Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
 
 
 
 
 
ІІ Социологиядағы әлеуметтік стратификация мәселелері 
 
 2.1.
Әлеуметтік құрылымның түсінігі және элементтері 
Социология ғылымының тарихында бұл мәселе өте маңызды,
негізгі мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда
әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда екі бағытты 
ажыратуға болады. Социологтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды,
оның элементтерін, яғни құрастырушы заттарын, процестерін нақты 
өмірде объективтік түрде бар деп түсіндірсе, ал екінші бір бағыттары
таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана
сананың, адамның ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы
социологтар 
құрылымдық функционализм
деп аталатын топқа, ал екінші 
бағыттағылар символдық 
интеракционизм
деген көзқарасты қолдайтындар
тобына жатады. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм 
ретінде қарастырылады. Осы организмнің, дененің, құбылыстың өзі
динамиканың өзгерістері, оны құрастыратын элементтерден тұрады. Ал ол 
элементтер болса өзара қатынаста, байланыста, бірігуде болуы негізінде 
олар құрылымды жасайды. Әрбір құрылымдағы бөлшектер, элементттер 
белгілі бір істер атқарады. Олардың атқаратын істерін, қызметін
социологияда функция
деп атайды. Сонымен, құрылымдық функционализм 
деген концепцияның негізін қабылдай оырып, осы концепция арқылы
біздің қоғамдағы қазіргі кездегі өтіп жатқан әлеуметтік процестерді, 
оның ішінде әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік
аламыз. Қазіргі «Социология» атты оқулықтарда әлеуметтік құрылым
түсінігіне әртүрлі, кейде әр мазмұнды анықтамалар жиірек кездеседі. 
Әлеуметтік құрылым деген ұғымды, өте кең мазмұнда пайдалануға
болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегенде, кейде біз қоғамның 


барлық жақтарын қамтимыз. Мысалы, қоғамның экономикалық,
әлеуметтік, саяси, рухани т.б. жақтары, элементтері бар. Біз бұл
мағынада қоғамда біртұтас құбылыс ретінде қарасақ, осы айтылған
оның элементтерін, бөлшектерін құрылымды жасайтын, құрастырушылары 
деп түсінеміз. Социологияда қоғамды осындай түрде қарастыруды, яғни
өте кең, үлкен, ауқымды түрде түсінуді социеталдық түсіну деп
көрсетеді.
Қоғамның әлеуметтік жағы, дербес әлеуметтік құрылым. Осы
мағынада пайдалансақ әлеуметтік құрылым дербес қоғамдық құбылыс,
біртұтас, нақтылы, өзіндік бөлшектері, элементтері бар әлеуметтік
организм. Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік топтардың,
страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы,
олардың байланыстары, ара қатынастары. Сонымен, әлеуметтік құрылым, 
біріншіден, белгілі бір элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың
қосындысы, жиынтығы. Ол әлеуметтік топтар, олардың бірінен бірінің
өзгешеліктері, айырмашылықтары бар. Екіншіден, айтылған топтар
өзара қатынастарда, түрлі байланыстарда болады. Осы қатынастар, 
байланыстар 
әлеуметтік 
құрылым 
социологиясының 
негізгі
проблемалары, мәселелері.
Әлеуметтік құрылымның басты, негізігі элементтері әлеуметтік
топтар, страталар, таптар дедік. Ендігі мәселе осы топтарды анықтау,
оларға дұрыс анықтама беру. Әлеуметтік топтар деген жалпылама
ұғым, бұл ұғымға негізінде қоғамдағы адамдар топтарының бәрі де
кіреді. Бірақ та, әлеуметтік топ деп қоғамда кездесетін адамдардың
барлық тобын айта беруге де болмайды. Мысалы, кейбір адам
топтарының, оларды біріктіретін, құрастыратын әлеуметтік белгілері 
болмауы да мүмкін. Оларды топ деп айтуға болмайды. Әлеуметтік
топтың өзіндік әлеуметтік белгілері бар. Мысалы, әлеуметтік-кәсіби топ 
деген де ұғым бар. Ондай топтарды да біз әлеуметтік топқа да
жатқызамыз, қоғамның әлеуметтік құрылымына енгіземіз. Әлеуметтік 
топқа кіретін үлкен топ – ол тап. Тап деген ұғымның ғылымда
пайда болуы XVIII ғасыр. Осы кезеңде француз, одан кейін ағылшын
ойшылдары тап деген ұғымды саяси құрылымда түсіндіру ісіне
пайдаланған.
Сонымен бұл категория экономикалық, әлеуметтік топтарды
белгілеуге қолданылуда. Осы ұғымның, анықтамасы тарихтан өткен
әртүрлі ғалымдардың еңбектерінде берілген. Әлі күнге дейін
анықтамалар берілуде. Анықтамалар әр түрлі, әр мазмұнды. Көбінесе
тап 
деген ұғым екі мағынада беріледі. Біріншісі, кең мағынада. Бұл
мағынада тап дегеніміз өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатынасы 
бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше
әдістер арқылы алынатын табыстарының өзіндік мөлшері бар үлкен
әлеуметтік топтар. Осындай үлкен әлеуметтік топтар қоғамның
дамуының барлық кезеңдерінде орын алған, қазіргі қоғамда да орын
алады. Бірақта қазіргі Батыс социологиясында бұл мағынада қолдану 


кең кездеседі. Көбінесе тап деген ұғым тар мағынада жиі қолданылады.
Бұл мағынада тап дегеніміз, әлеуметтік топтар, страталар. Олардың ең
басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі, мәдениет, 
т.б. Бұл мағынаны алғанда таптың кейбір белгілері, мысалы, меншік,
қоғамдық еңбектегі орны аса маңызды емес. Әлеуметтік құрылымға
кіретін топтардың бірі әлеуметтік-демографиялық топтар. Әрине, бұл
топтар социологияның арнайы салаларында қаралады. Мысалы,
демографиялық социологияда, не болмаса әлеуметтік демографияда.
Бірақта осы топтар әлеуметтік құрылымдағы орны туралы біз қысқаша
айтып кетуді жөн көрдік. Әлеуметтік – демографиялық топ дегеніміз әрі
әлеуметтік, әрі демографиялық белгілері бар топ. Қоғамда олардың
аттары белгілі. Олар, зейнеткерлер, жастар, әйелдер, ер адамдар. Мысалы,
зейнеткерлердің өзіндік демографиялық белгілері бар. Олардың
көпшілігі жасы үлкен адамдар. Олардың әлеуметтік белгілері өзіндік өмірі,
тұрмысы, психологиясы, әлеуметтік жағдайы, дүниеге, өкіметке, 
мемлекетке көзқарасы бар. Әлеуметтік, материалдық тұрмысы да басқа
топтардан айрықшалау, соған байланысты әлеуметтік, саяси қимылдары
да ерекше. Социологиядағы әлеуметтік топтар түсінігі 
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде 
әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты 
назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми 
ойлаудың санаттық аппаратындағы орнының маңызы зор.
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін 
әлеуметтануда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. 
“Стратификация” терминінің өзі әлеуметтануға геологиядан келген. 
Ағылшын тілінде “
strata” 
немесе “
stratum
” сөзі алғашында геологиялық қабат 
деген, ал “
stratіfісatіon” 
сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. 
Әлеуметтанушылар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған 
кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір 
топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әртүрлі құрылым 
болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын 
болған. 
Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми 
әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік 
жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны 
мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. 
Сол сияқты әлеуметтік қауымдас-тықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, 
страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей 
баяндала бермейді. 
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік 
құрылымының маңызды элементтері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет