Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет38/56
Дата28.09.2022
өлшемі2,08 Mb.
#40605
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
ҚОЙСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ОНЫ
ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ?


WhatsApp-тан жазып жібересіз: "Жаным, мен соңғы кездері көп
ойланып жүрмін, менің қазір осылай істеп жүргенім (мысалы,
телефонды тексерту, Instagram пароль беру, анасына барып
көмектесу, тамағын жасап беру немесе төсек қарым-қатынасы
болып жүрсе) мен үшін дұрыс емес. Мен жігітпен жүрмей жатып
өзіме көп ережелер, көп принциптер қойған болатынмын, мен
өзімді бағалы, құнды сезінуім үшін мен осы нәрселерді жасамау
керек едім. Сені ренжітіп алмау үшін, сенің көңіліне қарап қана
мен өтінішіңді орындап жүргенмін. Бірақ қазір мен олай жасай
алмаймын. Сен ренжіме,- деп түсіндіресіз. 
Егер ол ренжитін болса, ештеңе етпейді. Ең бастысы, сіз сөзіңізде
тұрыңыз. Ол ренжіп қалды деп көнпез болмаңыз. Себебі,
манипуляторлар солай ренжіп қалады.
Сізге күту керек. Бір күн ренжиді, екі күн ренжиді. Сіз жай ғана
тақырыпты ауыстырып жіберуге тырысыңыз. 
-Міне, менің принципім осындай, жаным, маған ренжімеші, мен
мұны қаламаймын, мен саған бере алмаймын парольді. Мені
түсінгің келсе, онда өзіңнің парольіңді маған бер. Мен сенің
атыңнан Instagram-да отырайын. Маған келген сайын мен сенің
телефоныңды ақтарайын, картинка, архив бәрін оқып отырайын.
Сол кезде сен, мүмкін, түсінетін шығарсың, маған қалай
болатынын. 
Ол келіспейді. Келісетін болса да, келген сайын барлығын өшіріп
отыратын болады.
"Мен өзімнің самооценкамның төмен екенін көрсетіп қойдым"
"Мен оған тәуелді екенімді көрсетіп қойдым. Яғни неге маған
хабарласпайсың, неге мені іздемейсің, екі күн өтті сен суып
кеттің, бір апта болды кездеспедік, сен маған келгің келмейді ма?
Міне, осындай сияқты сұрақтарды қойып, мен оған тәуелді
екенімді көрсетіп қойдым. Енді не істеймін?" 
Некеге дейін... 
119


Не істейсіз сіз? Жай ғана солай айтуды доғарасыз. Енді оған
төмендегідей сұрақ қоймайсыз. 
Қайда жүрсің? 
Кіммен жүрсің? 
Не істеп жүрсің? 
Қашан келесің? 
Ол басында біртүрлі болады. “Неге, ренжіп қалдың ба маған?-
деген сияқты. 
Жоқ, ренжігеніңізді білдірмеңіз. Тіпті ішіңіз күйіп, ренжіп
тұрсаңыз да ренжігеніңізді білдіртпеңіз. Себебі, еркек сіздің
интонацияңызға, дауыс мәнеріңізге, қас-қабағыңыз, тіпті отырған
кезде қалай отырғаныңызға мән береді, ер адамдар қатты
психологтар, олар барлығын байқайды. Сіз ренжіп отырсыз ба,
әдейі істеп отырсыз ба, соның барлығын байқайды. Сол үшін сіз
одан да ақылды, одан да асқан актриса болу керексіз. 
Сізге бұл не үшін керек? Дәл осы кеңес арқылы ер адамда іштей
қорқыныш пайда болады. "Байқаймын, мына қыз мені жақсы
көремін десе де, кездесуге шықса да, жаным, күнім деп айтса да,
маған тәуелді емес,- деп ойлайды. 
Тәуелді емес адам не істейді? Кез-келген сәтте жоқ болып кетеді.
Кез-келген сәтте айырылысып кете алады. Кез-келген сәтте
адамның қателігін көрсе "Мен сені кешіре алмайды екенмін, сау
бол,- деп айта салады. Ер адам оны түсінеді.
Ал сіз менің кеңестерімді орындамасаңыз, шыдамсыз болсаңыз,
сабырлы емес болсаңыз, тәуелді екеніңізді көрсетсеңіз, онда ол
не істейді? Ондай кезде ер адам сіздің ешқайда кетпейтіндігіңізге
сенімді болады. Ондай кезде ер адам миына не келсе, басына не
келсе соны жасайтын болады. Бар болады, жоқ болады, кешірім
сұрайды, қателігін қайталайды, боқтамаймын деп, кешке жақын
боқтап қояды, темекіні сенің көзіңше тартпаймын дейді, бірақ
тартады. Не үшін олай істейді? Себебі, сіз "болды, сөйлеспей-ақ
қояйық,- деген әңгімені айтасыз да , 2-3 күннен кейін қайтып
келсе кешіре саласыз. Бұл сіздің әлсіз, өзіне сенімсіз, тәуелді
екеніңізді көрсетеді.
Некеге дейін... 
120


Алдыңғы тақырыптардың бірінде "Думай как мужчина (2012)"
киносын көріңіздер деген болатынмын. Ол кинода Стив
Харвидің ережелерін әрекетке қолдана білген. Дұрыс қолданды
ма? Қолдана алмады ма?
Бір қыз ер адаммен бір түн өткізгеннен кейін, ол ер адам үнемі
жоқ болып кетеді. Бұны қалай түсінуге болады? Түн өткізу деп
түсінбей-ақ қойсақ болады. Біз оны қолға жеңіл түсетін қыз деп
қабылдайық. Себебі, біздің де өмірімізде сол кездеседі, біз де
қолға түсетін қыз бола аламыз. Біздің өмірімізде де жігіттер
пайда болып, кішкене сөйлескеннен кейін, бір кездескеннен
кейін бірден жоқ болып кетеді. Неге? Себебі, алғашқы
кездесуден бастап ер адамдар психолог сияқты қыздың өзін
қалай ұстайтынын, өзін қалай сезінетінін біліп тұрады. Бірінші
кездесуден бастап анализ жасайды. Нені? Танысқан қыз баланы
қолға түсіру оңай болады ма? Әлде қиын болады ма? Өздері
үшін соны шешеді. 
Егер бірінші кездесуден, бірінші сөйлескеннен сіз оның кез-
келген өтінішіне келісіп, кез-келген ұсынысына келісіп, қолға
оңай түсетініңізді көрсетсеңіз, оған сіз тез қызық емес боласыз. 
Әйел адам еркек үшін тек екі жағдайда ғана керек болады.
Біріншісі, тамақ ретінде, балыққа бару сияқты. Тамақ жеу үшін,
өзіңе керек болғаннан кейін ғана балыққа барасың. Екінші
нұсқасы - тек ойын үшін, жігіттерге мақтану үшін, көрсету үшін.
Бізге бұл керегі жоқ. Бірінші нұсқа болу үшін не істеу керек?
Яғни ол сізді керек болғаннан кейін қолына түсіру керек. Ол
біріншіден, жігіттің өзіне байланысты. Ол сізбен танысып жатқан
кезде қандай ниетпен танысып жатыр? Себебі оның мүмкін әйелі
бар, мүмкін қызы бар. Қызы бар жігіттер өздерінің
самооценкаларын көтеру үшін көп танысады ғой.
Кинодағы келесі күні жігіттердің барлығы жоқ болып кететін
қызға қандай ереже көмектесті? "Правило 90 дней" деп тұрды,
иә? 90 күн - 3 ай. Егер сіз шыдасаңыз, бізге бір ай да жетеді. Қол
Некеге дейін... 
121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет