C++ Builder-дегі әдістер C++ Builder-дің визуалды бөліктерінің мүмкіндіктері шексіз бай болғанымен, тек кодты қолмен жазу техникасын жақсы түсінетін адам ғана жақсы бағдарламашы бола алады. Объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларына қысқаша тоқталайық. Алдымен объектті бағытталған бағдарламалаудың “класс” базалық түсінігін анықтап алайық. Класс – бұл қасиеттері мен тәртібі бірдей объектілер категориясы. Ал объект қандай да бір класстың экземпляры болып табылады. Мысалы, C++ Builder-де “форма” (терезе) типі класс, ал бұл типтің айнымалысы – объект болып табылады. Әдіс – бұл кластың бөлігі ретінде анықталған және сол жерде инкапсуляцияланған (орналасқан) процедура. Әдіс өрістер мен класс қасиеттерін (кез – келген айнымалымен жұмыс істей алса да) басқарады және кез- келген өріс пен өз класының әдістеріне автоматты түрде жету мүмкіндігіне ие. Басқа кластың әдістері мен өрістеріне жету осы өрістер мен әдістердің «қорғалу» деңгейіне байланысты. Қазір әдісті визуалды құралдармен және кодты қолмен жазу жолымен құруға болатыны маңызды.
Кластың немесе объектінің әдістерін осы класқа енетін, процедуралар мен функциялар құрайды. Олар кәдімгі процедуралар мен функциялар сияқты жазылады. Кластың әдістерінің немесе процедура мен функциялардың тақырыбы /мысалы, procedure Button1Click (Sender: TObject);/ программа модулінің interfase - секциясындағы класты сипаттау бөлімінде жазылады да, ал денесі әдістің қайсы класқа тиесілі екендігін көрсететін құрама атпен /мысалы, TForm1.Button1Click(Sender: TObject);/ implementation –секцияда жазылады.
С++ -те кез-келген класс үшін анықталған, кластың жаңа данасын құратын конструктор және құрылған дананы жоятын деструктор деп аталатын екі әдіс қарастырылған. TОbject класы және одан тарайтын тума кластардың басым бөлігі үшін бұл әдістер сәйкесінше Createжәне Destroyдеп аталады.
C++ Builder-дегі оқиғалар C++ Builder-дің визуалды компоненттер кітапханасының (VCL) объектілерінің нақты өмірдегі объектілердегідей өзінің қасиеттерінің жиыны мен тәртібі бар. Мысалы, онымен байланысқан оқиғаларға жауап алу жиыны. Осы объектілерге әсер ететін оқиғалар тізімін Объектілер инспекторы парағынан көруге болады. Шындығында, бұл парақта TMouseMoveEvent сияқты типіне ие қасиеттерінің тізімі келтірілген және процедуралар – оқиғаларды өңдегіш болып табылады. Осы қасиеттердің аты жөнінде келісім бар. Мысалы, OnDblClick – тышқанның екі рет шертуіне, ал OnKeyUp – басылып тұрған түймешені жіберу оқиғасына сәйкес. VCL-дағы әртүрлі компоненттер үшін оқиғалар жиынының арасында Windows-тан импортталған оқиғалар (MouseMove, KeyDown), программаның өзінде тікелей туындайтын оқиғалары (TDataSource үшін DataChange оқиғасы) бар.