Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет18/56
Дата12.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#42627
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

ТАПСЫРМА


Үлкен қателік - анасы (мамочка) болу. Біз киімдерін
үтіктейміз, қарны ашып қалмаса екен деп тамағын жасап
береміз, киімін жуып береміз, жұмысқа кешігіп қалмасыншы
деп таңертең бетінен сүйіп, ерте оятамыз. Бұл қамқорлық, иә?
Қамқорлық дұрыс нәрсе. Қамқорлық қарым-қатынасты
жақсартады. Ер адамның махаббатын оятады. Бірақ қамқорлық
пен шектен шығып кету деген нәрсенің айырмашылығын
білуіміз керек. Көбіміз оның анасы болып кетеміз.
Мысалы, күйеуіңіз үнемі бірнәрсені ұмытып кетеді (туған
күндерді, несие төлеуді, белгілі уақытты, кілтті). Сосын біз не
істейміз, оның есіне саламыз. Анасы сияқты есіне түсіреміз.
"Тағы да кілтіңді ұмытып кетпе, сен өмірі ұмытып кетесің ғой"
деп айтамыз. "Бүгін анаңның туған күні ғой, анаңның туған
күнін ұмытып кеттің ба?" немесе "Менің туған күнім ғой, неге
ұмытып кете бересің?" - деп, дауысымыз ананың тоны сияқты
болады. Анаңыз сізге қалай ұрысады? Критика жасап ұрсады,
иә, минусыңызды айтып ұрысады. Негізі біз мұны жек
көргеннен емес, ұрсысып қалғыңыз келгеннен емес,
жақсылықты қалағаннан кейін солай айтамыз. Жақсы болсын,
ұмытып кетпесін, келесі жолы есінде сақтап қалсын деп
сөйлейміз, ұрысамыз. 
Кетіп бара жатқан кезде: 
-Есікті жауып кетуді ұмытып кетпе, ұмытып кете бересің ғой
сен. 
-Сен тағы ұмытып кеттің ба? 
-Тағы да кешігіп қалдың ба? 
-Кешікпейтін күнің бар ма сенің? 
Өзіңіз байқап жатқан шығарсыз, есіңізге түсіп жатқан болар.
НЕГЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
БАСТАЛҒАННАН КЕЙІН АРАДА
ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?
Некеге дейін... 
54


Егер ол үнемі ұмытып кетсе не істеу керек? Анасы болмау
керек, хатшы болу керек. Хатшы қалай сөйлейді? Ол айтады:
-Сейсенбі күні кешкі сағат 18:00- де кездесуіңіз бар. Ұмытып
кетпеңіз. 
Жұмсақ сөйлейді. Біз де хатшы сияқты сөйлеуіміз керек. 
-Жаным, кілтіңді ұмытып кетпе, жарай ма?- деген сияқты
жұмсақ сөйлеуіміз керек. Бұл жерде ең маңыздысы дауыс
мәнері. Сөзімізді, тілімізді жұмсартып, майдалатып, анасы
сияқты емес, әйел сияқты нәзік, жұмсақ сөйлеп үйренуіміз
керек. Есіне салу да үлкен еңбек.
Ер адамның өзі істей алатын нәрселері бар. Мысалы, сіз
ауырып қалсаңыз, ол өзіне тамақты ысыта алады. Сіздің барып
тамақ ысытқаныңыз міндетті емес. Оның өзінің қолы бар,
қарны ашып қалса тамақты табады. Оны жаман үйретіп
қоясыз. Мысалы, сіздің қолыңыз мүлдем босап жатқан жоқ.
Қонақтар келіп жатыр. Ол келіп "киімімді үтіктеп бер" дейді.
Сіздің асығып, үлгере алмай жатқаныңызды көріп тұр. Егер сіз
оны үйретіп тастасаңыз, ол ренжуі, ашулануы мүмкін. "Сен
маған үтіктеп беруің керек, ол сенің міндетің, барлық нәрсені
қойып, сен менің затымды бірінші істеуің керек" деп айтуы
мүмкін. Ал үйретпесеңіз, қарым-қатынастың ең басында қалай
басталды солай кете береді. Ең басында: «Жаным, күнім,
алтыным, қарашы мен үлгермей жатырмын. Қонақтар жарты
сағаттан кейін келеді. Мен барлығын істеп үлгеруім керек.
Өтінемін өзің үтіктей салшы. Келесі жолы мен саған үтіктеп
беремін» деп келісіп аласыз. Келесі жолы қолыңыз бос
болмаған кезде, ол бәрібір қазір өзің істей салшы деп айтады
дейді де, өзі істей салады. Тамақты ысыта салады, киімді
үтіктей салады, кір киімдерді машинаға сала салады. Біз кір
киімдерді үйдің ішінен өзіміз іздеп жүреміз, иә? Себебі, біз
өзіміз сондай нәрсеге үйреттік. Қарым-қатынастың басында
қалай үйретесіз ер адамды, ол солай қабылдайды және соны
ереже деп ойлайды. 
Некеге дейін... 
55


Сосын біраз уақыт өткеннен кейін бұл ереже бұзылса, ол
ашуланады:
-20 жыл болды ғой осыны істеп келе жатқаныңа, не көрінді аяқ
астынан, ауа-райы сияқты өзгеріп кеттің құбылмалы болып. Не
болды саған?-дейді. Сіз өзіңізді кінәлайтын боласыз.
Бұл кеңестер қарым-қатынасты енді бастап, енді үйленіп
жатқан адамдарға жақсы болады. Ал көп жылдар бойы немесе
бес жылдан көп тұрмыс құрған қыздарға бұл әрине қиын
болады. Кеш емес, үйретуге болады. Бірақ ешқашан күйеуіңіз
бірнәрсені ұмытып кеткенде дауысыңыз дөрекі болмасын,
жұмсақ, майда, нәзік сөйлеңіз. Кемшіліктерін айта бермеңіз.
Ер адамға қай кезде сөйлеу керек екенін білу керек, тәсілдерін
білу керек. Күйеуіңіздің мінезін білесіз ғой, қай кезде сөйлеу
керек, қай кезде сөйлемеу керек, қай кезде үндемей қалу
керек, қай кезде айту керек деген сияқты. Сіздерге айтар
кеңестерім осы.
Некеге дейін... 
56


Ер адам әйел адамның өмірінде бірінші орында тұрмауы керек.
Ер адамның өмірінде сіз өзіңізді үшінші орында деп қойсаңыз,
яғни мен еркектің өмірінде басты емеспін, мен үшінші орында
тұрамын деп, өз-өзіңізге бекітсеңіз, сіздің самооценкаңыз
төмен түсіп кетеді. Ер адам сізбен пікір таласпайтын болады,
сізден ақыл сұрамайды, сізге керек пе, керек емес пе, бұл оны
алаңдатпайтын болады. Себебі, сіз оған өзіңіздің орныңызды
білдіртіп қойдыңыз. Еркекке әрқашан өзіңіздің бірінші орында
тұрғаныңызды білдірту керек. Қалай? Ашумен, ұрыспен емес,
еркелікпен, әдемі қызғанышпен.
Мысалы, сіз оның бір әйелге қарағанын көріп қойдыңыз немесе
бір қыз оған қарап жатыр, жазып жатыр, хабарласып жатыр. Сіз
өзіңіздің ол қыздан жоғары дәрежеде екеніңізді сөзбен және
іспен, көзқараспен оған білдірту керексіз. Мысалы:
-Жаным, анау қыз неге сонша қарап жатыр қайта-қайта саған,
сен оған қарайсың деп ойлап жатыр ғой деймін, иә?- деп күле
саласыз.
Бір жағынан сіз қызғанып жатырсыз, бірақ бір жағынан сіз
оған:
-Ол сенің талғамыңдағы емес, сен оған тіпті қарамайсың ғой,
оның мүлдем мүмкіндігі жоқ, себебі мен одан жүз есе
жақсымын, екеумізді салыстыршы, мен одан мың есе асып
түсемін ғой, әйелі менен қызғанады деп ойлап жатқан шығар,-
дейсіз.
Сіз оған өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды көрсетуіңіз
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет