Сағди Ширази “Гүлстан” туындысы



бет5/6
Дата11.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#27589
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гүлстан (копия)

Негізгі идеясы: Алтыншы хикаят бойыншаЛұқман әкімнен сұрапты: «Әдепті кімнен үйрендің?»Жауап беріпті: «Әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін-өзі ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім.»«Әдеп – тәж секілді. Оны киген кісі бар бәледен құтылады». – деген. Ойланып қарасақ, шындығында әдепті кісіге қандай адам жау болады? Ешкімге соқтықпай, құлшылығын жасап, тек жүрген кісімен ешкімнің де ілігі болмасы анық. Керісінше, әдепті кісілерді жұрттың бәрі сыйлайды, тіпті патшадай құрметтейді.

7-хикаят

Бір мәлік ұлын ғалымға берді де айтты: «Менің ұлым– сенің ұлың, жақсылап тәрбиеле, өз ұландарыңа қандай тәрбие берсең, бұған да сондай тәрбие бер».

Ғалым мәліктің ұлын тәрбиелеуге көп еңбек етті, бірақ ол ғылым мен әдепті сіңіре алмады. Ал ғалымның ұландары оқымысты, жан-жақты тәрбиелі болып шықты. Мәлік ғалымды кінәлады: «Мұның қалай, уағда қылып едің. Уағдаңда тұрмадың», – деді.

Ғалым былай деп жауап берді: «Ей, Мәлік, тәрбиенің берілуі бірдей болғанымен, қабылдауы түрлі-түрлі болса, қайтейін».

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет