Садуова Нурханым Мухамедкаликызы 104-1 ати спо бөЖ №3


Қасиеттер, әдістер және оқиғалар



бет2/4
Дата15.10.2022
өлшемі100,2 Kb.
#43255
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Садуова Нурханым 104,1 АТИ СПО БӨЖ №3

Қасиеттер, әдістер және оқиғалар.
Формаға орналастыратын әрбір компоненттің Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінде өз бейнесі болады. Object Inspector екі парақтан тұратыны белгілі - “Properties” (Қасиеттері) және “Events” (Оқиғалар). C++ Builder-де бағдарлама құру компонентті орналастыру және екеуінің арасындағы өзара әрекеттесуін мынандай жолмен орнатудан тұрады:

  • осы компоненттердің қасиетін өзгерту;

  • оқиғаға адекватты реакцияларды жазу.

Қасиет- компоненттердің маңызды атрибуты болып табылады. Қолданушыға қасиет белгілі бір мәндерден тұратын қандай да құрылымның қарапайым өрісі болып көрінеді. Дегенмен, қасиет “жай” өріс болғанымен, кез- келген компоненттің белгілі бір қасиетінің мәніндегі болған қандай да бір өзгеріс бірден осы компоненттің визуалды бейнесіндегі өзгерістерге алып келеді, өйткені қасиет осы өрісті оқу мен жазуға байланысты әдістерге (әрекеттерге) ие болады. Қасиет екі негізгі мақсатта қызмет етеді. Біріншіден, олар форманың немесе компоненттің сыртқы түрін анықтайды. Екіншіден, қасиет форма немесе компонент тәртібін анықтайды.
Компоненттердің қасиетін өзгерту екі түрлі жолмен жасалады: объектілер инспекторының (Object Inspector) терезесінде немесе программалау жолымен. Мысалы, Label1 компонентінің Caption қасиетін Object Inspector терезесінде өзгерту.
Ал программалық жолмен өзгерту үшін программа мәтінінде келесі түрде жазылуы керек:
Label1-Caption= "Бағдарлама";
Объектінің немесе компоненттердің әдістерін шақыру келесі түрде жазылады:
Объектінің аты -әдістің аты;
Memo1-Clear();
Компоненттерге тән оқиғалар функциялар /void __fastcall/ түрінде анықталған, бұл функциялардың шаблондары программа мәтініне автоматты түрде бірден қойылады, бұл шаблондарды сол компоненттің белгісіне екі рет шерту немесе Object Inspector терезесіндегі Events жапсырмасындағы оқиғалар арқылы шақырып алуға болады. Мысалы, Button1 компонентінің OnClick оқиғасы:
void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)
{
Label1-Caption= "Бағдарлама";
}


Button1 компонентінің OnClick оқиғасын шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет