Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


а, р, з, л, с, т, о, н, қ, б, ұ, ж, ш, ы, м, ғ, д, п, ң, й, у, ө, ү, і, ә, е, к, г



Pdf көрінісі
бет21/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

а, р, з, л, с, т, о, н, қ, б, ұ, ж, ш, ы, м, ғ, д, п, ң, й, у, ө, ү, і, ә, е, к, г

Қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасы деп дыбыстар беріледі де, дауысты 
дыбыстардың және дауыссыз дыбыстардың таңбалары деп дыбыстар арнайы 
көрсетіледі. Барлық дыбыстарды берген соң, танымдық, тағылымы мол 
деректер беріледі. Олар «Туысқан-туған іліктес» деген тақырыпта ата, баба, 
ана, әже, шеше, аға, іні, апа, қарындас, жеңге, келін... т.б. туысқанға 
байланысты сөздер тізбегі беріледі. Киімдерге, ойын-ойыншықтарға, 
тамақтар-сусындарға, дене мүшелеріне, үй саймандарына, ыдыс-аяқ, 
құстарға, құрт-құмырсқаға, жер жүзінің аттарына байланысты танымдық 
деректермен толықтырылады. «Мен қалай оқуға бардым» атты әңгімесінде 
Әбіштің оқуға барғандығы, кітап оқитындығы, өзінің оқуға қызығып, 
ертесіне оқуға барғандығы танымдық тұрғыдан таныстырылады және 
«Балалық күй» атты өлеңмен аяқталады. А. Байтұрсынов «Оқу құралында» 
тек дыбыстармен ғана таныстырмайды, сонымен қатар, танымдық, 
тағылымдық, тәрбиелік мән-мағынасы бар шағын мәтіндерді, өлең 
жолдарын, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер береді. Әдіснама 
тұрғысынан «Оқу құралы» балаларға үйренуге жеңіл, оқып-жазуға оңай 
үйренеді және танымын кеңейтеді. 
«Оқу құралын» жазғаннан кейін, А.Байтұрсынұлы 
«Тіл-құрал» 
(қазақ 
тілінің сарфы) атты оқу құралын Орынборда, 1914 жылы жариялайды [66]. 


55 
«Тіл-құрал» оқу құралы «Сөз басы» деген тараушамен басталады. Онда А. 
Байтұрсынұлы былай дейді: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен 
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен 
сөйлесуге болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі 
адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің 
керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу 
қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. 
Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай 
өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек» 
[1,142]. 
«Тіл-құрал» үш жылға бөлінеді, бірінші жылда: сөйлем мен сөйлеуді 
айыру, сөз бен сөздің буынын айыру, буын мен буындағы дыбысты айыру, 
қазақ тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған хәріфтер; қазақ сөзіне 
жазылатын харіфтер турасындағы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің 
тұлғалары. 
«Тіл-құралда» сөйлеу һәм сөйлем, сөйлем һәм сөз, сөз һәм буындар, 
буын һәм дыбыс, қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардың харіфтері, жазу 
қағидалары туралы айтылады. Сөздер тұлғасына қарай беске: түбір сөз, 
туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар болып бөлінетіндігі және 
сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 
етістік, шылау сөздер: үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз болып 
бөлінетіндігі осы «Тіл-құралда» алғаш рет айтылады. 
«Мұғалімдер үшін баяндама» атты тараушада дыбыстар туралы 
айтылады. Қазақтың нағыз өз тіліндегі дыбыс 24. Бұлар үш түрлі 
болғандықтан 3-ке бөлінеді. Бес дыбыс ашық айтылатын болғандықтан, 
дауыстап айтуға көнетін болғандықтан, ашық дыбыс яки дауысты дыбыс деп 
аталады. 
Он жеті дыбыс тұйық айтылатын болғандықтан, яғни дауыстап айтуға 
көнбейтін болғандықтан, тұйық дыбыс яки дауыссыз дыбыс деп аталады. 
Екі дыбыс дауысты дыбыстардай нағыз ашық айтылмайтын 
болғандықтан һәм дауыссыз дыбыстардай тым тұйық айтылмайтын 
болғандықтан, орта дыбыс яки жарты дауысты дыбыс деп аталады. Соңында, 
дыбыстарға тоқталады және танымдық мысалдар береді. 
Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен 
оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ 
оқушыларының бірнеше буыны сауатын А. Байтұрсынұлының әліпбиімен 
ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді 
(Р.Сыздықова). 
А. Байтұрсынұлы 1925 жылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет