формаға ие болмасын, барлық уақытта тік әлеуметтік циркуляция құралы
болып табылады»,−деп жазды П.Сорокин. ХХ ғасырдың әртүрлі жылдарында
білім беру әлеуметтануы Д.Дьюи, К.Дженкса, Дж.Колмана, Дж.Флауди,
П.Бурдье, А.Смелзер, Э.Гидденс және т.б. еңбектерінде
ғылыми ізденістің
негізі болды. Білім беру әлеуметтануының мәселелерін қарасстырған батыс
әлеуметтанушылары білімнің қазіргі әлемдегі орны мен роліне ерекше назар
аударды, яғни жалпы теориялық мәселелер қойды және оларға жауап табуға
тырысты. ХХ ғасырдың соңында батыс әлеуметтанушылары білімнің нақты
мәселелеріне назар аудара бастады. Мысалы, Э.Гидденс, А.Смелзер және
басқа да әлеуметтанушылар кітаптарында білімнің нақты мәселелері
қойылады. Қандай да бір американ немесе ағылшын орта мектебіне
социологиялық зерттеу жүргізіледі
және тұжырым жасалынады, мектеп
оқушылары оқуы жайында ұсыныстар беріледі. Сондай жағдайды Э.Гидденс
те «Әлеуметтану» деген өз оқулығында да көрсетеді. Жалпы батыс
әлеуметтануы білім беру әлеуметтануының негізгі түсініктері мен
категорияларын қалыптастырды. Батыста білім
беру әлеуметтануының мәні
еліміздің дамуы мен өркендеуі критерийіне байланысты кәсіби білім беруге
қажеттілік өскен ХХ ғасырдың екінші жартысында өсе түсті. Т.Парсонс бұл
процесті «өндірістік», «ғылыми-техникалық», «экономикалық» және басқа
да төңкерістермен бірге қоғамда өз орны бар «білім беру төңкерісі» деп
атады.
Достарыңызбен бөлісу: