Сағди Ширази “Гүлстан” туындысы



бет1/6
Дата11.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#27589
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гүлстан (копия)


Сағди Ширази

“Гүлстан” туындысы
  • Орындаған:Шыңғысбекққызы Айзат

Бірінші тарау - ел билеушілер туралы.

Екінші тарау - халық бұқарасы жайында.

Үшінші тарау - қанағат - ынсаптың пайдасы туралы.

Төртінші тарау - тілге сақ болудың пайдасы туралы.

Бесінші тарау - жігіттік шақтық көріністері хақында.

Алтыншы тарау - кәріліктің адамды кәріп етіп қоятын туралы

Жетінші тарау - тәлім - тәрбиенің әсері жайында.

Сегізінші тарау - әңгімедегі әдептілік мәселесі тралы.

Гүлстан 8 тараудан тұрады

Гүлстан гүл бақшасы гүлдер жинағы сияқты өлеңдер мен әңгімелер жинағы

Дастанның идеялық мазмұны. «Гүлстан » әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп.

 Негізгі идеясы:Қанағатшылдық-пенденің ең жақсы қасиеті. Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз. Осы хикаятта сабырсыз құлдың іс әрекеті арқылы адамдарды бардың қадірін білуге шақырады. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмейді.

1-хикаят

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты.Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз, оны тыныштандырайын», – депті. Патша рұқсат беріпті. Данышпан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?» – дегенде, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», – депті.

Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы,келбетті, ал бірі қысқа бойлы болыпты. Бір күні сұлтан қысқа бойлы баласына жақтырмай қарап калады. Бала парасатпен әкесінің көзқарасын байқап қалып: «Ай, ата, ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық», – депті.Бұл оқиғадан соң бірнеше күн өтті. Сол уақытта сұлтанның еліне дұшпан әскері келді. Бұлар дағы өз әскерімен қарсы шықты. Екі жақтың әскері бетпе-бет келді. Соғысқа бірінші болып сұлтанның қысқа бойлы баласы шықты. Жеңіске жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет