипаттама береді.
|
Оқушылардың ынтымақтастықпен, бірін біріне көмектесіп жұмыс істеуі үшін «Ең жылдам жұп» номинациясын беремін.
Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
№4 тапсырма. «Ертегі құрастыру» әдісі.Оқушыларға «Мен музыканы қалай естимін?» есту жолының механизміне қарай ертегі құрастыр. Бұл тапсырмада оқушылар өз деңгейіне байланысты әр түрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Есту жолының механизміне қарай етрегі құрастырады.
|
Есту жолының құрылысын біледі.
Есту жолының механизмін біледі. Соған байланысты ертегі құрастырады.
|
Қ.Б. «Көңіл –күй көрсетіңіз» бағалау әдісі арқылы өз –өздерін бағалайды.
№5 тапсырма. «5:5:1» әдісі.
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады. Осыдан кейін 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен өліседі.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Сабақ барысында алынған білімдерін түйіндейді
|
1.Тақырып бойынша 5 сөйлем айтады.
2.Бес сөйлемді бес сөзге қысқартады.
3.Бес сөзді 1 сөзге қысқартады.
| |