Садырова М. С


П. Штомпка бойынша осы заманғы кісі әлеуметтік өзгерістер жүйесінде



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

 
П. Штомпка бойынша осы заманғы кісі әлеуметтік өзгерістер жүйесінде
П. Штомпка «Әлеуметтік өзгерістер социологиясы» атты еңбегінде 
қазіргі заманды ұйымдастырушы төмендегі принциптерді қалыптастырады: 
1. Индивидуалдық адамның орталық рөлін беркіту ретінде;
2. Еғбек саласында басым көрінетін жіктелу; 
3. Есеп пен басқарудың де персоналдануы ретінде рационалдық; 
4. 
Экономизм 
әлеуметтік 
өмірдегі 
экономикалық 
белсенділіктің 
басымдылығы ретінде.
5. Экспансия/жаһандану кеңістікте басып алу аймақтарының кеңеюі ретінде. 
Қазіргі жағдайлар, дау жоқ, адам кісілігіне өз таңбасын басады. Біз 
«кенттелудің, индустрияландырудың, бұқаралық ақпарат құралдарының 
және күшейіп келе жатқан белсенділіктің адамға ықпалы, қажет десеңіз, 
«ықпалының құны» құны туралы айта аламыз. Сондай-ақ, осы заманғы 
қоғамның тиімді қызмет атқаруының алғышарттары болып табылатын кісіге 
арналған нұсқаулар, сапалар, құндылықтар, дағдылар қалыптасуда», яғни 
институциялық және ұйымдастырушылық деңгейлер мен кісілік деңгейдің 
өзара ықпалы жүріп жатыр. Кейбір авторлар «кісілік синдромды», «осы 
заманғы менталитетті» (ділді) немесе «осы заманғы адам моделін» бөліп 
алуға тырысты. Бұл саладағы классикалық зерттеу 70-жылдары дамудың 
әлеуметтік және мәдени қырларын бойынша Гарвард жобасының атынан 
жүргізілді. Дамып келе жатқан алты елді (Аргентина, Чили, Үндістан, 
Израиль, Нигерия және Пәкстан) салыстырмалы зерттеу осы заманғы кісінің 


талдаушылық моделін жасап шығуға мүмкіндік берді. Оған мынадай 
белгілер тән. 
1. Эсперименттерге, инновацияларға және өзгерістерге ділі ашықтық. 
Бұл әрқилы пошымда білдіріле алады: олар - «жаңа дәріні ішуге немесе
сауықтырудың жаңа әдісіне жүгінуге, жол жүрудің жаңа құралын немесе 
ақпарат құралын пайдалануға, некелесу салтанатының жаңа пошымын 
немесе жастарды оқытудың жаңа тұрпатын қабылдауға дайын тұру». 
2. Пікірлер плюрализміне және тіпті сол плюрализмді қуаттауға дайын 
тұру. «Осы заманғы адам әртүрлі көзқарастардың орын алатындығын 
мойындауға қабілетті. Ол басқалардың көзқарасы дүниені өзінің көруін 
өзгертеді деп қорықпайды. Ол сондай-ақ тіпті қоғамдық пікір жоғарыдан 
қалыптастырылуға тиіс деп санамайды».
3. Өткен шаққа емес, осы және келер шаққа бағдарлану, уақытты 
үнемдеу, тиянақтылық. 
4. «Осы заман адамының өзінің өмірін ол жасайтын кедергілерді өзінің 
еңсеретіндей етіп ұйымдастыра алатынына сенімділігі». Бұл табиғатты 
бағындыру мүмкіндіктеріне де, саяси, экономикалық және басқа әлеуметтік 
мәселелерді бақылау мүмкіндіктеріне де қатысты.
5. Қоғамдық өмірде де, жеке өмірде де көздеген мақсаттарына жету 
үшін болашақ қарекеттерді жоспарлау. 
6. Әлеуметтік өмірдің реттелетіндігіне және болжана алатындығына 
сенім (экономикалық заңдар, сауда ережелері, үкіметтік саясат), бұл 
қарекеттерді реттеуге мүмкіндік береді. 
7. Бөлудің әділеттілігі сезімі, яғни «ақы төлеу жағдайға тәуелді емес, 
қайта мүмкіндігінше шеберлік пен үлеске сәйкес екеніне сенім». 
8.Пошымдық білім алу, оқытудың жоғары құндылығы. 
9. Басқалардың, соның ішінде статусы төмен, немесе кемірек билікке ие
адамдардың абыройын сыйлау. 
«Біздің зерттеуіміздің негізгі гипотезаларының бірі, - деп жазады Инкелес, - 
осынау сапалар өзара байланысты екендігі. Егер адам бойында осы аталған 
белгілердің бірі болса, онда басқалары да сөзсіз табылады. Басқаша айтқанда, 
біз жекелеген осы заманғы сипаттамалар бұйырған адамдар туралы ғана 
емес, осы заман адамы деп атау орынды болатын адамдар туралы да айтуға 
болатындығына сенеміз».
Адамзат әлемінде болып жататын өзгерістерді зерттегенде, оларды 
соған тартылған адамдардың қалай түсінетінін, атап айтқанда, сол бұл 
процестерден туындайтын нәтижелер қалай қабылданатынын ескеру 
маңызды. Біздің тұрпаттауымызға субъективтік факторды енгізе отырып, біз 
сол арқылы қосымша үш өзгерістердің тұрпатын бөліп аламыз, олар 
субкатегориялар, не тіпті морфогенезис, немесе өзгерістің репродукциясы 
ретінде қарастырыла алады. 
1.Тануға, болжап айтуға және олардың мақсатын анықтауға болатын 
процестер. Роберт К. Мертонның сөзін басқаша айтып, оларды «жария» 
процестер деу дәлірек болар еді. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін 
реформалау жол апаттары санын азайтады; валюта айырбасын заңдастыру 


қара базарды жояды; бөлшек сауданы жекешелендіру тұтыну заттарымен 
қамтамасыз етуді кеңейтеді. 
2. Танып алу жағымды немесе жағымсыз деп қабылдау олардың 
қажетті немесе қажетсіз екенін анықтау мүмкін емес процестер. Тағы да 
Мертондық нұсқауынан айнымай, оларды «латентті» «жасырын» деп 
атайтын боламыз. Оларда өзгерістер мен оның нәтижелері кенеттен бой 
көрсетеді және жағдайға қарай құпталады немесе құпталмайды. Мысалы, 
адамдардың көпшілігі индустрияландырудың тіршілік өрісіне нұқсан
келтіретінін ұзақ уақыт бойы түсінген жоқ. Экологиялық сана дейтініміз – 
салыстырмалы түрде күні кеше пайда болған феномен. 
3. Адамдар процестерді тани алады, оның ағымын қабылдай және ол 
белгілі бір эффект береді деп үміттене, бірақ бәрібір өз үміттерінде толық 
қателесе алады. Процесс адамдардың есептеріне кереғар болып шығады және 
өзге, кейде тіпті қарама-қарсы нәтижелер береді. Біз мұндай жағдайда 
Мертон мен Кендалл қабылдаған терминге сүйене отырып, «бумеранг-
процесс» туралы сөз етеміз. Мысалы, насихат науқаны, ол қорғаныстық 
механизмдерді жұмылдыра және теріс ыңғайдағы реакцияны туындата 
отырып, өзі жоюға бағытталған қатынасты күшейтуі мүмкін; инфляцияны 
ауыздықтау үшін қолданылған фискалдық реформалар рецессия мен 
инфляцияның күшеюін одан туғызуы мүмкін; пайданы ұлғайту ұмтылысын 
туындаған бәсекенің шиеленісуінің салдарынан оның деңгейі төмендеп кетуі 
мүмкін. 
Өзгерістер тұрпаттары сан алуан және оларға жүйенің нақ қандай 
қырлары, фрагменттері мен өзгерістері қамтылғанына қарай ажыратыла 
алады. Жүйенің ахуалы өздігінен алғанда бір шамада болмайды ғой, ол 
көптеген құрамдас бөліктер ахуалының қорытылған, жиынтық нәтижесі 
болып табылады. Олардың ішінде мыналар бар: 
1) ақтық элементтер (адами индивидтердің, олардың қарекеттерінің және 
тағы басқаларының саны мен сан алуандығы; 
2) элементтердің өзара байланысы (әлеуметтік байланыстар, берілгендік пен 
адалдық қатынастары, ықпалдастық, айырбастар және т.б.); 
3) жүйе элементтерінің бүтін ретіндегі қызметі (әлеуметтік тәртіпті сақтау 
үшін белгілі бір қарекеттердің қажеттігі); 
4) шекаралар (қамту өлшемдері, қатарға тарту принциптері, индивидтерді 
топқа қабылдау немесе ұйымға қамтуды бақылау шарттары және т.б.); 
5) 
кіші 
жүйелер 
(мамандандырылған 
салалардың, 
секциялардың, 
бөлімшелердің және т.б. саны мен сан алуандығы); 
6) орта (табиғи жағдайлар, басқа қоғамдармен көршілік, геосаяси жағдай).
Тек кешенді ықпалдастық арқылы ғана жүйе әлдене ортақ сипаттамаларға 
ие болады: тепе-теңдік немесе шатқаяқтық, консенсус немесе келіспеу, 
жарасым немесе алауыздық, кооперация не месе жанжал, бейбітшілік немесе 
соғыс, гүлдену немесе дағдарыс. 
Әлеуметтік 
өзгерістердің 
оқулықтардан 
табуға 
болатын 
анықтамаларынан байқайтынымыз, авторлардың көпшілігі әлеуметтік өзара 
байланыстардағы, қоғамдық компоненттердің ұйымдастырудағы және 


олардың арасындағы байланыстардағы құрылымдық өзгерістерді, шешуші 
өзгерістер деп санайды: 
«Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамды ұйымдастыруда, ойлау 
жүйесі салтында және тәртіп үлгілерінде уақыт өте келе болып жататын 
өзгерістер». 
Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз «уақыт ағымында индивидтер, топтар, 
ұйымдар, мәдениеттер мен қоғамдар арасындағы қатынастарда байқалатын 
өзгерістер деген сөз». 
«Әлеуметтік өзгерістер тәртіптік үлгілердің, әлеуметтік өзара 
байланыстардың, институттар мен әлеуметтік құрылымдардың уақыт 
аясында алмасып отыруы» болып табылады. 
Әлеуметтік процестің классикалық анықтамасын Питирим Сорокин 
(1889-1968) берді: «Процесс деп қозғалыстың, модификацияның, өзгерістің, 
алмасып келудің немесе «эволюцияның» кез-келген түрі, қысқасы, зерттеліп 
жатқан аталмыш объектінің кеңістіктегі орнының өзгеруі болсын, не оның 
сандық тұрғыдағы немесе сапалық тұрғыдағы сипаттамаларындағы 
модификация болсын, бәрібір, белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген өзгерісі, 
түсініледі». Бұл тұжырымдама жүйенің өзіне қатысты (оның шеңберінде 
болып жататын және оны бүтін ретінде өзгертетін) өзгерістерді неғұрлым 
дәл анықтауға көмектеседі. Олар не бір-бірімен кездейсоқ байланысқан (бері 
салғанда біреу: екіншісінің жай ғана ілесе жүретін немесе оның алдында 
келетін фактор емес, ең болмағанда ішінара каузалдық шарты
болып 
табылады деген мағынада), не белгілі бір уақыт ішінде бірінен соң бірі 
келеді. Макродеңгейден және микродеңгейге қарай жүретін процестер 
индустрияландыруды, кенттендіруді, жаһандануды, дінді мемлекеттен 
бөлуді, 
демократияландыруды, 
соғысты 
ұлғайтуды, 
әлеуметтік 
қозғалыстардың жұмылдырылуын ерікті ассоциациялардың ғайып болуын, 
жойылуын, фирмалардың тарауын, достар топтарының бөлектеліп шығуын, 
отбасындағы дағдарысты қамтиды. Бұл арада тағы да микро және 
макропроцестердің байланысы туралы принципті маңызды теориялық сұрақ 
көлденеңдейді. 
Әлеуметтанушылар ерекше көңіл бөлетін әлеуметтік процестің басқа 
бір пошымы бұл – «әлеуметтік цикл». Ол кездейсоқ болмағанымен, онда 
белгілі бір нақты бағыт болмайды. Жүйе бір немесе басқа сатыда болатын 
кез-келген ахуал болашақтада пайда болуы мүмкін, және де аталмыш ахуал, 
өз кезегінде, бір кездерде де болып өткен ахуал. Бұл қайталау жүйенің өзінде 
негізі жатыр және өзінің табиғатын осындай өзіндік ерекше тербеліс 
ырғағында ашады. Қысқа уақыттық интервалда аралығында өзгерістер 
болады, бірақ, ұзақ уақыт барысында –болмайды, өйткені жүйе бастапқы 
ахуалына қайтып оралып отырады. Бізде әлі адамзат тарихын әлеуметтік 
циклдар терминдерінде түсіндіретін өзгерістер циклдық теорияларын 
(Шпенглерден Сорокинге дейін) таныстыруға мүмкіндік болады. 
Адамзат ақыл-ойының бүкіл тарихындағы (тек әлеуметтану тарихында 
ғана емес), бәлкім, ең даулы, бірақ сонымен бір мезгілде, ең ықпалды 
идеялар санатына «әлеуметтік прогресс» идеясы жатады. Аксиологиялық, 


құндылықтық өлшемдерді әлеуметтік дамудың объективті де бейтарап 
категориясына сыналып енгізіп, ол соны қатаң ғылыми, бейтарап есептен 
нормалар мен нұсқаулар саласына алып кетеді. «Прогресс» деп біз 
бағытталған процесті айтамыз, ол процесс жүйеніне неғұрлым артық жақсы 
ахуалға (немесе, басқаша айтқанда, бақыт, бостандық, гүлдену, әділдет, 
абырой, білім және т.б. сықылды этикалық тұрғыдағы белгілі бір 
құндылықтардың іске асуына) не толып жатқан әлеуметтік утопияларда 
суреттелген, қоғамның мінсіз ахуалына барған сайын сөзсіз жақындата 
түседі. 
Тиісінше өзгеріс үстіндегі объект бейнесі де өзгерді. Қоғам (топ, ұйым 
және т.б.) қатаң, «қатты» жүйе ретінде емес, көбіне, өзара қатынастардың 
«жұмсақ» алаңы ретінде қарастырыла бастады. Әлеуметтік нақты болмыс 
байланыстардың, үйірсектіктің, тәуелділіктің, айырбастың, жеке адалдық
қатынастарының жүйесі бар индивидаралық (кісі аралық) нақты болмыс 
ретінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ол өзіндік ерекше қоғамдық орта немесе 
адамдарды бір-бірімен жалғастыратын болып табылады. Ондай кісі аралық 
өріс үнемі қозғалыста болады, ол кеңейеді және тарылады (мысалы, 
индивидтер оған енгенде немесе тастап кеткенде), күшейеді және әлсірейді 
(өзара байланыстар сапасы өзгергенде, мысалы, танысудан достыққа 
айналғанда), қоюланады және тозаңданады (мысалы, онда жетекші пайда 
болғанда немесе жетекші өзінің позициясын басқаға бергенде), өрістің басқа 
сегменттерімен араласып кетеді немесе олардан алшақтайды (мысалы, 
коалициялармен федерациялар пайда болғанда немесе адамдар жай ғана бас 
қосқанда). Әлеуметтік қатынастардың «өзіндік ерекше, өмір үшін 
принципінде маңызды түйіндері», кешендері, тоқайласулары бар, оларды біз 
жіктеуді үйрендік және олар туралы айтқанда біз материалдандыру тіліне 
жүгінуге бейімбіз: біз оларды топтар, қоғамдастықтар, ұйымдар, ұлттық 
мемлекеттер деп атаймыз. Олардың нақты объект сапасында тіршілік етуі – 
иллюзия. Нақты нәрсе топтар деп аталатын тұрақты ұзақтық емес, топтасу 
мен қайта топтаудың тұрақты процестері; тұрақты ұйымдар емес, 
ұйымдастыру мен қайта ұйымдастыру процестері; құрылымдар емес, 
«құрылымдау» процестері; пошымдар емес, қалыптастыру; қатып қалған 
модельдер емес, өзгергіш «кескіндір». 
Бүгінде әлеуметтану әлеуметтік өзгерістерді туындататын «жалғыз 
ғана», «басым» факторларды абсолюттендіруді жоққа шығарып қана 
қоймайды, оларды жаңадан да анықтайды. Қазір өзгерістердің 
экономикалық, технологиялық, немесе мәдени себептерін басым себептер 
ретінде айту қате және оның ахуалды қарабайырландыру болып табылады, 
өйткені барлық осынау категориялардың ту сыртында нақты себептік 
күштер, атап айтқанда, тек қана - адамдық қызмет деген кәміл сенім кеңінен 
таралған. 
Оның элементтерін Е. Х. Каррдың шексіз прогресс туралы 
доктринасынан табуға болады. Оны қысқаша Кристофер Лэш былай 
сипаттайды: "Тарихтың аяқталуын көрсетпей-ақ, ол (Карр) адамдар, өздері 
күн ілгері көре алатын жақсаруларды, бұл орайда шектеулер туралы ойлап 


жатпастан және мақсаттарға жетуге жақындаған сайын оларды алға қойып, 
әлі де күтуге хақылы деп санайды". Осынау қағидаларды егжей-тегжейлі
талдап алудан бұрын мен сұрақты басқаша – прогресс өлшемінің мазмұны 
мен оның логикалық статусы туралы – қойғым келеді. Әлдекім прогресс 
өлшемдері абсолютті, тұрақты, жан-жақты, яғни басқаша айтқанда, 
өзгермейтін өлшемдер дей алады. Бұл өлшемдер бізді болып жатқан 
процестерді бағалауға болатындай сырттай тәуелсіз шкаламен қамтамасыз 
етуге тиіс деп топшыланады. 
Барлық әлеуметтік процестердің ұзақтығы бар, олар уақыт ішінде 
өтеді. Қысқаша айтқанда, әлеуметтік өмір уақыт барысында созылып 
жатады. Уақыт та кеңістік секілді, әлеуметтік өмірдің әмбебап тіні болып 
табылады. "Біз барлық әлеуметтік өзара ықпалдастықтың конституциясы 
мұра ретінде алатын кеңістік-уақыттық қатынастарға жармасуға тиістіміз... 
Ықпалдастықтың орын алып отырған модельдері кез келген уақыт аясында 
орналасқан". Уақыт «біздің өміріміздің әрбір қырында имплицияланған» 
адамди нақты болмыстың етене өлшемі болып табылады. Осынау 
онтологиялық фактылар эпистемологиялық салдарларды ілестіре келеді: олар 
“әлеуметтік ғылымдардың субъективті материясы ретінде уақыттың 
орталықтануына яки Гидденс тұжырымдаған, "уақытты әлеуметтік теорияға 
кіріктіру" себебі қызметін атқарады.
Сондай-ақ, уақыт әлеуметтік өзгерістермен де неғұрлым тығыз 
байланыстыекендігі айдан анық. Уақытты өткізудің өзі және уақыт идеясын 
өзі нақты болмыс табиғатының өзгеруінен өрбиді. 
Әлеуметтік өзгерістерде уақыт екі мағынада көрінеді. Ең алдымен, ол 
оқиғалар мен процестерді өлшеудің, олардың ығы-жығы ағынын адам 
бағдарын тауып әлеуметтік қарекетін үйлестіре алатын болатындай етіп 
реттеудің өзіндік бір сыртқы шеңбері қызметін атқарады. Бұл - "сан жағынан 
алынған уақыт", оны сағаттар мен күнтізбелер сияқты ыңғайлы аспаптар 
көрсетеді, олар бізге қилы әлеуметтік оқиғалардың салыстырмалы ағынын, 
жылдамдығын, аралықтарын, ұзақтығын ұқсастыру, индивидтер мен топтар 
жасайтын сансыз қарекеттерді рет-ретімен байланыстыруға немесе, бөлуге 
мүмкіндік береді. Егер профессор мен студенттер белгіленген бір 
аудиторияда шамамен бір сәтте жиналмаса, ал оның алдында лекция 
тыңдаған одан бұрынырақ шығып кетпесе, академиялық лекция мүмкін 
болар ма еді? Егер имам мен діндарлар шіркеуге бір мезгілде келмесе, діни 
рәсім болар ма еді? Егер машинист, жолсеріктер және жолаушылар бір 
мезгілде, бір платформада жиналмаса, пойыздың аттандырылуы мүмкін бе? 
Адамзат қоғамы неғұрлым күрделілене түскен сайын уақыттық тәртіп пен 
үйлестірудің маңыздылығы соғұрлым арта түседі. Қазіргі қоғамда бірде-бір 
ұйым уақытты ескермей жұмыс істей алмас еді. Үлкен фабриканы жұмыс 
ауысымдарынсыз, темір жолды не авиакомпанияны күн тәртібінсіз, 
мейрамханаларды жұмыс сағатынсыз елестетіп көріңіз. Уақыт өлшеуіш 
құралдардың ойлап табылуы мен барлық әлеуметтік өзгерістер - оқиғалар 
мен құбылыстар - осы сыртқы шеңберлерге орналастырыла алатын болса, 
яғни біз "уақыттағы оқиғалар" туралы айта аламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет