ғана көрінеді. Сондықтан да көптеген “кертартпалы” іс-әрекеттер тікелей
негізделмеген. Іс-әрекетті ұтымды ету бәрінен бұрын жағдайды білдіретін
нәрсе емес, агенттерге іштей тән нәрсе: “Мен іс-әрекетті ұтымды ету деп
жеке адамдардың ескішіл және әуре-сарсаңсыз өз қызметі негіздемелерінің
тұрақты “теориялық түсінігін” қолдап отыратын қабілетін түсінемін” деген
қабілет процесін білдіреді. Іс-қимылды ұтымды ету өзара іс-әрекетке
қатысушылардың бір-біріне деген өзара құзыретіне қатысты келісімдерін
білдіреді. Адамдар не істейтіндерін біледі және олар әдетте немен
айналысатындарын түсіндіріп бере алады. Әңгіме “модерн” жағдайында
агент рефлексиясы әлеуметтік әрекет құрылымның маңызды құрамына
айналатындығында болып отыр. Гидденс, бір жағынан, әлеуметтік және жүйелі
ықпалдасудың айырмашылығынан, екінші жағынан, құрылымдану ұсынған
жүйе мен құрылым айырмашылығынан көрінетін құрылымды, яғни жүйе
және іс-әрекет арасындағы айырмашылықты қабылдайды. Гидденс өзінің
құрылымдану теориясында бұл пікірлердің редукционизмдігін, әлеуметтік
субъект пен объект дуализмін жеңуге тырысады. Қазіргі замандағы
әлеуметтік іс-әрекеттің рефлексивті сипаты Гидденс еңбектерінде іс-әрекет,
жүйе және құрылым ықпалдасуының мүмкіндігі ретінде көрінеді. Агенттің
институционалдану процесін ұғынуы бұл процестің өтуін сипаттауға
мүмкіндік береді, ал агенттің өзінің іс-әрекетіне қатысты тұрақты
рефлексиясы ықтимал ықпалдасу тәсілін көрсетеді. “Әлеуметтік жүйе
құрылымдануын талдау - интегративті ережелер мен құралдарды қолдану
арқылы, сонымен қатар ойда жоқ себеп-салдармен байланыс арқылы
ұйымдастырылатын және өзара іс-қимылмен ұдайы өсіп отыратын жүйе
тәсілдерін зерттеуді білдіреді”. Бұдан біз құрылымдану теориясының негізгі
міндеті әлеуметтік шындықтың объективті және субъективті жақтарын
“дуальдылық” ретінде, яғни “дуальдық” ұғымдардың кіріспесіне негізделген,
жүйені, іс-әрекетті және субъектіні тұжырымдайтын әлеуметтік феноменнің
бұл сипаттамаларының бірін-бірі толықтыруы және қосбірліктігі, сараптау
екенін көреміз.
Іс-қимыл рефлексивті мониторингі - өзіндік жеке іс-әрекеттердің, өзге
адамдардың іс-әрекеттерінің, сонымен іс-қимылдың физикалық және
әлеуметтік шарттарының тұрақты және үздіксіз бақылануы. Іс-әрекеттің
рефлексивті мониторингі сонымен қатар агенттердің тек қана жеке іс-
әрекеттерді бақылап қана қоймай, басқа агенттерден де осындай
бақылауларды күтетіндігін білдіреді. Жеке адам тұлғасына қосымшада
негізделу деңгейі санасыз дәлелдерге, жеке адамның танымдық қабілетіне,
жеке адамның әрекет жасауға ұмтылысына айналады. Ұтымды ету деңгейі
тәжірибелік сана деңгейі, ал іс-қимылдың рефлексивті мониторингі
пайымдаушы сана деңгейі болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: