Садырова М. С


Инновация»  және  «новация»



Pdf көрінісі
бет69/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Инновация» 
және 
«новация» 
термині философия, 
әлеуметтану, мәдениеттану және т.б. әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда 
әлі де болса нақты өз анықтамасын таппай отыр. «Инновация» сөзі латын 
тілінен шыққан. Қазақша мағынасы-жаңару, өзгеру, қандайда бір жаңалық 
енгізу дегенді білдіреді. 
«Новатор» және «инноватор» қиюласуы үйлесімді дамыған тұлғаның 
элементі ретінде көрінеді. 
Бүгінгі қоғам дамуы адамдардан инновациялық мінез-құлықты, яғни 
кез-келген қызмет түрінде белсенді жүйелік қатынастарды талап етеді. 
Инновация теориясы өз дамуын инновациялық менеджментте, басқару 
социологиясында, сонымен қатар ХХ-ғасырдың соңында пайда болған 
инноватика ғылымынан алады. 
Венгер 
социологы 
Б.Санто 
инновациялық 
жылдамдықтың 
стратегиялық та, ғаламдық та қатынаста сыни маңызға ие болғандығын атап 
көрсетеді. Оның ойынша кез-келген инновация бұл заттарды басқаша 
қараумен, мәселені табу мен оны шешу міндеттерін қою, сонымен қатар сол 
міндеттерді шешу. Адам мен оның қоғамының өзін-өзі дамытудың мәні осы 
мүмкіндіктерді инновация арқылы жүзеге асыруда жатыр. Инновация екінші 
мыңжылдықтың соңында «өзін-өзі дамыту стратегиясы» мағынасына ие 
болып, мемлекеттердің және мекемелердің инновациялық саясаты биігіне 
жетті. Ғаламданудың бұл жердегі көрініс беруі, инновация императивін 


жоққа шығармайды. Себебі бұл дамыған елдердің үлесінен емесі, қайта 
керісінше, дамушы елдерде инновацияға деген қатынастың екі есе жоғары 
болуында. Олай дейтініміз: ұлттық бәсекеге қабілетті технологиялық 
артықшылықтарды құру және сақтап қалу, ғаламдық нарық экономикасына 
шығару кез-келген ел үкіметінің және мекеме басшыларының басты 
назардағы міндеттері. 
Мәскеудегі ЮНЕСКО-ның өкілі В.Рейтердің ойынша, инновация қоғамның 
бастапқы әлеуеті болып табылады. Оның көмегі арқылы экономикалық, 
әлеуметтік және т.б. мәселелерді шешуге болады және де қазіргі де, 
болашақтағы да ұрпақтарымыздың материалдық және рухани әл-ауқатын 
қамтамасыз ете аламыз. Бүгінде қалыптасқан жайт айқын көрініс беріп 
отырғандай, дәстүрлі жанасулар, әдістер, технологиялар, басқару 
мәселелерін қоса алғанда прогресті көптеген жылдарға тоқтатып қою, 
тоқтатпаған жағдайда адамзат тұрмысының негіздерін тоқтатып қою қауіпі 
бар. Бұл жердегі басты мәселе адам, қоршаған ортаны, тұтастай әлемді 
сақтап қалу. Бірақ сонымен қатар мына жағдайды да ойлану қажет. 
Инновация бұл қоғам дамуының бастапқы әлеуеті ғана емес, ол тұлғаның 
өзін-өзі тиімді танытуына да тікелей байланысты. 
Инновацияға күн өткен сайын, қандайда бір қоғамның мәдени 
процесінің индикаторы деген статусы беріліп отыр. Инновациялық әлеуеттің 
өлшемі қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері мен оны қамтамасыз ету. 
Мұндай жағдайда инновациялық ақиқат пен әлеуметтік жағдайлар, 
механизмдерді басқаруды, қоғамның инновациялық дамуы мен адамды 
қалыптастыруды реттеуді социологиялық зерттеу ерекше маңыздылыққа ие 
болуда. Әлеуметтік прогресті талдаудың жалпы құрамдас бөліктеріне 
инновациялық 
жүйелер, 
инновациялық 
процестер, 
инновациялық 
қатынастар, сонымен қатар қоғамдық, топтық және жеке инновациялық сана 
мен қызметтер жатады. 
Инновациялар ғылыммен, конструкторлық-технологиялық базалармен, 
нақты сектордағы мекемелермен және т.б. институттар мемлекеттік 
индустриалды-инновациялық 
саясатпен 
өзара 
қарым-қатынаста 
технологиялық өрлеудің негізіне айналады. Бұл ғылыми орталықтардың 
венчурлық фирмалардың, өндірістердің әлеуетінеде сонымен бірге 
Қазақстанның инновациялық жүйесі саясатын құруды жүзеге асыру 
механизміне де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет