Садырова М. С


Жүйелік модель әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамасының



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Жүйелік модель әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамасының 
туындысы ретінде
Жүйелер теориясының негізгі идеясына сәйкес, кешенді бүтін әрқилы өзара 
байланыстармен біріккен және өздерін қоршап тұрған нәрседен қандай да бір 
шекаралармен оқшауланған көптеген элементтерден тұрады. Бұндай 
жүйелердін кәдуілгі мысалдары қызметін тірі организмдер ғана емес, 
молекулалар, планеталар, галактикалар атқара алады. Бұлай қорытуды 
адамзат қоғамының әртүрлі деңгейлеріне қолдануға болады. Жүйе ретінде 
макродеңгейде «жаҺандық қоғам» (адамзат), орта деңгейде (мезодеңгей) – 
ұлттық мемлекеттер мен аймақтық саяси немесе әскери одақтар, 
микродеңгейде – локалдық бірлестіктер, ассоциациялар, фирмалар, 
отбасылар, достар тобы және т. б. қарастырылады. Ол-ол ма, ондай
терминдермен экономика, саясат, мәдениет секілді принципінде қилы өрістер 
де нобайлана алады. Осылайша, жүйелер теориясы мектебінің өкілдері, 
соның ішінде Талкотт Парсонс (1902–1979), «жүйе» ұғымын тек өзекті ғана 
емес, әмбебапта ұғым деп санады.
Тиісінше, бұл мектептің өкілдері әлеуметтік өзгерістер деп не жүйенің 
өзінде, не оның ішінде болатын нәрселерді түсінеді. Бірақ егер неғұрлым дәл 
болсақ, айырмашылық бір ғана жүйе ахуалдарының арасында орын алады, 
олар уақыт барысында бірінен соң бірі пайда болып жатады. Мұндай 
жағдайда, өзгерістер туралы айтқанда, біз біршама уақыттан соң пайда 
болатын нәрсені меңзейміз. Басқаша айтқанда, әңгіме аталмыш уақыт сәтінің 
алдында байқағанымызбен содан кейін көретініміздің арасындағы 
айырмашылық туралы болып отыр. Осы айырмашылықты айырып алу үшін, 
талдау бірлігі оның ұқсастығын қамтамасыз ететін параметрлермен 


суреттелуге тиіс. 
Осылайша, әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамасы мына негізгі 
қағиданы қамтиды: айырмашылықтар бір ғана жүйенің әрқилы уақыттық 
сәттерімен ахуалдарына қатысты болуға тиіс. Стандартты анықтаманың 
жақсы мысалы мынадай болады: «Мен бүтін ретінде қарастырылатын 
әлеуметтік жүйенің сөзсіз болатын кез-келген өзгерісін әлеуметтік өзгерістер 
деп білемін».
Өзгерістер тұрпаттары сан алуан және оларға жүйенің нақ қандай 
қырлары, фрагменттері мен өзгерістері қамтылғанына қарай ажыратыла 
алады. Жүйенің ахуалы өздігінен алғанда бір шамада болмайды ғой, ол 
көптеген құрамдас бөліктер ахуалының қорытылған, жиынтық нәтижесі 
болып табылады. Олардың ішінде мыналар бар: 
1) ақтық элементтер (адами индивидтердің, олардың қарекеттерінің және 
тағы басқаларының саны мен сан алуандығы; 
2) элементтердің өзара байланысы (әлеуметтік байланыстар, берілгендік пен 
адалдық қатынастары, ықпалдастық, айырбастар және т.б.); 
3) жүйе элементтерінің бүтін ретіндегі қызметі (әлеуметтік тәртіпті сақтау 
үшін белгілі бір қарекеттердің қажеттігі); 
4) шекаралар (қамту өлшемдері, қатарға тарту принциптері, индивидтерді 
топқа қабылдау немесе ұйымға қамтуды бақылау шарттары және т.б.); 
5) 
кіші 
жүйелер 
(мамандандырылған 
салалардың, 
секциялардың, 
бөлімшелердің және т.б. саны мен сан алуандығы); 
6) орта (табиғи жағдайлар, басқа қоғамдармен көршілік, геосаяси жағдай).
Тек кешенді ықпалдастық арқылы ғана жүйе әлдене ортақ сипаттамаларға 
ие болады: тепе-теңдік немесе шатқаяқтық, консенсус немесе келіспеу, 
жарасым немесе алауыздық, кооперация не месе жанжал, бейбітшілік немесе 
соғыс, гүлдену немесе дағдарыс. 
Түпкілікті 
бастапқы 
компоненттер 
мен 
өлшем 
бірліктеріне 
бөлшектенгенде жүйе моделі бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Олар 
мыналарда байқалады:
құрамда (бір топтан басқа топқа ауысу, өсімінің ашаршылықтан туындаған 
кемуі, әлеуметтік қозғалыс қызметінің тоқтатылуы, топтың ыдырауы және т. 
б.); 
құрылымда (теңсіздіктің пайда болуы, биліктің даралануы, достық 
қатынастардың пайда болуы, кооперативтік не бәсекелестік қатынастардың 
орнатылуы және т.б.); 
қызметтерде (жұмыстардың мамандандырылуы мен жіктелуі, отбасының 
экономикалық рөлінің төмендеуі, университеттердің яки мектептердің өзіне 
басшылық рөл алуы және т.б.); 
шекараларда (топтардың қосылып кетуі немесе олардың арасындағы бәсеке, 
әкімшілік өшемдердің босаңсуы мен мүше болуы шарттарының 
демократиялануы; бір топтың басқа топқа қосылуы және т.б.); 
кіші жүйелердің қатынастарында (саясаттың экономикадан басым түсуі, 
отбасы мен барлық жеке өмірді тоталитарлық үкіметтің басқаруы және т.б.); 
айналадағы ортада (экологиялық жағдайдың нашарлауы, жердің сілкінуі, 


қара өлім не СПИД вирусының індеттері, халықаралық биполярлық жүйенің 
қосылып кетуі). 
Кейде өзгерістердің жекелік, шектеулі сипаты болады да жүйенің басқа 
буындарында елеулі үндестік туғыза қоймайды. Жүйенің ішінде болып 
жатқан әсте-әсте өзгерістерге қарамастан, оның бүтіндігі сақталып, түбегейлі 
өзгерістерге ұшырамайды. Мысалы, демократиялық саяси жүйенің күші 
жүйенің бүтіндігі мен тұрақтылығын шайқалтпайтын жекелеген 
реформалардың арқасында қыр көрсетуді тайсалмай қарсы алатын, 
қиындықтарды еңсере алатын және жанжалдарды асқындармайтын 
қабілетінде жатыр. Бейімделу модификациясының мұндай тұрпаты жүйенің 
ішіндегі өзгерістердің көрінісі болып табылады. Басқа бір жағдайларда 
өзгерістер жүйенің барлық компоненттерін (немесе бері салғанда болмаса 
негізгілерін) қамтып, оның түгелімен өзгеруіне жетелейді де, жаңа жүйеге 
бұрынғы жүйеден принципінде өзгеше қарауға мәжбүр етеді. Бұны 
әлеуметтік революциялардың көпшілігі тамаша бейнелейді. Түбегейлі 
(өзгерістердің) аталмыш тұрпатын жүйенің өзінің өзгеруі деп атауға болады.
Өзгерістердің осының екі оқиғасы арасындағы шекара тым бұлдыр. Жүйенің 
ішіндегі өзгерістер біртіндеп қордалана береді де, сайып келгенде жүйенің 
өзінің өзгеруіне ұласады. Әдетте, әлеуметтік жүйенің өзіндік ерекше 
шектеулері, «табалдырықтары» болады, оларды аттап өтіп ( баяулығы, 
қауырттылығы және дер кезінділігі жағынан олардан басым түсіп) ішінара, 
жекелеген өзгерістер бүтін жүйенің тұрпатын өзгертіп жібереді де, «сан 
жағынан» ғана емес, «сапа жағынан» да өзгерістерге жетелейді. Барлық 
тирандар мен диктаторлар қоғамдық наразылықтарды басып жаныштау тек 
белгілі бір сәтке дейін ғана нәтиже беретінін және олардың билігінің баяу 
эрозиясы сөзсіз демократияға жол ашатынын ерте ме, кеш пе байқайды. 
Әлеуметтік 
өзгерістердің 
оқулықтардан 
табуға 
болатын 
анықтамаларынан байқайтынымыз, авторлардың көпшілігі әлеуметтік өзара 
байланыстардағы, қоғамдық компоненттердің ұйымдастырудағы және 
олардың арасындағы байланыстардағы құрылымдық өзгерістерді, шешуші 
өзгерістер деп санайды: 
«Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамды ұйымдастыруда, ойлау 
жүйесі салтында және тәртіп үлгілерінде уақыт өте келе болып жататын 
өзгерістер». 
Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз «уақыт ағымында индивидтер, топтар, 
ұйымдар, мәдениеттер мен қоғамдар арасындағы қатынастарда байқалатын 
өзгерістер деген сөз». 
«Әлеуметтік өзгерістер тәртіптік үлгілердің, әлеуметтік өзара 
байланыстардың, институттар мен әлеуметтік құрылымдардың уақыт 
аясында алмасып отыруы» болып табылады. 
Бәлкім, құрылымдық өзгерістерді жеке бөліп көрсету олардың 
өзгерістердің басқа тұпаттарына қарағанда, жүйенің ішінде - оның жеке 
компоненттерінде ғана емес, оның өзінің өзгеруіне жиірек алып баруынан 
өрбитін шығар. Әлеуметтік құрылым қаңқа секілді бірдеңе, қоғам соған 
«бекітіледі» және ол сонда қимыл жасауға қабілетті, әрі ол өзгергенде, 


барлық басқаларыда сөзсіз өзгеруге тиісті.
Бұрынырақ атап өткеніміздей, жүйе ұғымы әлеуметтік күрделіліктің 
макро-, мезо- және микро- сықылды әрқилы деңгейіне қолданыла алады. 
Тиісінше, әлеуметтік өзгерістер де макродеңгейде (халықаралық жүйелер, 
ұлттар, мемлекеттер); мезодеңгейде (корпорациялар, саяси партиялар, діни 
қозғалыстар, ірі ассоциациялар), микродеңгейде (отбасы, қоғамдастықтар, 
жұмыспен қамтылған топтар, кликалар, достар топтары) қарастырылады. 
Бұндай жағдайда негізгі мәселе – осынау, әртүрлі деңгейлерде болып жатқан 
өзгерістер қалай салғастырыла алады деген мәселе болып шығады. Бір 
жағынан, 
әлеуметтанушылар 
өздеріне 
мынадай 
сұрақ 
қояды: 
микрооқиғалардың макроэффектілігі қандай (мысалы, сатып аларманның 
тәртібіндегі өзгерістер ақшаның құнсыздануына қалай ықпал етеді, 
күнделікті өзгерістер өркениятты немесе мәдениетті қалай өзгертеді), екінші 
жағынан, оларды макрооқиғалардың микроэффектілігі қызықтырады 
(мысалы, аларманның революция отбасылық өмірді қалай өзгертеді, 
экономикалық дағдарыс достық қатынастарға қалай ықпал етеді). 
«Әлеуметтік өзгерістер индивидтердің қызметінің нәтижесінде болады.
Демек, құрылымдық өзгерістер теориялары макроөзгергіштер индивидтердің 
сарындары мен таңдауына қалай ықпал ететінін және, өз кезегінде, осынау 
таңдау макроөзгерткіштерге қалай ықпал ететінін көрсетуге тиіс»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет