Сахар и заменители сахара


Таразылармен жұмыс істеу тәртібі



бет3/3
Дата16.11.2023
өлшемі248,87 Kb.
#124206
1   2   3
Байланысты:
лабаратория 3 апта дурс

Таразылармен жұмыс істеу тәртібі. Таразылардың барлық үлгілермен жұмыс істеу кезінде келесі ережелерді ұстауға міндетті:

  1. Таразылармен жұмыс істегенде өте абай болу керек, әсіресе аналитикалық таразылар. Бір орыннан екіншіге орынға қажетсіз ауыстыруға болмайды.

  2. Таразылар әрдайым таза болу керек. Егер табақшалары кірленсе тез арада сүртіп алу керек.

  3. Өлшеу кезінде тары қолдану керек. Таразы табақшаларына басқа бөгде заттар салуға болмайды.

  4. Иісі бар немесе улы заттарды технохимиялық таразыда өлшеуді міндетті түрде сорғыш шкафтар өткізу керек.

  5. Аналитикалық таразыларда ашық ыдыстағы йод, аммиак ерітінділерін, концентрленген азотты қышқылдарын, үш және бесхлорлы фосфорды өлшеуге болмайды.

  6. Әртүрлі аз салмақты заттар мен гирларды тек пинцентпен ұстау керек.

  7. Өлшеуден кейін табақшалардан заттарды алып тастау керек.

  8. Аналитикалық таразыларды уақыт өткен сайын жауапты маман тексеріп отыру керек.

  9. 2 жыл сайын таразылар тексеруден өтіп тұру керек.

Шайқауға арналған аппараттар:
1. эмульгирлеу,
2. суспензиялау,
3. ұйығыштығы аз сұйықтықтардың химиялық реакциясын жеделдетуге арналған шайқағыштар мен араластырғыштар.
Шайқау мен араластыру орындалу әдісі мен интенсивтілігімен ерекшеленеді.
Эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар – эмульсияға салыстырмалы тұрақтылық беретін заттар. Эмульсиялардың көпшілігі (өздігінен түзілетіндерінен басқасы) іс жүзінде эмульгаторлар қатысуымен алынады.
Эмульгаторлардың түрлеріне:
· бейорганикалық;
· электролиттік (калий тиоцианаты),
· коллоидтық беттік-активті заттар (олеаттар, пропил спирті, т.б.),
· жоғары молекулалы қосылыстар (протеиндер, каучук, шайыр, резина, крахмал, т.б.) жатады.
Табиғи эмульгаторларға жер асты суындағы минералдық тұздар мен ұсақ дисперсті қоспалардың болуынан мұнайға тигізетін әсері арта түсетін нафтенді қышқылдар, асфальтендер және балқығыштығы жоғары парафиндерді жатқызады.
Шайқау және араластырғыш аппараттармен жұмыс істеу тәртібі. Ол үшін араласуы баяу жүретін реакцияларды колбаларға дайындап, магнитті араластырғыштың үстіне қояды. Сұйықтықтың ішіне темір тәрізді шопикті салады, сөйтіп, араластырғышты іске қосқанда, айналыс пайда болып, сұйықтық араласады. Магнитті араластырғыш екі бағытта жұмыс жасайды. Біріншісі – қыздырусыз, екіншісі – қыздырумен, яғни, қыздыру арқылы араласуы баяу жүретін реакцияларда катализатр ретінде қолданады. Араластырғыштың жылдамдығын реттейтін реттегіштері болады.
Араластырғыштың түріне және конструкциясына қарай ерітінді көлемі 50 мен 1000 мл аралығында, ал айналу жылдамдығы 30-дан 1200 мин. дейін болады. [4].
Қорытынды
Өлшеуге және шайқауға арналған аппараттар зертханада маңызды рөл атқарады. Өлшеуге арналған аппараттар, яғни таразылар әртүрлі заттардың салмағын, мөлшерін және ертінді көлемінің дәлдігін анықтайға арналған. Таразылар тек зертханада ғана емес басқа салаларда, яғни сауда, медицина, өндіріс орындарында, асханада және т.б салаларда қолданылады. Және де таразылар бір – бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Ал шайқау аппараттары зертханада көп кездесе бермейді. Шайқау аппараттарына шайқағыштар, эмульгаторлар, суспензиялау және т.б жатады. Олар ерітінділерді шайқауға және ұйығыштығы аз сұйықтықтар араластыруға арналған.
Бұл аппараттар зерханалық техникалардың ішіндегі ең маңыздылардың бірі, яғни, олардың көмегінсіз көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Мұны әрбір зертхана жұмысшысы білуі шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. В.Н.Пипуныров. История весов и весовой промышлености в сравнительно-историческом освещении. 1955 г.

  2. С.Кырыкбайұлы. М.С.Садуов. Лабораторное дело / 2009 ж. – 98б

  3. Ережепов Ә.Е., Жөкебаев С.Ә., Төлегенова Б.Т., Бекішев Қ.С. Лабораториялық жұмыстардың негіздері / 2010 ж. – 35б

  4. Дытнерский Ю.И. Процессы и аппараты химической технологий. Москва . 1995 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет