1.
Теңсіздікті өлшеу мәселесі
Теңсіздік теориялары ерте грек философтарынан бастап К Маркстің, Г.
Спенсердің, М. Вебердің таптар теориясынан бастау алады. К. Маркс
теңсіздіктің негізі тап күресінде, жеке меншік негізінде антогонистік
таптардың билікке, байлыққа байланысты иерархиясында деп түсіндіреді. Г.
Спенсер ішкі жіктелудің өсуі идеясын ұсынады. Адамзат мәңгілік үстемдік
ету мен бағыну қатынастарыжағдайында болады. Австралия социологы Л.
Гумпович әлеуметтік теңсіздік теориясының өалыптасуына едәуір үлес
қосты. Оның пайымдауынша өзараәрекет процесінде күшті элемент өзінен
әлсіз элементті өзіне жұмыс ету және сұраныстарын қамтамасыз ету
мақсатында өзіне бағындыруға тырысады. Сондықтан да Л. Гумпович тап
дегеніміз күшті, дарынды нәсілдің әлсіз нәсілге үстемдігінің табиғи пайда
болуы ретінде пайымдайды.Неміс ғалымы Г. Шмоллер таптар арасындағы
айырманың көп өлшемдігі теориясын ұсынады. Ондай өлшемдерге
мамандық, еңбек қызметі, иеліктер, білім, саяси құқықтар, психология, нәсіл
жатады. Г. Шмоллер үшін меншік пен табыстардың тең бөлінбеуі еңбек
бөлінісі мен мамандықтардың пайда болуының нәтижесі. Жалдамалы
жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы негізгі қарама қайшылық меншік
пен табыстың көлемінде емес, еңбек бөлінісінде,- деп санады ғалым. Таптық
иерархия қоғамдық прогрестің стимулы, бұл әр таптың жоғары баспалдаққа
көтерілуге деген талпынысына қозғау салады. Г. Шмоллер күштілердің, өмір
сүруге икемділердің және белсенділердің үстемдігін жақтады. М. Вебер
меншікті, билікті, мәртебені кез келген қоғамның иерархиясының негізіне
жататын үш жеке өзара әрекет етуші фактор ретінде қарастырды. Ол үшін
меншікке деген қатынас адамның өмірлік мүмкіндіктерін жіктеуші негізіг
фактор болып табылады. Нарықта адамдар әртүрлі орынға, әртүрлі таптық
жағдайға ие болады. Бұнда бәрі сатады және сатып алады. Біреулер товарлар,
қызмет көрсету түрлерін, екіншілері өзінің жұмыс күшін сатады.
Айырмашылық біреулер меншікке иелік етсе, екіншілеріде меншік жоқ. М.
Вебер бойынша меншік иелері «оң артықшылықтары бар тап», меншігі,
мамандығы жоқ тап «кері артықшылықтары бар тап» деп бөлінеді. Ол таптар
арасындағы ресурстарды бөлуге байланысты қақтығыстар кез келген
қоғамның табиғи сипаты болып табылады. Үстемдік ету заңы объективтік
технологиялық заң балып табылады.
Теңсіздік қоғамдағы ақшаның, биліктің, білімнің және мәртебенің
тұрғындардың топтары мен страталары арасында тең бөлінбеуінен және қол
жеткізе алмауынан көрінеді. Егер байлық жоғары таптың белгісі болса, табыс
қоғамның барлық қабаттарын сипаттайды. Жалақыны қоғамдық өндірісте
жұмыс атқаратын жалдамалы қызметкерлер жатады. Байлар, барлық меншік
иелері сияқты жалдамалы қызметкерлерге жатпайды. Шағын меншік иелері
өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етушілерге жатады. Жалдамалы
жұмысшыларға қайыршылар да жатпайды. Әлеуметтік теңсіздіктің мәні
тұрғындардың әртүрлі топтарының әлеуметтік маңызды құндылықтарға қол
жеткізудің бірдей еместігінде. Экономикалық теңсіздіктің мәні қоғамның аз
бөлігінің ұлттық байлықтың үлкен бөлігін иемденуінде. Табыстардың,
оларды әлеуметтік топтар арасында бөлу приамидасына сәйкес теңсіздікті
ромб не конус түрінде бейнелеуге болады. Нәтижесінде стратификацияның,
яғни теңсіздіктің профилін көреміз.
Теңсіздікті өлшеудің кең тарған және жеңіл түрі - қоғамдағы ең төмен
және ең жоғары табыс деңгеймен салыстыру. П. Сорокин осы тәсіл арқылы
әр түрлі елдердегі және әртүрлі тарихи дәуірлерді салыстырды. Кросс тарихи
және кросс мәдени талдау макро социологияда кең қолданылады.
Г. Ленский теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |