АҚҚУҒА ӘН ҚОСҚАН
Қ А З А Қ С Т А Н Н Ы Ң 5 0 Ж Ы Л Д Ы Ғ Ы Н А
Ә м і р е н і қаршадан күнінен бастап, әнге, өнер-
ге қызықтырып үйреткен алдымен өз халқының,
сахараның «Алқоңырдай» бал қ о ң ы р әні еді.
Болашақ әнші айналасына к ө з сала, ес біле бас-
тасымен-ақ халық өнерінің дәмін, дән-шырынын
тұшына, құмарлана татты. Сөйтіп апта өткізіп,
ай өткізіп, жыл сайын әнді сүйе ж ү р і п өсті.
Сонымен бірге бұл арада Қазақстанға келген
түрлі өзгеріс, әлеуметтік жағдайдың, Абай,
Ыбырай, Ш о қ а н д а р арқылы тараған дұрыс үлгі-
л е р д і ң ықпалын аңдамасқа болмайды. «Ойлы
жас ж і г і т т е р үлгі алсын» деп, «тіл ұстартып
өнер шашпақты мақсат» еткен ұлы ақын Абай
к ө р к е м өнерді, о н ы ң халықтық қ о ғ а м д ы қ ө м і -
ріндегі орнын дұрыс түсіндірді. Ол ө з і н і ң нәти-
ж е с і н де көрсетті. Абайдың әнді сүю, өлеңді
құрметтеу, оны тәрбие құралы деп түсіну
үшін үйреткен ойлары сол к е з д і ң адамдары-
н ы ң к ө к е й і н е қ о н д ы . Ф е о д а л д ы қ көзқарас тә-
р і з д і к ө р к е м өнер е р і к к е н н і ң ермегі емес,
үлгі, өнеге беретін құрал деп таныла бастады.
Ә м і р е н і ң ақын-әнші, әрі күйші немере аға-
сы Серік деген болған. Серік Тергеубайұлы
( Ә м і р е н і ң әкесі Қашаубай мен Тергеубай бірге
туысады) өлеңді «өнер емес ж ы н қуғандық»
деп санағандарға Абай сөзімен жауап айтушы-
лардың бірі болған:
Абай сөзі мағұрып, машұрықта,
Ол сабаз сөзін ұрлап жасырып па,
Ө н е р емес, өлеңді ж ы н деп білген,
Ол үлкен такаббарлық асылық та.
Абай үлгісімен өлең, ән өнерін ө м і р д е г і өріс-
ті өнегелі құрал деп түсінген Серік ақын Ә м і -
рені әншілікке осы үлгіде баулыған. Өзі Абай-
д ы ң өлеңдерін, әндерін ел арасына таратушы-
лардың бірі болған. Баянауыл, Кереку, Қара-
өткел, Қарқаралы, Абыралы, Дегелең, Семей
ө ң і р і н д е г і қазақтар, әсіресе олардың өлең, ән-
ге бейімі, пейілі бар жастары енді Абай әнде-
р і н , өлеңдерін, сөздерін осылай түсіне тың-
дайтын болған.
М ұ н ы Абайтанудың революциядан бұрынғы
алғашқы адымдары деп түсінуге де болар еді.
Бұл ж е р д е Абайды зерттеуші ірі ғалым М. Әуе-
зовтың былай деп айтқаны ойға түседі:
Революциядан бұрын және р е в о л ю ц и я н ы ң
алғашқы жылдарында А б а й д ы ң халыққа тарауы
тек баспа ж ү з і н д е ғана болған ж о қ . . . О н ы ң
өлеңі әнші-ақындардың, ж а с - к ә р і н і ң жаттауы-
м е н ж ә н е о қ у ш ы жастардың жадына алып, ә н -
ге салып, өз елдеріне жаңалық, үгіт-тәлім есе-
б і н д е таратып ж ү р г е н к ө п әнші ақын өнерпаз-
д а р болған.
Осында біз байқайтын айырықша жай бар.
Әуелі Ә м і р е н і ң алғаш өнерге әуестенген, бет
бұра бастаған жас кезінде ел арасында шама-
сынша поэзияға, өлең, әнге Абай көрсеткен
көзқарастың тұрғысында байсалдылықпен қарау
болған. Сонда Ә м і р е н і ң немере ағасы Серік
Тергеубайұлы М. Әуезов айтқандай Абайдың
мұраларын «жадына алып, өз елдеріне жаңа-
л ы қ үлгі-тәлім есебінде таратып ж ү р г е н к ө п
әнші-ақын өнерпаздардың» бірі болған.
Қазақтың әдебиеті мен өнерінің қашаннан бе-
рі алтын бесігіндей болған Семей болашақ ұлы
әнші үшін «үлгі алар, тәлім к ө р е р ж е р » бол-
ды. Алдағы ж о л ы н аша түсті. Сол к е з д е г і ат-
айдаушы бала салтанатты байлардың жеңіл ар-
басында отырыл та ән салады. Күнге талас суы-
ған қ о с к е р торыны Ертіске әкеліп суарып ж ү -
р і п бала ж і г і т Ә м і р е өзі де әнмен сусындай-
тын болды.
Қуатты, құдіретті де дауыс, әннің сазы мен
мәнерін қапысыз жеткізетін өнер Ә м і р е секіл-
ді туа біткен таланттың бойынан сол к е з д і ң
өзінде-ақ «мен мұндалап» атой беріп тұрады.
Ө н е р і м е н ерте танылып, елге сүйікті болған
Ә м і р е Совет өкіметі орнаған соң бұрынғысын
нан да шабыттана шырқады. Себебі, ол, о н ы ң
әні заманы, өкімет», хапқы тарапынан толық
қолдау тапты. Ертістің а р ж а қ , бержағында,
бірде «Бұзау арал» деп аталатын орталық арал-
да, көпшілік д е м алған ж и ы н д а р мен ойын-
тойларда Ә м і р е Қашаубаев Қараөткелдегі Ға-
зиз ақынның әніне салса, тағы бір ж е р д е ө з і
иесінен ауызба-ауыз үйренген Жаяу М ұ с а н ы ң
«Хаулауын» ж ұ р т т ы ң қалауымен орындап бе-
ріп отырды.
...Өстіп ж ү р г е н д е бір күні Ә м і р е н і ң есімін
атап Москвадан соған арнайы жолдаған бір те-
леграмма келді.
«Қазақ әншісі Ә м і р е Қашаубаев Парижде бо-
латын дүниежүзілік к ө р м е д е қойылатын этно-
графиялық концертке қатынасуға келісім бере
ме екен. М е р з і м і июнь, июль айлары...».
...Аздан соң екінші телеграмма тағы келіл
қалды:
«Әнші Ә м і р е Қашаубаев туралы м е н і ң берген
телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұрай-
мын. Парижде болатын б і з д і ң концерт мәселесі-
н і ң мемлекеттік маңызы бар.
РСФСР халық ағарту комиссары—Луначар-
ский».
Осыдан соң, к ө п ұзамады. Ә м і р е Москва
театрында болған байқау концертте, кейіннен
П а р и ж д е г і дүниежүзілік к ө р м е д е қойылатын
этнографиялық концертте қазақтың әндерін қос
ішекті домбыраға қосып орындады. Сол ж о л -
да берілген он бір концертке қатарынан үзбей
қатынасқан ол өнер дегенде ер екпіні бар қ а -
зақ халқының дарын, талантын армансыз таны-
тып шықты. Аспандағы аққуға ән қосқан, «Сан-
далтып Орта Жүзді әнмен қырған» сал Бір-
жандар елінің ұлы Ә м і р е «Ағаш аяқ», «Үш
дос», «Екі ж и р е н » , «Дударай», «Қос барәбан»,
«Қызыл бидай» сияқты әндермен Ф р а н ц у з
театрының күмбезін күңірентіп, даусына жинал-
ғандарды таң қалдырды. Күміс к ө м е й әншіге,
о н ы ң елінің осынша тасқын өнер талантына
ж ү з д е г е н жылдардан бері қарай әдебиеті мен
мәдениетінің тарихы бар Ф р а н ц и я н ы ң тыңдау-
шылары, маман-зергтеушілері сонда алғаш ға-
жаптана ден қ о й д ы .
Ү з д і к ғалым, академик м а р қ ұ м Ахмет Жұба-
нов осы сапарды жырдай етіп, баяндай келіп:
« Ә м і р е н і ң аты тек Қазақстан емес, бұкіл
Одаққа, бүкіл Европаға әйгілі болды. Ә м і р е
арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекеттік
шекараны сонау ж и ы р м а н ш ы ж ы л д а р д ы ң орта-
сында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы
мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті.
Ә м і р е қалай мақтаса да, қалай мақтанса да б о -
ла беретін, сыя беретін асқан өнерпазы... Қа-
зақ халқының ән байлығын шетке көрсетуде
өнер қайраткерлерінің ішіндегі пионері Ә м і р е
болды»,—дейді.
Даусымен Европаны таң қалдырған Ә м і р е
осыдан бастап тасқынды әрі табысты твор-
честволық ән сапарын кешеді. 1927 жылы та-
ғы да Москваға барып, Советтер съезінде қ о -
йылған концертке қатынасады. Сол жылғы ж а з -
да Германияның Ф р а ч к ф у р т қаласында болған
ж е р ж ү з і л і к м у з ы к а л ы қ к е р м е д е болып, 9 к о н -
церт көрсетеді.
Жазушы Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары»
деп аталатын өмірбаян хикаясында былай деп
айтқанын к ө р е м і з . «Әміре ертемен шапса
к е ш к е озған, ылдидан шапса төске озған» де-
гендей, ертеден қара к е ш к е дейін ү з д і к с і з ән
шырқаса да айнымай әрбір әнді жаңа ғана бас-
тағандай мүлтіксіз орындайтын...
...Әміре шырқап ж і б е р г е н д е , құлақтың қ о -
ңырауы сынып кететіндей болатын. О н ы ң тұс-
тастарынан да, кейінгілерінен де дауысының
ж о ғ а р ы л ы ғ ы , тазалық өрнектілік жағынан оған
таласатын қазақ әншісін мен өзім к ө р г е м ж о қ » .
Қ ы р елінің музыкасын жете зерттеген маман
ғалым А. Затаевич «қазақтың 500 әні» деген
еңбегінде Ә м і р е Қашаубаевтың өнеріне м е й -
лінше бас ие шұлғып мадақтап жазады:
«...Қарқаралының атақты әншісі... Қашаубаев
— ә з і р г е қазақ әншілерінің ішінен шетелге
ш ы қ қ а н д а р ы н ы ң біріншісі... Қашаубаевтың к ө р -
к е м күшті н ы қ дауысы (тенор) бар, демі кең,
қорлы үлкен».
1928 ж ы л ы театрмен Алматыға келген, онан
1933 жылы м у з ы к а л ы қ студияға ауысып, ақы-
ры 1934 жылы қаза тапқан қапысыз өнер иесі
талай маман білгірлер тарапынан осылай баға
алған к ө р і н е д і . Қазақтың тұңғыш р е ж и с с е р і ,
халық артисі, үлкен өнер қайраткері Жұмат
Шанин ел ішінде Ә м і р е н і ң әншілік, орындау-
шылық ө н е р і н і ң тарап, қалыптасуына к ү ш сал-
ған.
Ә м і р е Қашаубаев — асқан өнер иесі, ұлы
әнші. Қазақ даласында әншілік д ә с т ү р д і ң ал-
ғаш туын көтерген Біржан сал, Ақан серілерден
кейінгі ән өнерін дамытуда, оны ж е р ж ү з і ха-
лықтарына танытуда з о р еңбек к ө р с е т к е н
е р е к ш е дарынды өкіл. О н ы ң есіміне, өнері мен
ө м і р і н е ойлы талапты жастарымыз, бүкіл өнер
сүйініш ж ұ р т ш ы л ы ғ ы н ы ң айырықша қ ұ р м е т ниет-
пен қарайды.
С. ҚАСЫМБЕКОВ,
аспирант.
Орталық Қазақстан.-1969.- 6 қыркүйек