жаңаша бейімделуі” (1989) еңбегінде мынадай түбегейлі өзгертулер енгізеді:
біріншіден, 1 және 2 нүктелерде құрылымдық қасиеттердің алдымен
эмерджентті пайда болуы, содан кейін (қазіргі кездегі) әсері, бұрынғы
әрекеттердің әдейі жасалмаған салдары және қазіргі таңдағы іс-әрекеттің
мақұлданбаған жағдайлары түсіндіру түрінде көрсетілген. Екіншіден, әрекет
етушілердің өз әлеуметтік әлемін түсінулері құрылымдық қасиеттердің
әсерімен шектелгендігі анықталды. Үшіншіден, ендігі жерде процесті уақыт
кезеңдеріне бөлу шешуші рөл атқаратын болды. Арчер Бхаскардың осы үш
анықтамасына сүйене отырып морфостазис/морфогенезистің өзі жасаған
үлгісін ұсынады:
Құрылымдық келісім
Т 1
Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
Т 2
Т 3
Құрылымды өңдеу (Морфогенезис)
Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
Т 4
Маргарет Арчер М/М көзқарасының негізгі теориялары:
(1) Құрылым өзінің түрін өзгертетін әрекеттен қажеттілікке байланысты
уақыты жағынан бұрын болады.
(2) Қажеттілікке байланысты құрылымды жасау уақыты жағынан оның
түрін өзгертетін әрекеттерден біршама кеш болады екен.
Арчердің дуализмінің талдамалық сипаты бар және ол қоғамды
құрылымдауға тартылған процесті ашу мен түсіндіру уақыт ішінде орын
алуы үшін теориялық жағынан қажетті болып табылады.
Қорыта келе, ӘӘӨҮ мен М/М көзқарасы арасындағы ұқсастық
реализмнің өзінен бастау алады деп айтуға болады. Дарашылдық сияқты,
холизм де тиісінше әлеуметтік дүниені айқындайтын онтология болып
табылады, ал кейін оны қалай түсіндіру және зерттеу керектігі жөнінен
нұсқаулар беріп отырды, дәл сол сияқты шынайы әлеуметтік онтология да
әлеуметтік шындықтың басты анықтамасы ретінде оның тереңдікке,
стратификация мен пайда болуға бейімділігін іс жүзіне асыратын
әдіснамалық шынайылықты білдіреді.
Формальды түрде шынайылық түсіндіруші үлгіге жақын. Түсіндіруші
үлгі жасаушы механизм ретінде алдыңғы құрылымдарды мойындайды.
Олардың әсер етуші билігі және соған сәйкес міндеттері бар басқа
объектілермен қарым-қатынасы олардың стратификацияланған әлеуметтік
дүние деп аталуында. Сондай-ақ, осы құрылымда болып жатқан жаңағы
объектілердің қарым-қатынасының болжауға келмейтін, бірақ түсіндіруге
болатын нәтижелерін қоғам деп атасақ та болады.
Достарыңызбен бөлісу: