Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет53/56
Дата12.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#42627
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
ilovepdf merged

Үнемі кешігу. Манипуляторлар ең алғашқы приемын неге
кешігу арқылы жасайды? Себебі сіз оны күтесіз. Ал күтсеңіз,
демек ойлайсыз. Егер ойласаңыз ол тәуелділікке апарады. Бұл
адамға байлану. Адамды күту арқылы ол сізді
мойынсұнушылыққа үйретеді. Мойынсұнушылық бұл қарым
қатынаста оның сөздеріне, кемшіліктеріне, қателіктеріне
үйрете бастайды. Басында 10 минутқа кешігеді. Сосын 15
минутқа, кейін қоғамдық орындарда 1 сағатқа дейін күттіріп
қояды. Қанша жерден сіз оған: -Ұнамайды, олай істеме, мен
екінші күтпеймін,- деген сияқты сөздерді айтсаңыз да ол
бәрібір сізді күттіріп осыны жалғастыратын болады. Кешігіп
келген манипулятор ең бірінші сізге комплимент айтады. Аяқ
астынан пайда болады да, комплимент арқылы немесе сыйлық
арқылы өзінің кешіккенін осылай жуып-шаяды. Бірақ бәрібір
соны істеуді жалғастырады.
Екіншісі - қол жеткізбеушілік. Ол сіздің миыңызда,
ойыңызда, мүмкін телефонда үнемі байланыста бар. Бірақ
өміріңізде ол жоқ. Өміріңізде ол үнемі қолы бос емес,
жұмыста жүретін, уақыты жоқ адам. Бірақ ешқашан ол өзінің
жұмыста екенін дәлелдеп бермейді. Жұмыс болмаса онда
спорттық жаттығулар, үйірмелер, әйтеуір үнемі бітпейтін іс-
шаруаларды ғана айтады. Манипулятордың бұл жердегі
мақсаты-сіздің үмітіңізді өшірмеу және онымен кездесу, бос
уақытын сізге арнау үшін сізді қалатқызу (яғни, сіздің
қалауыңыз арқылы). Мұндай сәттерде қыз әдетте өзінің
көмегін ұсына бастайды. "Мен саған көмектесейін, егер қолың
бос болмаса орнына істеп берейін",- деген сияқты сөздерді
айтады. Манипулятор үнемі өзінің қолы тимейтіндігін,
үлгермей жатқанын, жұмыстың көп екендігін айта беретін
болады. Негізінде сіз манипуляторға
Некеге дейін... 
174
МАНИПУЛЯТОР ЖІГІТТІ 
ҚАЛАЙ ТАНИМЫЗ?


көмектесіп жатырмын деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес.
Сіз оған көмектесіп жатқан жоқсыз, сіз оның көңіліне таласып
жатырсыз. Егер бұл қайталана беретін болса, сіз оның
орнындағы міндеттерін үнемі орындап жүресіз, ал
манипулятор әрқашан қолжетімсіз болады, өміріңізге келмейді
немесе өте сирек пайда болатын болады. Ақыр соңында
истерика, айқай-шу, ұрыстар болады. "Неге келмейсің? Неге
көңіл бөлмейсің?"- деген сияқты әңгімелер пайда болады. Ал
манипулятор өзінің жоқтығымен сізді жазалайтын болады. 
Тым жақсы сөйлесіп жатқан кезде оған ұнамсыз нәрсені
жасасаңыз, мүмкін ол сізге бір өтініш айтады: -Маған мына
нәрсе керек болып тұр жасап берші. 
Сіздің бас тартқаныңызға ол бірден 2-3 күнге жоқ болып
кетеді. Телефонды бір көтермесеңіз, керісінше ол 1 күнге
хабарласпай немесе телефонды көтермей жоқ болып кетеді. Ал
егер оған ұнайтын, оның сұраған өтініштеріне дұрыс жауап
бере алсаңыз, өтініштерін орындасаңыз, онда манипулятор
сізді өзіне жақын тарта бастайды. Яғни сөйлесіп, жылы сөздер
айтып, арасында кездеседі. Бірақ бір қателік жасасаңыз немесе
ол манипулятордың өтінішіне көнбесеңіз немесе бір
қоңырауын көтермей қойсаңыз, ол сізді жоғалып кетіп
жазалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет