Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


ІІ. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ГРАММАТОЛОГИЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет24/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

ІІ. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ГРАММАТОЛОГИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 
 
2.1.
 
А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дыбыстардың таңбалану жүйесі: 
грамматологиялық бағыты 
 
Жазуды, жазу теориясын зерттейтін - грамматология ғылымыекенін 
айттық. Грамматология (гр. gramma –жазу, гр.logos –ұғым, ілім) –жазу 
туралы ғылым. Грамматология жазуды ғылыми көзқарас тұрғысынан 
зерттейді. 
Грамматология терминін ең алғаш рет И.Гельб 1952 жылы енгізді. 
И.Гельбтің «Опыт изучения письма» атты еңбегінде грамматология термині 
туралы сөз қозғалады. И.Е.Гельб: «Письмо — это система взаимной 
коммуникации людей при помощи условно применяемых зримых знаков» 
[18,23]. 
Грамматология 
терминін 
алғаш 
қолданған 
Дж.Гельб 
грамматологияның үш бөлімін көрсетті: субграфемика, графемика, 
параграфемика. Автор грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін 
айтты. И.Е.Гельб кітаптың алғысөзінде бұл кітап бойынша жиырма жылдан 
астам уақыт жұмыс істегені туралы жазады. 
И.Е.Гельбтің кітабының алғысөзінде И.М.Дьяконов былай дейді. «И.Е. 
Гельбтің еңбегінде ең алғаш рет жазу айрықша міндеттері мен заңдылықтары 
бар белгі жүйесінің ерекше түрі және әлем мәдениетінің ерекше саласы 
ретінде дербес ғылым тақырыбы пайда болды. И.Е.Гельб бұл ғылымды 
грамматология деп атауды ұсынды. Енді И.Гельбтің не істегенін ескермей, 
енді жазудың даму тарихының теориялық мәселелерімен, сонымен қатар 
оның ежелгі жүйелерінің шифрын ашу теориясымен терең айналысу мүмкін 
емес. Әсіресе, ол «сөз-буын» деп аталатын ежелгі жазбаша жүйелерді, 
сонымен қатар квази-әліппе деп атауды ұсынатын буындық жазудың 
әртүрлілігін тексеруге болатын ежелгі әліппелер туралы мәселені түсінуге 
ерекше үлес қосты. Ең алғаш рет алфавиттік жазу дауыстылар мен 
дауыссыздарды, яғни сөйлеудің фонетикалық элементтерінің, солар арқылы 
ғана морфология мен лексиканы беруге негізделген жүйе ретінде б.э.д. VIII
ғ. тек гректер арасында ғана (сонымен қатар, фригийлерді қосқанда) пайда 
болды». 
И.Е.Гельбтің өзі былай дейді: «Зерттеудің мақсаты - грамматология деп 
атауға болатын жаңа жазу ғылымының іргетасын құру. Жазудың жалпы 
тарихы жекелеген жазбалармен негізінен сипаттамалы-тарихи тұрғыдан 
айналысса да, жаңа ғылым салыстырмалы типологиялық негізде жазуды 
пайдалану мен эволюцияны реттейтін жалпы қағидаларды белгілеуге 
тырысады. Зерттеудің құндылығы көрсетілген қағидаларға сүйене отырып, 
жазу тарихының және эволюцияның жүйелі түрде алғаш рет ұсынылуы 
болып табылады». 
И.Е.Гельб егер «алфавитті» тілдің жекелеген дыбыстарын білдіретін 
жазу деп түсінетін болсақ, онда алғашқы алфавитті гректер ойлап тапты 


64 
деген пікір айтады. Жазу тарихы әлемдік грамматологияда гректерден бастау 
алады. Семиттер өз кезегінде гректерден дауыстыларған арналған белгілерді 
қолдануды үйренді және оның нәтижесінде өз әліпбиін дамытты. Әліпбидің 
үш түрі бар, олар дауыстыларды белгілеу әдісімен ерекшеленеді [18,191]. 

I тип - грек, латын және т.б. Дауысты жеке белгілермен белгіленеді: t-a, 
t-i, t-e, t-u, t-o. 

ІІ тип - арамей, иврит, араб және т.б.. Дауысты жеке диакритикалық 
белгілермен белгіленеді: •î' Î' !.. [> *' және т.б.* 

III тип - үнді, эфиопиялық. Дауысты белгілермен біріккен 
диакритикалық таңбалармен немесе белгілердің ішкі модификациясы 
көмегімен белгіленеді. 
Негізінен «грамматология» туралы ұғымдар Гуссерль, Гегель, 
Хайдеггер, Фрейд, Ницще ықпалымен туындады. Бірақ ең маңызды ықпал 
жасаған Гуссерль болып табылады, ол ең алдымен - уақыттың ішкі сезім 
мәселелерін зерттеуші ретінде көрініс табады. Грамматология туралы 
еңбектер бірен саран ғана. Олар: Жак Деррида «Of Grammatology» (1967), 
И.Гельб «Опыт изучения письма» (Gelb I.J. A study of writing: the foundations 
of grammatology, 1952). 
Грамматологияның маңызды ұғымдарының бірі – белгі, ол метафизика 
қаруы және деконструкция құралы. Белгіні батыстық метафизика шегінен 
шығатындай етіп қарастыру керек, ал бұл әскери айлакерлік («стратагем») 
шегінде қолданатын тәсілді қажет етеді. Бірақ жазу болмаған кезде жазуды 
қалай қарастыруға болады? Негізгі белгі – сөйлеу, ал жазу – белгінің белгісі 
немесе екінші белгі. Басқаша айтқанда, әр белгі белгілі бір мағынада жазу 
болып табылады, сонымен қатар кеңінен түсінілетін жазуға (прото-жазу, 
archi-écriture) пікір, тіл, тәжірибе ретінде негізделген. 
Деррида еңбегінде қарастырылатын айырмашылыққа байланысты өзара 
байланысты ұғымдар: із, прото-із, жазу, прото жазу, грамма, про-грамма 
(жазу алдындағы), графия, графика, әріп. Негізгі ұғым –жазу [90]. 
Әр белгі белгілі бір мағынада жазу болып табылатындығын ескерсек, А. 
Байтұрсынұлы еңбектерінде қарастырылатын белгілердің барлығы жазу. Ал, 
жазу дегеніміз грамматология ғылымы. А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Қазақ 
әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған», -дейді [1,400]. Таңба – мағынаның 
(ұғымның) ең негізгі, ең тұрақты, ең әмбебап көрінісі десек, дыбыс –адамның 
дыбыстау мүшелері арқылы дыбысталатын таңбаның тұрақты айтылуы. 
Жазу, демек таңбалар мен әріптер, ең алдымен, ойдың көрінісі. Дегенмен 
қалыптасқан пікір бойынша, тілдің үздіксіз даму барысында дыбыстық тіл 
пайда болады. Кейін дыбыстардан ұғымға негізделген күрделі атаулар 
жасалады. Сөзді хатқа түсіру қажет болғанда, таңбалар жасалады. 
А.Байтұрсынұлы таңбаларды жасай отырып, грамматологияның 
метатілін қалыптастырды. Дыбыс негізді әдіс - метатіл. Метатіл деп кең 
мағынада алып отырмыз. А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дыбыс әдіс жолы: бір 
әріпке - бір дыбыс. Дыбыс әдіс - мұнда араб харпі. 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет