Садырова М. С


Көші-қонды зерттеудің социологиялық бағыты



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

 Көші-қонды зерттеудің социологиялық бағыты 
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты, біз көші-қонды 
«ерекше» әлеуметтік үрдіс ретінде қарастыруды ұсынамыз. Айта кететін 
жайт, әлеуметтік үрдіс қоғамдық жағдайдың немесе адамдардың үлкен 
әлеуметтік топтарының тұрмыс қалыптарының, ұдайы өндіріс шарттары мен 
әрбір адамның жеке тұлға ретінде дамуының белгіленген өзгеріс 
беталыстарын білдіретін адамдардың өзара әрекеттестігінің статистикалық 
тұрақты актілерінің жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, біріншіден, 
кез келген әлеуметтік үрдіс сипатталатын: уақыт ұзындығы, даму 
кезеңдерінің ұзақтығы, үздіксіздік және сәйкестік жағдайларды есепке алу 
қажет. Екіншіден, әлеуметтік үрдісті осылай сипаттайтын ерекше және 
өзгеше жағдай. Олардың құрамына зерттеушілер жаппай сипатты (бұл 
жағдайда адамдардың жеке әрекеттері тұратын орнын ауыстыру арқылы 
көші-қон үрдісі деп аталмайтындығын білдіреді); тұрақтылықты (көші-қон 
үрдістерінің себепті-тергеулік өзара тәуелділігі); көші-қон үрдістерінің 
нәтижелері мен негіздерінің әлеуметтік мазмұнын (олар, ең алдымен, 
қоғамның әлеуметтік мәселелерімен туады және оларды алып тастауға 
бағытталады); көші-қон үрдістеріне қатысушылардың жеке әрекетін (көші-
қон әртүрлі факторлардың әсерімен пайда болған және қоғамдық ынта 
ретінде жүзеге асырылатын спонтандық әлеуметтік үрдістер класына 
жатады) жатқызады. Көші-қон үрдісінің ерекшелігі құрамына үш фазаны 
қосатындығында болып табылады: ұтқырлық факторларын қалыптастыру; 


келімсектердің орын алмастыру үрдісі; олардың жаңа тұратын мекендеріне 
бейімделуі.
Көші-қонды социологиялық зерттеу оның пайда болуы көздері туралы 
ақпаратты жинастыруды қосатын социологиялық құралдардың алғашқы 
жағдайын бекітуді; үрдістің бұрын алынған ақпараттық қор үлгісін құруды; 
оның жеке құрамдарын зерттеуді; әлеуметтік үрдістің байланыстыратын 
«остерін» ерекшелеуді және оның маңызды сипаттамаларын зерттеуді; үрдіс 
құрайтын құбылыстардың иерархиясын талдау базасын, олардың 
«рейтингін» анықтау; зерттелетін феноменді дамыту барысында алынған 
ақпарат базасын, оның бағытын және тұрақтылығын талдауды ұсынады. 
Сонымен, көші-қон социологиясы әлеуметтік-географиялық орын 
алмастыруға қосылған халықтың әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде 
көші-қон үрдіс объект болып табылатын қатысты жеке социологиялық 
білімнің саласы ретінде қарастырылады, ал пәні ретінде – бұрынғы және 
жаңа социум шеңберіне көшірілген адамдардың әлеуметтік қатынастарының 
субъективті және объективті аспектілерінің өзгеру динамикасы болып 
табылады. Социологиялық ұғымда келімсектер – бұл жаңа тұратын 
мекендерінде мүшелері өздерін мінез-құлықтың біртұтас субъектісі ретінде 
санайтын және топтық ынтымақтастық сезіміне ие болатын әлеуметтік 
топтар. Сондай-ақ, айта кету қажет, көші-қон социологиясының пәндік өрісі 
тұратын мекенін ауыстыру нәтижесіндегі олардың жүзеге асырған 
әлеуметтік қызығушылықтарын ұдайы өндіріс бойынша қоғамның 
әлеуметтік қызметтерімен үздіксіз байланысты. Социологиялық білімнің 
басқа салалары секілді көші-қон социологиясы белгіленген қызметтерді 
жүзеге асырады, олардың қатары мыналар жатады: гноселогиялық, баяндау-
диагностикалық, болжамдық, аспаптық, паксиолого-социоинженерлік, 
идеологиялық. 
Кез келген жеке социологиялық теория секілді, көші-қон 
социологиясы нақты көші-қон үрдістерінің көзқарастары үшін сипатталатын 
теорияның өзінің ішінде пайда болатын ерекше категориялы аппаратқа ие. 
Көші-қон социологиясының категориялы аппараты – бұл жалпы социология, 
көші-қонды зерттеумен айналысатын аралас ғылымдардың ұғымдары мен 
ерекше категорияларын қамтитын жалғы ғылыми ұғым жүйесі. Әңгіме 
«үрдіс», «қызмет», «даму», «құбылыс», «құрылым» және т.б. секілді жалпы 
ғылыми ұғымдар туралы болады. Біреулері көші-қон үрдісін, оның 
фазаларын, дамыту мен қалыптастырудың әлеуметтік механизмдерін 
түсіндіру үшін қажет. Жалпы социологиядан мына категориялар қолданылуы 
мүмкін: «әлеуметтік үрдіс», «әлеуметтік мобильдік», «әлеуметтік қарым-
қатынас», 
«әлеуметтік 
статус», 
«әлеуметтік 
бедел», 
«әлеуметтік 
қызығушылық», «әлеуметтік ереже» және т.б. Әрине, бұл категориялар көші-
қон үрдістерінің әлеуметтік өмір субъектілерінің ұдайы өндірісті талдауға 
көші-қон социология бағыттары үшін тән қолданылады. Әлеуметтік 
статистика және демография категорияларынан мыналар қолданылады: 
«көші-қон қозғалысы», «көші-қон құбылмалығы», «көші-қон когорта», 
«көші-қон айналымы», «көші-қон ағымы», «көші-қон сальдосы», «халықтың 


табиғи және механикалық өсуі»; әлеуметтік психологиядан – «әлеуметтік 
мінез-құлық», «әлеуметтік көңіл күй», «әлеуметтік толеранттық», 
«әлеуметтік шек қою» және т.б. Бірге қамтылған ұғымдар тек жалпы ұғымды 
ғана көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ ерекше пәндік мазмұнды және көші-
қон социологиясы үшін тән қоғамдың тіршілік әрекетін талдау бағыттарын 
бейнелейді. 
Көші-қон 
социологиясының 
ерекше 
категориялары 
зерттеу 
объектісінің социологияның пәндік мәнін ғылым ретінде байланыстырады. 
Бұл категорияның мысал ретінде жеке тұлғалардың орын алмасуы және 
тұратын мекенін ауыстыру нәтижесінде бір әелеуметтік қабаттан екіншісіне 
әлеуметтік топтардың ауысуын сипаттау кезінде қолданылатын «көші-қон 
мобильділігі» қызмет атқарады. «Шарасыз көші-қон», «еңбектік көші-қон», 
«қашқындар», «шарасыз көшу» секілді ұғымдар кеңінен қолданылады.
Көші-қонды социологиялық зерттеу саласы кең. Ол келесі 
бағыттармен сипатталады: әртүрлі әлеуметтік топтардағы халықтың көші-
қон мобильдігі; жеке тұлғалардың орын алмасуы және тұратын мекенін 
ауыстыру нәтижесінде бір әелеуметтік қабаттан екіншісіне әлеуметтік 
топтардың ауысуының әсері (әлеуметтік орын, еңбек түрін ауыстыру); көші-
қон мобильдігінің әлеуметтік тектілікпен, біліммен, әлеуметтік статуспен, 
ұлтшылдықпен берілу шарасы; жеке тұлға орнатуларының, потенциальдық 
келімсектердің мінез-құлықтары мен саналарын қабылдау динамикасы; ескі 
және жаңа әлеуметтік ортаның және референттік топтардың жеке тұлғалар 
мен әлеуметтік топтардың көші-қон әрекеттеріне әсері; тұратын жерлерін 
ауыстыруға байланысты жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың тосулары; 
көші-қон әрекеттері, оларды реттеудің әлеуметтік механизмдерін жалпы 
және жеке сипаттау; келімсектер үшін жаңа социумда әлеуметтік және 
этноәлеуметтік шоғырлануы мен адаптациясы (байырғы жергілікті 
тұрғындардың тілін қолдану және меңгеру беталысы, келімсектер 
ортасындағы 
некелер, 
әртүрлі 
әлеуметтік-этникалық 
топтарда 
диаспоралардың қалыптасуы, келімсектердің өзін-өзі сәйкестендіруі, 
келімсектердің мәдени және этномәдени даму бағыттары); келімсектердің 
саяси жағдайлары; ұлтшылдық мәселелері, әлеуметтік және әлеуметтік-
психологиялық жанжал негіздері. Көші-қон социологиясы мәселесіне 
сондай-ақ орналастыру көші-қон топтарының бірлестігі өзгерістерін талдау 
жатады. Негізінен, көші-қон социологиясы ғылыми пән ретінде қоғам 
өмірінің барлық әлеуметтік облыстарының ерекшелігін социологиялық 
сынау көзқарасынан көші-қон үрдістерін қарастыра отырып және 
социологиялық зерттеудің жалпы және арнайы әдістемелерін қолдану 
арқылы зерттеу қажет. 
Көші-қонның социологиялық термині объектінің субъектілігі арқылы 
кешенді, компаративті зерттеуді қамтамасыз ете отырып, күрделі ішкі 
құрылымды білімді, әртүрлі деңгейдің, бағыттар мен беталыстардың барын 
білдіреді. Бұл білім жүйесінде оны ұйымдастырудың үш деңгейін 
ерекшелейді: теориялық, нақты-әлеуметтік және социоинженерлік. 


Көші-қон үрдістерінің әрбір нақты зерттеулері эмпирикалық 
ақпараттарды талдау және барында жинау әдісітеріне қажетті пара-пар 
мақсаттар жүйесін білдіретін өзіндік жеке әдістемелік стратегиясына 
сүйенежі. Қазіргі таңда үрдіс жағдайы туралы базалық мәліметтер алу сұрақ-
жауап әдісімен жүзеге асырылады. Көші-қон үрдісінің старттық жағдайы 
туралы мәлімет тәжірибешілер мен көрермендердің сұрақ-жауаптарымен 
бірге үйлесіндегі құжаттардан алуға болады. Көші-қон үрдісінің өзгеруіә 
сұрақ-жауап әдістерімен, сондай-ақ социологиялық бақылау көмегімен 
бекітіледі. Бұл зерттеу кезеңінде едәуір тиімдісі – көші-қон үрдістерінің, 
олардың әлеуметтік құрылымға және зерттелетін аймақтың әлеуметтік 
стратификациясы динамикасын талдауды, көші-қон саясатының жобала мен 
программаларын 
құрауды 
қамтамасыз 
етуге 
мүмкіндік 
беретін 
мониторингтік бақылау. Көші-қон үрдісінің үшінші фазасын зерттеу – жаңа 
социумдағы келімсектердің шоғырлануы – «байыпты әдістер» жүргізу 
тиімді, нақты: өмір бағыттарын биографиялық, этнографиялық, әртүрлі 
әлеуметтік келімсектер тобының тіршілік әрекетін, әлеуметтік тәжірибе мен 
оның мағыналы құрылымдары, субмәдени үлгілі түрлерін түсіндіру. 
Зерттелетін көші-қон үрдісіне оны қалыптастыру немесе өзгертуді 
оңтайландыру мақсатында басқаруда әсер етуді ұйымдастыру қажет 
болғанда социологиялық тәжірибе әдісін қолдануға болады. Зерттеліп 
отырған үрдістің салдары мен барысын талдау барлық алынған ақпараттар 
базасында жүзеге асырылады. 
Жоғарыда айтылғандар қазіргі таңда көші-қон социологиясына 
арнайы социологиялық теория статусын иемдену үшін негіз бар деп айта 
аламыз, себебі бұл ғылыми бағыт, біріншіден, көші-қонды халықтың 
әлеуметтік өзара әрекеттестігінің әлеуметтік үрдісі ретінде әлеуметтік-
географиялық орын алмастыруге қатысты өзіндік зерттеу объектісіне ие; 
екіншіден, ескі және жаңа социум шеңберінде орын алмастырған 
адамдардың әлеуметтік қатынас аспектілерінің объективтік және 
субъективтік өзгеріс динамикасын зерттеу пәні; үшіншіден, жеке 
категориялар мен ұғымдар; төртіншіден, эмпирикалық ақпараттарды талдау 
және жинаудың жалпы және арнайы бағыттарына қолданылған зерттеу 
технологиясы мен әдістерінің жүйесі.
Миграциялық процестер әртүрлі теориялық концепциялар шеңберінде 
зерттелуде. Миграциялық процестерді зерттеудің негізін ағылшын ғалымы Э. 
Равенстайн салды. Ол Ұлы Британия мен Солтүстік Америкадағы 
миграцияны зерттеу нәтижесінде он бір миграциялық заңды қалыптастырды: 
- көбіне миграция қысқа арақашықтықта жүзеге асырылады; 
- миграция біртіндеп, қадамнан қадамға жүзеге асырылады; 
- Алыс арақашықтықта жүзеге асырылатын миграция негізінен ірі сауда және 
өндірістік орталықтарға бағытталған; 
- әрбір миграциялық ағымның өзіне сәйкес қарсы ағымы болады; 
- ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда миграциялық тұрғыдан алғанда 
белсендірек; 


- ішкі миграцияда әйелдер белсенді болса, халықаралық миграцияда ерлер 
белсенді; 
- мигранттардың басым көпшілігі ересек тұрғындар, отбасылар өз елінің 
шеңберінен сирек шығады; 
- ірі қалалардың өсуі халықтың табиғи өсуіне қарағанда миграция арқылы 
негізделген; 
- миграцияның көлемі өндірістің, сауданың, транспорттың дамуына қарай 
өседі; 
- ауылдық жерден шыққан мигранттардың көпшілігі ірі өндірістік және сауда 
орталықтарына бағытталған; 
- миграцияның экономикалық себептері анықтаушы болып табылады. Э. 
Равенстайн теориясының негізінде миграцияның көптеген теориялары 
қалыптасты.
Меркантализм тұрғындардың халықаралық миграциясын зерттейтін 
батыстық ғылыми бағыттардың бірі. Бұл теорияның басты сипаты халықтың 
санының өсуі мемлекеттің гүлденуінің және қуатының негізі деп 
саналғандықтан, шетелдік жұмыс күшін пайдалану, өз азаматтарының 
эмиграциясына шек қою болып табылады. Неоклассикалық экономикалық 
макродеңгейдегі теорияларға сәйкес миграция жұмыс күшіне деген сұраныс 
пен ұсыныстың географиялық ерекшеліктерінен туындайды. Жұмыс күшіне 
деген сұранысы үлкен аймақтар төмен жалақыға ие болса, жұмыс күшіне 
деген сұранысы шектеулі аймақтар жалақының жоғары мөлшерімен 
сипатталады. Халықаралық миграцияның көлемі мигранттың шығу 
мекеніндегі жалақысы мен кіру мекеніндегі күтілетін жалақының көлемінің 
алшақтық 
деңгейіне 
байланыты 
болады.жалақыдағы 
алшақтық 
жұмысшыларды жалақы төмен төленетін аймақтардан жалақы жоғары 
төленетін аймақтарға қоныс аударуына мәжбүр етеді. Неоклассикалық 
экономикалық микродеңгейдегі теориялар бойынша жұмыскердің өзінің 
жұмысбастылығынан максималды табыс табуға ұмтылады. Бірақ ол ұшін 
адам көшіп қонуға, жұмыс табуға, жаңа тілді меңгеруге, т.б. шығындар 
шығаруы керек. Жеке таңдаудың макроэкономикалық теорияларына сәйкес, 
индивидтер көшіп қонудағы мүмкін болатын шығындар мен пайдаларды 
салыстыра отырып рационалдық талдау жасайды. Олар миграциядан таза 
пайда көп жаққа жылжиды, яғни жақсы елді іздейді. Миграция бұл тұрғыда 
мигранттың адамдық капиталына инвестиция ретінде сипаталады. Егер 
мигранттың адамдық капиталы жоғары болса, оған жұмыс табу және жақсы 
орналасу мүмкіндігі жоғары. Серпін және тарту теориясы бойынша 
миграцияның себептері серпін мен тартудың жиынтық факторларына 
байланысты. Серпін (итеріп тастау) себептері ретінде бағаның төмендігі, 
өмір сүру деңгейінің төмендігі, төмен экономикалық мүмкіндіктер, саяси 
қуғын сүргін, құрылымдық жұмыссыздық көрстіледі. Тарту факторларына 
жұмыс күшіне деген сұраныс, жүмысбастылық, кең эконолмикалық 
мүмкіндіктер, жердің құнарлылығы, жоғары жалақы, саяси бостандық 
жатады. Бұл теориялар миграциялық процестердің нақты себептерін 
түсіндіруге қабілетсіз теориялар ретінде сынға алынды. Шынымен де 


миграцияны 
индивидуалдық 
факторлармен 
шешумен 
түсіндіреді, 
мигарнттардың жиынтық факторларының барлық жиынтығын қамтымайды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары тарихи құрылымдау теориясы қалыптасты. С. 
Кастелес еуропалық миграцияны талдауға арналған еңбектерінде 
мигранттардың қозғалысының айрықша траекториялары жаһандангу және 
ұлттық экономикалық жүйелер шектерінде орналасты. Ол бұл 
траекторияларды дамушы жіне индустриалдық елдердің жіктелген 
экономикалық дамуы тұрғысынан қарастырды. Миграция жеке оқиға емес, 
көлемі мен бағыты мемлекеттік реттеу және жеке елдердің индустриалдық 
даму деңгейі арқылы анықталатын динамикалық процесс ретінде 
қарастырыла бастады. Миграцияны елдің оны реттеудегі стратегиясы 
өзгерсе, қысқартуға болады. Миграция ең алдымен арзан жұмыс күшін 
жұмылдыру жолы ретінде қарастырды. Бұл теорияда миграциялық 
ағымдардың қалыптасуындағы ірі көлемді ұйымдарға мән беріледі. ХХ 
ғасырдың 80-ші жылдары О Старк және басқа ғалымдар ұсынған жаңа 
мигарция теорияларына өту жүзеге асты. Бұл теориялық бағңытта миграция 
туралы шешімді оқшауланған индивидтер емес, өзара байланысты адамдар 
тобы қабылдайды. Адамдар бірлескен әрекетке тек миграциядан түсетін 
максиамлды табыс үшін ғана емес, кедергілер болған жағдайда шығынды
минималдандыру үшін де бірігеді. О Старк адамда өз өкілдерін басқа елдерге 
материалдық жағдайды жақсарту үшін ғана емес, әлеуметтік статусты 
жоғарылату үшін де жібереді.
Миграцияны зерттеудің жаңа теорияларының негізгі пайымдамалары: 
-
Миграциялық процестерді зерттеудің бірлігі ретінде автономды 
индивидтер емес, отбасы, үй шаруашылықтары саналады.
-
Жалақыдағы айырмашылық миграция үшін қажетті шарты болып 
табылмайды. 
-
Миграция үшін жұмысбастылық маңызды болып табылады, бірақ 
миграцияның одан да басқа күшті стимулдары болуы мүмкін.
-
Администрациялық шекаралардың екі жағында да жалақы 
теңестірілген кезде миграциялық қозғалыстар міндетті түрде тоқтап 
қалмайды.
-
Табыстың күтілетін бірдей өсуі миграцияның басталуына бірдей әсер 
етпейді.
-
Үкімет миграция деңгейіне тек еңбек нарығын реттеу жолымен ғана 
емес, капитал және сақтандыру нарығын реттеу арқылы да әсер ете 
алады.
-
Үкімет бағдарламалары мен экономикалық даму, олардың табысқа 
әсеріне тәуелсіз, миграцияға әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет