Сахараның «Алқоңырдай» бал қ о ң ы р әні еді



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі138,7 Kb.
#6406

АҚҚУҒА ӘН ҚОСҚАН 

Қ А З А Қ С Т А Н Н Ы Ң  5 0  Ж Ы Л Д Ы Ғ Ы Н А 

Ә м і р е н і қаршадан күнінен бастап, әнге, өнер-

ге қызықтырып үйреткен алдымен өз халқының, 

сахараның «Алқоңырдай» бал  қ о ң ы р әні еді. 

Болашақ әнші айналасына  к ө з сала, ес біле бас-

тасымен-ақ халық өнерінің дәмін, дән-шырынын 

тұшына, құмарлана татты. Сөйтіп апта өткізіп, 

ай өткізіп, жыл сайын әнді сүйе  ж ү р і п өсті. 

Сонымен бірге бұл арада Қазақстанға келген 

түрлі өзгеріс, әлеуметтік жағдайдың, Абай, 

Ыбырай,  Ш о қ а н д а р арқылы тараған дұрыс үлгі-

л е р д і ң ықпалын аңдамасқа болмайды. «Ойлы 

жас  ж і г і т т е р үлгі алсын» деп, «тіл ұстартып 

өнер шашпақты мақсат» еткен ұлы ақын Абай 

к ө р к е м өнерді,  о н ы ң халықтық  қ о ғ а м д ы қ  ө м і -

ріндегі орнын дұрыс түсіндірді. Ол  ө з і н і ң нәти-

ж е с і н де көрсетті. Абайдың әнді сүю, өлеңді 

құрметтеу, оны тәрбие құралы деп түсіну 

үшін үйреткен ойлары сол  к е з д і ң адамдары-

н ы ң  к ө к е й і н е  қ о н д ы .  Ф е о д а л д ы қ көзқарас тә-

р і з д і  к ө р к е м өнер  е р і к к е н н і ң ермегі емес, 

үлгі, өнеге беретін құрал деп таныла бастады. 

Ә м і р е н і ң ақын-әнші, әрі күйші немере аға-

сы Серік деген болған. Серік Тергеубайұлы 

( Ә м і р е н і ң әкесі Қашаубай мен Тергеубай бірге 

туысады) өлеңді «өнер емес  ж ы н қуғандық» 

деп санағандарға Абай сөзімен жауап айтушы-

лардың бірі болған: 

Абай сөзі мағұрып, машұрықта, 

Ол сабаз сөзін ұрлап жасырып па, 

Ө н е р емес, өлеңді  ж ы н деп білген, 

Ол үлкен такаббарлық асылық та. 

Абай үлгісімен өлең, ән өнерін  ө м і р д е г і өріс-

ті өнегелі құрал деп түсінген Серік ақын  Ә м і -

рені әншілікке осы үлгіде баулыған. Өзі Абай-

д ы ң өлеңдерін, әндерін ел арасына таратушы-

лардың бірі болған. Баянауыл, Кереку, Қара-

өткел, Қарқаралы, Абыралы, Дегелең, Семей 

ө ң і р і н д е г і қазақтар, әсіресе олардың өлең, ән-

ге бейімі, пейілі бар жастары енді Абай әнде-

р і н , өлеңдерін, сөздерін осылай түсіне тың-

дайтын болған. 

М ұ н ы Абайтанудың революциядан бұрынғы 

алғашқы адымдары деп түсінуге де болар еді. 

Бұл  ж е р д е Абайды зерттеуші ірі ғалым М. Әуе-

зовтың былай деп айтқаны ойға түседі: 

Революциядан бұрын және  р е в о л ю ц и я н ы ң 

алғашқы жылдарында  А б а й д ы ң халыққа тарауы 

тек баспа  ж ү з і н д е ғана болған  ж о қ . . .  О н ы ң 

өлеңі әнші-ақындардың,  ж а с - к ә р і н і ң жаттауы-

м е н  ж ә н е  о қ у ш ы жастардың жадына алып,  ә н -

ге салып, өз елдеріне жаңалық, үгіт-тәлім есе-

б і н д е таратып  ж ү р г е н  к ө п әнші ақын өнерпаз-

д а р болған. 

Осында біз байқайтын айырықша жай бар. 

Әуелі  Ә м і р е н і ң алғаш өнерге әуестенген, бет 

бұра бастаған жас кезінде ел арасында шама-

сынша поэзияға, өлең, әнге Абай көрсеткен 

көзқарастың тұрғысында байсалдылықпен қарау 

болған. Сонда  Ә м і р е н і ң немере ағасы Серік 

Тергеубайұлы М. Әуезов айтқандай Абайдың 

мұраларын «жадына алып, өз елдеріне жаңа-

л ы қ үлгі-тәлім есебінде таратып  ж ү р г е н  к ө п 

әнші-ақын өнерпаздардың» бірі болған. 

Қазақтың әдебиеті мен өнерінің қашаннан бе-

рі алтын бесігіндей болған Семей болашақ ұлы 

әнші үшін «үлгі алар, тәлім  к ө р е р  ж е р » бол-

ды. Алдағы  ж о л ы н аша түсті. Сол  к е з д е г і ат-

айдаушы бала салтанатты байлардың жеңіл ар-

басында отырыл та ән салады. Күнге талас суы-

ған  қ о с  к е р торыны Ертіске әкеліп суарып  ж ү -

р і п бала  ж і г і т  Ә м і р е өзі де әнмен сусындай-

тын болды. 

Қуатты, құдіретті де дауыс, әннің сазы мен 

мәнерін қапысыз жеткізетін өнер  Ә м і р е секіл-

ді туа біткен таланттың бойынан сол  к е з д і ң 

өзінде-ақ «мен мұндалап» атой беріп тұрады. 

Ө н е р і м е н ерте танылып, елге сүйікті болған 

Ә м і р е Совет өкіметі орнаған соң бұрынғысын 

нан да шабыттана шырқады. Себебі, ол,  о н ы ң 

әні заманы, өкімет», хапқы тарапынан толық 

қолдау тапты. Ертістің  а р ж а қ , бержағында, 

бірде «Бұзау арал» деп аталатын орталық арал-

да, көпшілік  д е м алған  ж и ы н д а р мен ойын-

тойларда  Ә м і р е Қашаубаев Қараөткелдегі Ға-

зиз ақынның әніне салса, тағы бір  ж е р д е  ө з і 

иесінен ауызба-ауыз үйренген Жаяу  М ұ с а н ы ң 

«Хаулауын»  ж ұ р т т ы ң қалауымен орындап бе-

ріп отырды. 

...Өстіп  ж ү р г е н д е бір күні  Ә м і р е н і ң есімін 

атап Москвадан соған арнайы жолдаған бір те-

леграмма келді. 

«Қазақ әншісі  Ә м і р е Қашаубаев Парижде бо-

латын дүниежүзілік  к ө р м е д е қойылатын этно-

графиялық концертке қатынасуға келісім бере 

ме екен.  М е р з і м і июнь, июль айлары...». 

...Аздан соң екінші телеграмма тағы келіл 

қалды: 


«Әнші  Ә м і р е Қашаубаев туралы  м е н і ң берген 

телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұрай-

мын. Парижде болатын  б і з д і ң концерт мәселесі-

н і ң мемлекеттік маңызы бар. 

РСФСР халық ағарту комиссары—Луначар-

ский». 


Осыдан соң,  к ө п ұзамады.  Ә м і р е Москва 

театрында болған байқау концертте, кейіннен 

П а р и ж д е г і дүниежүзілік  к ө р м е д е қойылатын 

этнографиялық концертте қазақтың әндерін қос 

ішекті домбыраға қосып орындады. Сол  ж о л -

да берілген он бір концертке қатарынан үзбей 

қатынасқан ол өнер дегенде ер екпіні бар  қ а -

зақ халқының дарын, талантын армансыз таны-

тып шықты. Аспандағы аққуға ән қосқан, «Сан-

далтып Орта Жүзді әнмен қырған» сал Бір-

жандар елінің ұлы  Ә м і р е «Ағаш аяқ», «Үш 

дос», «Екі  ж и р е н » , «Дударай», «Қос барәбан», 

«Қызыл бидай» сияқты әндермен  Ф р а н ц у з 

театрының күмбезін күңірентіп, даусына жинал-

ғандарды таң қалдырды. Күміс  к ө м е й әншіге, 

о н ы ң елінің осынша тасқын өнер талантына 

ж ү з д е г е н жылдардан бері қарай әдебиеті мен 

мәдениетінің тарихы бар  Ф р а н ц и я н ы ң тыңдау-

шылары, маман-зергтеушілері сонда алғаш ға-

жаптана ден  қ о й д ы . 

Ү з д і к ғалым, академик  м а р қ ұ м Ахмет Жұба-

нов осы сапарды жырдай етіп, баяндай келіп: 

« Ә м і р е н і ң аты тек Қазақстан емес, бұкіл 

Одаққа, бүкіл Европаға әйгілі болды.  Ә м і р е 

арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекеттік 

шекараны сонау  ж и ы р м а н ш ы  ж ы л д а р д ы ң орта-

сында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы 

мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті. 

Ә м і р е қалай мақтаса да, қалай мақтанса да  б о -

ла беретін, сыя беретін асқан өнерпазы... Қа-

зақ халқының ән байлығын шетке көрсетуде 

өнер қайраткерлерінің ішіндегі пионері  Ә м і р е 

болды»,—дейді. 

Даусымен Европаны таң қалдырған  Ә м і р е 

осыдан бастап тасқынды әрі табысты твор-

честволық ән сапарын кешеді. 1927 жылы та-

ғы да Москваға барып, Советтер съезінде  қ о -

йылған концертке қатынасады. Сол жылғы  ж а з -

да Германияның  Ф р а ч к ф у р т қаласында болған 

ж е р ж ү з і л і к  м у з ы к а л ы қ  к е р м е д е болып, 9  к о н -

церт көрсетеді. 

Жазушы Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» 

деп аталатын өмірбаян хикаясында былай деп 

айтқанын  к ө р е м і з . «Әміре ертемен шапса 

к е ш к е озған, ылдидан шапса төске озған» де-

гендей, ертеден қара  к е ш к е дейін  ү з д і к с і з ән 

шырқаса да айнымай әрбір әнді жаңа ғана бас-

тағандай мүлтіксіз орындайтын... 

...Әміре шырқап  ж і б е р г е н д е , құлақтың  қ о -

ңырауы сынып кететіндей болатын.  О н ы ң тұс-

тастарынан да, кейінгілерінен де дауысының 

ж о ғ а р ы л ы ғ ы , тазалық өрнектілік жағынан оған 

таласатын қазақ әншісін мен өзім  к ө р г е м  ж о қ » . 

Қ ы р елінің музыкасын жете зерттеген маман 

ғалым А. Затаевич «қазақтың 500 әні» деген 

еңбегінде  Ә м і р е Қашаубаевтың өнеріне  м е й -

лінше бас ие шұлғып мадақтап жазады: 

«...Қарқаралының атақты әншісі... Қашаубаев 

— ә з і р г е қазақ әншілерінің ішінен шетелге 

ш ы қ қ а н д а р ы н ы ң біріншісі... Қашаубаевтың  к ө р -

к е м күшті  н ы қ дауысы (тенор) бар, демі кең, 

қорлы үлкен». 

1928  ж ы л ы театрмен Алматыға келген, онан 

1933 жылы  м у з ы к а л ы қ студияға ауысып, ақы-

ры 1934 жылы қаза тапқан қапысыз өнер иесі 

талай маман білгірлер тарапынан осылай баға 

алған  к ө р і н е д і . Қазақтың тұңғыш  р е ж и с с е р і , 

халық артисі, үлкен өнер қайраткері Жұмат 

Шанин ел ішінде  Ә м і р е н і ң әншілік, орындау-

шылық  ө н е р і н і ң тарап, қалыптасуына  к ү ш сал-

ған. 

Ә м і р е Қашаубаев — асқан өнер иесі, ұлы 



әнші. Қазақ даласында әншілік  д ә с т ү р д і ң ал-

ғаш туын көтерген Біржан сал, Ақан серілерден 

кейінгі ән өнерін дамытуда, оны  ж е р  ж ү з і ха-

лықтарына танытуда  з о р еңбек  к ө р с е т к е н 

е р е к ш е дарынды өкіл.  О н ы ң есіміне, өнері мен 

ө м і р і н е ойлы талапты жастарымыз, бүкіл өнер 

сүйініш  ж ұ р т ш ы л ы ғ ы н ы ң айырықша  қ ұ р м е т ниет-

пен қарайды. 



С. ҚАСЫМБЕКОВ, 

аспирант. 

Орталық Қазақстан.-1969.- 6 қыркүйек 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет